Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 622 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3259. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 599 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.23 N 599 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. ...
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) "Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 622 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда N 3259 болып тіркелген; "Официальная газета" газетінде 2005 жылғы 5 ақпандағы N 6 (215) жарияланған).
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болатын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                   Б. Жәмішев

      "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254  қаулысы  5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне (бұдан әрі - алкоголь өнімі) арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Р.Ю.Ким):
      1) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын жасап шығаруға өтінімдерді жинауды қамтамасыз етсін;
      2) алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбалары үшін ақша аудару үшін есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурста ұтып шыққан ұйымның есеп шоттарын пайдалану туралығын алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылардың назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігінің     
Салық комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 7 желтоқсандағы  
N 622 бұйрығымен бекітілген 

  Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь
өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу,
есепке алу, сақтау және беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже алкоголь өнімі өндірісі және/немесе импорты саласында, соның ішінде тәркіленген алкоголь өнімін өткізу бойынша қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі - алушылар) шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне (бұдан әрі - алкоголь өнімі) арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.

      2. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған есепке алу-бақылау таңбалары облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиісті салық комитеттерінде (бұдан әрі - салық комитеттері) беріледі.

      3. Есепке алу-бақылау таңбаларын жасап шығаруды, оларды салық комитеттеріне жеткізуді есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурста ұтып шыққан ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.

      4. Есепке алу-бақылау таңбаларын жасап шығару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

      5. Алушылармен сатып алынған есепке алу-бақылау таңбалары өзге ұйымдар мен тұлғаларға қайта сатылуға, берілуге немесе басқа да нысандарда иесіздендіруге жатпайды.

      6. Есепке алу-бақылау таңбаларын салық комитеттерінде сақтау: есепке алу-бақылау таңбаларын сақтауға арналған және оларды беруге арналған екі жұмыс аймағы бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.

  2. Есепке алу-бақылау таңбаларын алу тәртібі

      7. Салық комитеттері жаңа күнтізбелік жыл келгенге дейін 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей, тиісті қызмет түрлеріне лицензиясы бар алушылардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларын алуға өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) жинауды қамтамасыз етеді. Алушы өтінімді белгіленген мерзімнен кейін берген жағдайда, өтінім есепке алу-бақылау таңбаларын алу жоспарланып отырылған айдың 1 күніне дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, әрбір ай бойынша бөлініп беріледі.

      8. Алкоголь өнімін импорттаушы алушылардан өтінімдерді қабылдау, соның негізінде алкоголь өнімін әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда келісім-шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетілген кезде жүргізіледі.

      9. Тәркіленген акциздік өнімдерді сатушы алушылардан өтінімдерді қабылдау салық комитеттеріне мынадай құжаттар көрсетілген кезде жүргізіледі:
      алкоголь өнімін тәркілеу туралы сот шешімі;
      уәкілетті органмен тәркіленген алкоголь өнімін есепке алу, сақтау, бағалау және мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша сатуға жасалған шарт;
      тәркіленген алкоголь өнімін қабылдау-беру актісі;
      белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты.

      10. Осы Ереженің 8, 9-тармақтарында қарастырылған құжаттардың көшірмелері салық комитеттерінде қалады.

      11. Комитет жаңа күнтізбелік жыл келгенге дейін 45 (қырық бec) күнтізбелік күннен кешіктірмей, берілген өтінімге сәйкес есепке алу-бақылау таңбаларын алу және салық комитеттеріне беру мақсатында жеткізушіге есепке алу-бақылау таңбаларын жасап шығаруға тапсырыс орналастырады және есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға жиынтық өтінім береді.

      12. Есепке-алу таңбаларын жасап шығарғаны үшін есептесу есепке алу-бақылау таңбаларын сатудан түскен ақша есебінен жүргізіледі. Аталған ақша алушылармен есепке алу-бақылау таңбаларын алу жүзеге асырылатын айдың 1-ші күніне дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, әрбір ай бойынша жеке, олардың өтініміне сәйкес жеткізушінің есеп шотына аударылады.

  3. Жеткізушінің есепке алу-бақылау
таңбаларын беру тәртібі

      13. Есепке алу-бақылау таңбаларын алу үшін салық комитеттері тиісті салық комитеттерінің мөрімен расталған салық комитетінің бірінші басшысы мен бас бухгалтерінің қол қою үлгісін тоқсан сайын жеткізушіге жібереді. Көрсетілген тұлғалардың, белгіленген тәртіппен оларды ауыстырған тұлғалардың қол қою үлгісі қосымша жіберіледі.
      Салық комитеттерінің қызметкерлеріне есепке алу-бақылау таңбалары мынадай құжаттары бар болған кезде беріледі:
      есепке алу-бақылау таңбаларын алу үшін бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған және салық комитетінің мөрімен расталған алушының атына берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
      қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттар.

      14. Есепке алу-бақылау таңбаларын салық комитеттеріне беру кезінде жеткізушінің материалды-жауапты тұлғасы екі жақпен қол қойылатын екі данада жөнелтпе құжатын толтырады. Жөнелтпе құжаттың бір данасы салық комитетіне беріледі.
      Бұл ретте, көрсетілген жөнелтпе құжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      есепке алу-бақылау таңбаларының берілген күні;
      есепке алу-бақылау таңбаларын сериясы, нөмірі және саны.

  4. Есепке алу-бақылау таңбаларын
алушыларға беру тәртібі

      15. Салық комитеттерінде есепке алу-бақылау таңбаларын алушыларға беруді мынадай құжаттар:
      есепке алу-бақылау таңбаларын алуға өтініш (2-қосымша);
      заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
      салық төлеуші куәлігі;
      есепке алу-бақылау таңбаларын алу үшін бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған және алушының мөрімен расталған алушы қызметкерінің атына берілген сенімхаттар;
      қызметтің тиісті түріне лицензиялар;
      есепке алу-бақылау таңбалары үшін ақша төлегені туралы төлем тапсырмасының түпнұсқалары көрсетілген кезде салық комитетінің бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын материалды-жауапты тұлға есепке алу-бақылау таңбаларына тиісті штрих-кодты қойған соң жүргізіледі.

      16. Импортталатын алкоголь өніміне есепке алу-бақылау таңбаларын беру кезінде осы Ереженің 15-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа алушылар қосымша мынадай құжаттарды тапсырады:
      соның негізінде алкоголь өнімін әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда келісім-шартының нотариалды расталған көшірмесін;
      акцизді дұрыс төлегені туралы кеден органының белгісімен импортталатын акциздік өнім үшін ақша төлегені туралы төлем тапсырмасын.

      17. Тәркіленген алкоголь өнімін таңбалау үшін есепке алу-бақылау таңбаларын беру осы Ереженің 15-тармағында қарастырылған, сондай-ақ мынадай құжаттар:
      сот шешімі;
      уәкілетті органмен тәркіленген алкоголь өнімін сатуға жасалған шарт;
      тәркіленген алкоголь өнімін қабылдау-беру актісі;
      белгіленген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаты көрсетілген кезде берілген өтінімдердің негізінде жүргізіледі.

      18. Отандық өндірістегі алкоголь өніміне есепке алу-бақылау таңбаларын беру кезінде салық комитетінің материалды-жауапты тұлғасы екі жақпен қол қойылатын екі данада жөнелтпе құжатын толтырады. Жөнелтпе құжаттың бір данасы алушыға беріледі.
      Көрсетілген жөнелтпе құжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      есепке алу-бақылау таңбаларының берілген күні;
      алушының атауы;
      есепке алу-бақылау таңбаларының түрі, сериясы, нөмірі және саны.

      19. Импортталатын алкоголь өніміне есепке алу-бақылау таңбалары берілген кезде жөнелтпе құжат үш данада толтырылады: бірінші және екінші даналар (екінші данасы кеден органына көрсету үшін) алушыға беріледі, үшінші дана облыстық салық комитетінде қалады.
      Көрсетілген жөнелтпе құжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      есепке алу-бақылау таңбаларының берілген күні;
      алушының атауы;
      сыртқы сауда келісім-шартының нөмірі мен күні;
      есепке алу-бақылау таңбаларының түрі, сериясы, нөмірі және саны.

      20. Алушыларға есепке алу-бақылау таңбаларының беру өтінімде көрсетілген санына сәйкес жүргізіледі. Алушылар бұрын берілген есепке алу-бақылау таңбаларын беру өтінімдерінде есепке алу-бақылау таңбаларының саны бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу-таңбаларын беру жүзеге асырылатын айдың 1 күніне 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей береді. Көрсетілген мерзім өтіп кеткен соң, өтінімдерге өзгерістер мен толықтырулар қабылданбайды.

  5. Ақаулы және бүлінген есепке алу-бақылау
таңбаларын есепке алу

      21. Ақауы бар есепке алу-бақылау таңбалары жеткізушіге қайтарылуы мүмкін.

      22. Алушы ақауы бар есепке алу-бақылау таңбаларын қайтаруды қайтарудың себебін көрсетумен есепке алу-бақылау таңбаларын қайтару туралы өтініштің негізінде және есепке алу-бақылау таңбалары алынған жөнелтпе құжатын көрсеткен кезде салық комитеттеріне жүргізеді.

      23. Қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларының нөмірлері мен сериялары салық комитетінің бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған, қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларын қабылдап алу жөніндегі, құрамы үш адамнан кем емес комиссия қол қоятын үш данада жасалатын 3-қосымшаға сәйкес нысандағы есепке алу-бақылау таңбаларын өткізу-қабылдау актісінде көрсетіледі. Өткізу-қабылдау актісінің бір данасы жеткізушіге жіберіледі және көрсетілген есепке алу-бақылау таңбалары оған қайтарылады.

      24. Алушылар бүлдірген есепке алу-бақылау таңбалары оларда жойылғанға дейін сақталады.

      25. Алушы есепке алу-бақылау таңбаларын жоюды комиссияның қатысуымен жүзеге асырады.

      26. Есепке алу-бақылау таңбаларын жою жөніндегі комиссияның құрамы тиісті салық комитетінің бірінші басшысының бұйрығымен 5 адамнан кем емес санда бекітіледі.

      27. Есепке алу-бақылау таңбаларын жою жөніндегі комиссияның құрамына алушының өкілі кіреді.

      28. Есепке алу-бақылау таңбаларын нақты жою жөнінде есепке алу-бақылау таңбаларының түрі, сериясы, нөмірі және саны көрсетілетін төрт данада 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларын жою актісі (бұдан әрі - жою актісі) жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері қол қояды және тиісті салық комитетінің және алушының мөрлерімен бекітіледі.
      Жою актісінің бір данасы алушыға беріледі, екінші данасы тиісті салық комитетінде қалады, үшінші данасы жеткізушіге, ал төртіншісі - Комитетке жіберіледі.

  6. Есепке алу-бақылау таңбаларының қозғалысын
салық комитеттерінде есепке алу

      29. Есепке алу-бақылау таңбаларының қозғалысын есепке алуды тігілген нөмірленген және салық комитетінің бірінші басшысының қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларының қозғалысын есепке алудың арнайы журналында материалды-жауапты тұлға жүргізеді.

      30. Әр тоқсанның 1 күніне және материалды-жауапты тұлға ауысқанда салық комитетіндегі қолдағы бар есепке алу-бақылау таңбаларының нақты санын тексеруді (бұдан әрі - тізімдеме) бірінші басшының бұйрығымен тағайындалатын, құрамы үш адамнан кем болмауы тиіс түгендеу комиссиясы жүзеге асырады.

      31. Тізімдеме екі данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелерінің, сондай-ақ материалды-жауапты тұлғаның қолы қойылады.

      32. Материалды-жауапты тұлға ауысқан кезде түгендеу комиссиясының мүшелері қол қоятын есепке алу-бақылау таңбаларының қалдықтары туралы акті қосымша жасалады.

  7. Есепке алу-бақылау таңбаларының қозғалысын
алушылардың есепке алуы

      33. Есепке алу-бақылау таңбаларына қатаң есептілік бланкілері үшін белгіленген бухгалтерлік есептің ережесі таралады.

      34. Алушылар есепке алу-бақылау таңбалары санының дұрыс есепке алынуын, олардың пайдаланылуын және бүлінген есепке алу-бақылау таңбаларын олардың жоғалтылуына жол бермей белгіленген тәртіпте, оларды жоюға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

  8. Есептілік

      35. Алушылар ай сайын салық комитеттеріне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған есепке алу-бақылау таңбаларының пайдаланылуы туралы есептерді табыс етеді.

      36. Жеткізуші салық комитеттері бөлінісінде республика бойынша берілген есепке алу-бақылау таңбалары туралы ай сайын есеп жасайды.
      Есепке жеткізушінің бірінші басшысы, материалды-жауапты тұлғасы және бас бухгалтері қол қояды және есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей Комитетке жіберіледі.

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 1-қосымша

                    Есепке алу-бақылау таңбаларын
                        сатып алуға өтінім

                                                         мың.дана
___________________________________________________________________
қаң-|ақ-|нау-|сә-|мамыр|мау-|шілде|тамыз|қыр-|қазан|қа-|жел-| ____
тар |пан|рыз |уір|     |сым |     |     |кү- |     |ра-|тоқ-|жылға
    |   |    |   |     |    |     |     |йек |     |ша |сан | бар-
    |   |    |   |     |    |     |     |    |     |   |    | лығы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Басшы _______________________________
                     (аты-жөні)

      Материалды-жауапты тұлға _______________________
                                       (аты-жөні)

      М.О.

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 2-қосымша

                          __________________ бойынша СК Төрағасы
                            (өңірдің атауы)

                          ______________________________________
                                     (Төрағаның аты-жөні)

               Есепке алу-бақылау таңбаларын алуға
                          өтініш

   ______________________________________________________________
     (алушының атауы, мекен-жайы, СТН-і, банктік деректемелері)
саны "_______"________________________________ данада
                         (жазбаша)
есепке алу-бақылау таңбаларын беруіңізді сұрайды.
Есепке алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды
шығару үшін қажет:
___________________________________________________________________
  (сыйымдылығын, күштілігін, бірінші сатып алушының атауын, құю
  күнін көрсетумен өнімнің түрі мен атауы, сәйкестік сертификаты,
 импорттаушылар үшін келісім-шарттың нөмірі мен басқа да құжаттар)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
өнімінің пин-коды:                  өнімнің бірлігі үшін бағасы:
_____________________               _________________ теңге
_____________________               _________________ теңге

көрсетілген өнім аксиздік таңбалардың мынадай партиясына  таңбаланатын болады:
_______________________________________ саны _____________ данада.
(таңбалардың түрі, сериясы және нөмірі)         (жазбаша)
_______________________________________ саны _____________ данада.
(таңбалардың түрі, сериясы және нөмірі)         (жазбаша)
_______________________________________ саны _____________ данада.
(таңбалардың түрі, сериясы және нөмірі)         (жазбаша)

Таңбаларды сатып алуға ақша _______________________________________
                                        (сомасы жазбаша)

сомада 200__ жылғы "____"________ N _________ төлем тапсырмасымен 
_______________ есеп шотына енгізілді

      Жетекші _________________________________________
                       (аты-жөні, қолы)
      Бас бухгалтер ___________________________________
                       (аты-жөні, қолы)

      М.О.

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 3-қосымша

                     Есепке алу-бақылау таңбаларын
                        өткізу-қабылдау актісі

                     200__ж. " ____ " ___________

  _______________________________________________________________
    (алушының атауы, мекен-жайы, СТН-і, банктік деректемелері)
____________________________________________________________ атынан
                   (лауазымы, аты-жөні)
өткізеді, ал _______________________________ бойынша салық комитеті
____________________________________________________________ атынан
                       (лауазымы, аты-жөні)
саны ______________ данада есепке алу-бақылау таңбаларын қабылдайды
       (жазбаша)

соның ішінде:
___________________________________________________________________
      (есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы және нөмірі)

1. Жоғарыда көрсетілген есепке алу-бақылау таңбалары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
себебі бойынша қайтарылды.

            Өткіздім:                     Қабылдадым:
      ______________________        ______________________
         (қолы, аты-жөні)               (қолы, аты-жөні)

        М.О.                            М.О.

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 4-қосымша

                    Есепке алу-бақылау таңбаларын
                            жою актісі

      "Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне
арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және
беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 200_ жылғы ______________
N __ бұйрығына сәйкес біздер, мына құрамдағы комиссия:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
саны ______________________________________________________________
данадағы есепке алу-бақылау таңбаларын өрттеу жолымен есептен
шығаруды және жоюды жүргіздік.
соның ішінде:
___________________________________________________________________
       (есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы мен нөмірі)

      Төраға
      1) _________________________ ___________________
           (аты-жөні, лауазымы)          (қолы)

      Комиссияның мүшелері:
      2) _________________________ ___________________
           (аты-жөні, лауазымы)          (қолы)
      3) _________________________ ___________________
           (аты-жөні, лауазымы)          (қолы)
      4) _________________________ ___________________
           (аты-жөні, лауазымы)          (қолы)
      5) _________________________ ___________________
           (аты-жөні, лауазымы)          (қолы)

      М.О.

      М.О.

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 5-қосымша

                 Есепке алу-бақылау таңбаларының
                қозғалысын есепке алу журналы
___________________________________________________________________
Есепке|Алынған|Жө- | Есепке  | Есепке  |Алу- |Алушы|Есепке алу-
 алу- |есепке |нел-|алу-бақы-|алу-бақы-|шының|өкі- |бақылау таңба-
бақы- | алу-  |тпе |лау таң- |лау таң- |СТН-і|лінің|ларын алушының
 лау  |бақылау|құ- |баларының| баларын |     |аты- |өкілі құжатта-
таңба-|таңба- |жат-|берілген |алушының |     |жөні |рының деректері
ларын |ларының|тың |   күні  |  атауы  |     |     |
 алу  | саны  |нө- |         |         |     |     |
 күні |       |мірі|         |         |     |     |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                      Шарап материалдары мен сыраны
                                      қоспағанда, алкоголь өніміне
                                       арналған есепке алу-бақылау
                                       таңбаларын алу, есепке алу,
                                       сақтау және беру ережесіне
                                                 6-қосымша

         Алынған және пайдаланылған есепке алу-бақылау
                  маркаларын есепке алу
___________________________________________________________________
Кәсіпорын-|сы- | Есепті кезеңнің басына  |     Таңбалар алынды
ның атауы |йым-|        қалдық           |
          |ды- |_________________________|_________________________
          |лығы|арақ|тұн-|әлсіз |ша-|ко- |арақ|тұн-|әлсіз |ша-|ко-
          |    |    |ба- |алко- |рап|ньяк|    |ба- |алко- |рап|ньяк
          |    |    |лар |гольді|   |    |    |лар |гольді|   |
___________________________________________________________________
      1     2     3    4     5    6    7    8    9    10    11  12
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
 Таңбалар пайдаланылды|  Таңбалар бүлдірілді | Есепті кезеңнің
                      |                      |  соңына қалдық
______________________|______________________|_____________________
ар-|тұн-|әл- |ша-|ко- |ар-|тұн-|әл- |ша-|ко- |ар-|тұн-|әл- |ша-|ко- 
ақ |ба- |сіз |рап|ньяк|ақ |ба- |сіз |рап|ньяк|ақ |ба- |сіз |рап|нь-
   |лар |ал- |   |    |   |лар |ал- |   |    |   |лар |ал- |   |як
   |    |ко- |   |    |   |    |    |   |    |   |    |    |   |
   |    |гол-|   |    |   |    |    |   |    |   |    |    |   |
   |    |ьді |   |    |   |    |    |   |    |   |    |    |   |
___________________________________________________________________
 13  14   15   16  17   18  19   20   21  22   23   24  25   26  27
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Басшы _________________________________________
                       (аты-жөні, қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________
                       (аты-жөні, қолы)

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады