Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 10 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3254. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 501 Бұйрығымен

       Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007.10.22.  N 501  Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  34-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары (департаменттері) аталған бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық, қалалық бөлімдеріне жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 16 қарашадағы  
N 923 бұйрығымен     
бекітілген        

  Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі
қызметін ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  34-бабының  2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) - білім беру ұйымын алқалы басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.

      3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар, студенттер (оқушылар) комитеттерімен, жергілікті өкілдікті және атқарушы органдармен, мүдделі ведомствалармен және басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

      5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

  2. Қамқоршылық кеңесінің құрамы,
құрылымы және жұмыс істеуі

      6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы, қызметкерлері және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.

      7. Қамқоршылық кеңесінің құрамына:
      1) Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы;
      2) басқа білім беру ұйымдары, басқару органдарының өкілдері;
      3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер;
      4) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
      5) ірі демеушілер кіруі мүмкін.

      8. Қамқоршылық кеңесінің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      9. Қамқоршылық кеңесінің мәжілісінде сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңесінің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің атынан арнайы өкілдіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

      10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын төрағаның ұсынысы бойынша Қамқоршылық кеңес сайлайды. Орынбасардың қызметін төраға анықтайды.

      11. Жауапты хатшыны төрағаның ұсынысы бойынша Қамқоршылық кеңес сайлайды және Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      12. Қамқоршылық кеңесінің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңесі төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңесінің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

      13. Қамқоршылық кеңес егер оның мүшелерінің кемінде 2/3 отырысқа қатысса шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыспен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көбінің дауысымен қабылданады.

      14. Қамқоршылық кеңесінің шешімі консультациялық және ұсыныстық сипатта болады.

      15. Қамқоршылық кеңесі қызметінің мақсаттары:
      1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      2) білім беру бағдарламаларын ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагог ұжымына қажетті жағдайлар жасау;
      3) білім беру ұйымына қаржылық көмек көрсету, материалдық-техникалық базасын жақсартуды қамтамасыз ету;
      4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына жәрдемдесу.

      16. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
      1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамытушы іс-шараларды өткізуде көмек көрсетеді;
      2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға жәрдемдеседі;
      3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан оқушыларға білім алуға, тұрғын жайларын жақсартуға және еңбекпен қамтуға жәрдемдеседі;
      4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізеді.

  3. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтатуы

      17. Қамқоршылық кеңестің қызметі:
      1) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;
      2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады