Қазақстан Республикасының белгіленген кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3255. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 шілдедегі N 263 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді-----------------

      Тауар айналымын жеделдетуге себепші болатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының кеден органы белгілеген тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3255 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 5 ақпанда N 6(215) болып жарияланған) 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 458 бұйрығы күші жойылды деп танылсын...
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап он күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі. 

      Қаржы вице-Министр -
     Төраға 
------------------------------

      ҚР Кеден  кодексінің 373-бабына сәйкес, тауарлар мен көлік құралдарын қазақстан-қытай шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік бақылауды және кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алудың толықтығын күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына "Қорғас" өткізу пункті арқылы автомобиль көлігімен әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және кедендік ресімдеу "Қорғас" кеденінде жүргізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (И.В.Тен) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. "Қорғас" кеденінің бастығы (С.А.Дынбаев) осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің бастықтары осы бұйрықты декларанттардың және өзге де мүдделі адамдардың назарына жеткізсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Вице-Министр - Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады