Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 315-п, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2004 жыл 17 қарашадағы N 239-п, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 37 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3262. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2007.07.13. N 225-ө, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының 2007.07.17. N 67, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Төрағасының 2007.06.28. N 117 бірлескен бұйрықтарымен.

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2007.07.13. N 225-ө, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Төрағасының 2007.07.17. N 67, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Төрағасының 2007.06.28. N 117 бірлескен бұйрықтарымен.

------------Бұйрықтан үзінді-------------

      ... БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 239-п, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 113-п, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 2004 жылғы 19 қарашадағы N 37 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау           Денсаулық сақтау
      министрі                         министрлігінің Мемлекеттік
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                       қадағалау комитетінің
                                       төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігінің Су ресурстары
      жөніндегі комитетінің
      төрағасы
____________________________ 

      Қазақстан Республикасының Су  кодексінің  49 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. 2002 жылғы 18 қаңтарда N 1726 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркеуден өткен, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 105-П  бұйрығы  күшін жойды деп табылсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Су ресурстары жөніндегі комитеті
      төрағасының міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитеті төрағасы

Су қорын пайдалану мен қорғау   
саласындағы мемлекеттік бақылауды 
ұйымдастыру мен жүргізу туралы  
нұсқаулықты бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасы Ауыл    
шаруашылығы министрлігі Су     
ресурстары жөніндегі комитеті   
төрағасының міндетін атқарушының  
2004 жылғы 17 қарашадағы N 139-п, 
Қазақстан Республикасы Қоршаған  
ортаны қорғау министрінің      
2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 315-п, 
Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық    
қадағалау комитеті төрағасының  
2004 жылғы 19 қарашадағы N 37  
бірлескен бұйрығымен бекітілген  

  Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

  1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Бұл Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Су  кодексінің  (әрі қарай - Кодекс) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзулар туралы"  кодексі  (әрі қарай - ҚР ӘҚБтК), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 6 ақпандағы N 144  қаулысымен  бекітілген "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру әрі жүргізу ережесі" (әрі қарай - Ереже) негізінде әзірленді.

      2. Нұсқаулық су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (әрі қарай - уәкілетті орган) лауазымды тұлғаларымен су қорын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды (әрі қарай - мемлекеттік бақылау) жүзеге асыру кезінде заңнаманы қолдануды нақтылайды.

      3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асырғанда уәкілетті органның басты мәселесі болып:
      1) өздерінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыратын барлық министрліктердің, агенттіктердің, ведомстволардың өзара әрекет етуін және олардың қызметтерін үйлестіруді;
      2) шаруашылық және өзге қызметтердің әсерінен сулардың жай-күйі мен өзгеруіне бақылауды, сондай-ақ су қорғау шараларының орындалуына тексерісті;
      3) су қорын пайдалану және оның есебін жүргізудің белгіленген тәртібін;
      4) суларды қорғау жөніндегі міндеттемелердің орындалуын;
      5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алу және оларды жоюды;
      6) Барлық заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақталуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Су ресурстарын пайдаланумен, мемлекеттік су кадастры мен су қорына мониторинг жүргізумен байланысты сұлбалар мен жобаларды әзірлеу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғалары:
      1) жобаланған объектілердің орналасатын орындарын және долбарланған шешімдерді келісімдеуге қатысады;
      2) су пайдаланушылармен ұсынылатын деректердің мемлекеттік су кадастрына, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау сұлбасына, су қорының нақты жай-күйіне сәйкестігін анықтайды;
      3) тексерулердің және су қорына мониторинг жүргізгенде пайдаланылатын өлшеу аспаптарын аттестациялаудың уақыт аралығы мен мерзімдерін сақтауын тексереді.

      5. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өкілдіктері берілген және сонымен қатар олар лауазымы бойынша су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар (әрі қарай - мемлекеттік инспектор) болып табылады.
      Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік инспекторлар белгіленген тәртіптегі сәйкесті қызметтік куәлікпен, кеуделік белгімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

  2-тарау. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру
және жүргізу

      6. Мемлекеттік бақылау жүргізуші мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, бірлесіп атқару және үйлестіру мақсатында Ереженің 5 тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық органдары алабтың сәйкесті су шаруашылық басқармаларымен бірлесіп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап уәкілетті органға су заңнамасының жеке және заңды тұлғалармен сақталуын тексеру жүргізудің жылдық жоспарын сәйкесті су шаруашылық басқармасына (жоспарлы тексерулер) келісімдеуге тапсырады. Қажет болған кездерде тексеру жүргізудің жоспарлары түзетіледі.
      Жылдық тексерудің келісілген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейін.

      7. Жоспардан тыс тексерулерді өткізуге:
      1) су қорғау заңнамасын бұзу жайлары;
      2) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы;
      3) алабтық кеңестердің ұсыныстары;
      4) жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, жүгінулері және мәлімдемелері негіз болады.
      Беймәлім жүгінулер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.

      8. Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленбеген тексерудің өзге түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

      9. Су қорғау шараларын сақтау және әзірлеу мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекет етуді ұйымдастыру мақсаттарында, уәкілетті орган:
      1) оларды алабтық кеңестердің жұмысына қатысуға тартады;
      2) алабтық кеңестердің отырыстарында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарайды.

      10. Су ресурстарын қорғау саласындағы жер қойнауына, сондай-ақ стратегиялық және экологиялық қауіпті объектілерге мемлекеттік бақылау Табиғат қорғауға бақылау комитетімен жүзеге асырылады.

      11. Заңды және жеке тұлғаларға тексеру белгілеу Ереженің 7 тармағына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу туралы нұсқаманың нысаны (тексеру белгілеу туралы акт) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру алдында, уәкілетті органмен Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру белгілеу туралы акт (осы Нұсқаулыққа 2 қосымша) жасалады.

      12. Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу туралы нұсқама және Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру белгілеу туралы акт Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде немесе оның аумақтық органдарында (әрі қарай - құқықтық статистика органы) тіркеледі.
      Тексеру жүргізу туралы нұсқама және Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Тексеру белгілеу туралы акт тексеру жүргізуші лауазымды тұлғамен заңды тұлғаның (филиалының немесе өкілдігінің) басшысына немесе өзге лауазымды тұлғасына, жеке кәсіпкерге немесе жеке тұлғаға қызметтік куәлікті көрсете отыра табыс етіледі.

      13. Тексеру, тек ғана су заңнамасының сақталуына тексеру туралы нұсқамада немесе тексеруді белгілеу актісінде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жүргізіледі.

      14. Су заңнамасының сақталуына, Тексеру жүргізу туралы бір нұсқаманың немесе Тексеруді белгілеу актінің негізінде тек ғана бір тексеру жүргізуге болады.

      15. Тексерудің ұзақтығы бір айдан аспауы керек. Арнайы зерттеулерді (сынақтарды), көлемі үлкен тексерулер қосылған сараптамаларды жүргізу қажеттігімен байланысты ерекше жағдайларда, уәкілетті органның басшысымен немесе оны ауыстырушы тұлғамен тексеруді жүргізудің мерзімдері ұзартылуы мүмкін, бірақ ол бір айдан аспауы керек.

      16. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы уақыт аралығына немесе белгіленбеген уақытқа тексерудің мерзімін тоқтата тұру актісін жасау негізінде, құқықтық статистика органын ескерту арқылы тоқтата тұрылуы мүмкін.
      Белгіленбеген уақытқа тоқтата тұрған тексеру уәкілетті органмен тексеруді қайта жандандыру туралы актіні жасау жолымен құқықтық статистика органдарын ескерту арқылы қайта жандандырылады. Тексеру жүргізудің мерзімінің барысы қайта жандандырылған күннен бастап жалғастырылады.

      17. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 17 маусымдағы N 572  қаулысымен  бекітілген Мемлекеттік органдармен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Заңды және жеке тұлғаларды тексеру уәкілетті органмен міндетті түрде су заңнамасының сақталуын тексеру актісін (әрі қарай - Тексеру актісі) жасаумен жүргізіледі, оның нысаны осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген.

      19. Тексеру актісі тексерілуші шаруашылық субъектісі өкілінің қатысуымен жасалуы тиіс.
      Тексеру актісінің кіріспесінде тексерілуші объектінің негізгі сипаттамалары, шаруашылық әрекетінің түрі, рұқсаттық, нормалау және басқа да құжаттарының болуы, бөлінген лимит көлемі, алынған және қашыртқылған сарқынды суларының көлемі, су қорғау шараларының болуы және олардың орындалу барысы, суды айналмалы және қайта пайдалану жүйесінің болуы және оның көлемі және басқа да қажетті деректер көрсетілуі қажет.
      Жоғарыда аталған деректер көрсетілгеннен кейін, Тексеру актісінде анықталған су заңнамасының және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқа нормативті актілерді бұзушылықтар, тармақтар бойынша көрсетіледі. Анықталған құқықбұзушылықтарды көрсету барысында сәйкесті заңнамалық және нормативтік құжаттардың баптарына, тармақтарына міндетті түрде сілтеме жасалынуы тиіс.

  3 тарау. Су заңнамасын бұзушылықты жою жөніндегі
шараларды қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке
тарту мен құжаттарды ресімдеу

      20. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік инспектор су заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.

      21. Тексеру барысында су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, мемлекеттік инспектор Тексеру актісінің негізінде мемлекеттік инспектор (оған берілген құқықтар шегінде) бұзушылықтың ауырлығына байланысты бұзушыға бір немесе бір уақытта бірнеше әсер ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:
      1)  Кодекстің 51-бабының  1-тармағының 3-тармақшасының негізінде Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғаудың ережелерін анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқаманы (әрі қарай - Нұсқама) (осы Нұсқаулыққа 4-қосымша) шығарады;
      2) ҚР ӘҚБтК-нің  635  және  636-баптарына  сәйкес Әкімшілік құқықбұзулар туралы хаттаманы (әрі қарай - Хаттама) (осы Нұсқаулыққа 5-қосымша) толтырады;
      3) Ереженің негізінде және ҚР ӘҚБтК-нің  561 650  және  651-баптарына  сәйкес Әкімшілік жаза тартқызу туралы қаулы (әрі қарай - Қаулы) (осы Нұсқаулыққа 6-қосымша) шығарады;
      4) Қазақстан Республикасы Су  кодексінің 51 138 - 140 -баптарына және Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалды  кодексіне  сәйкес кінәлі тұлғаларға су заңнамасын бұзумен келтірілген залалдың орынын ерікті түрде толтыруға сот арқылы талап қояды;
      5)  Кодекстің 51-бабы  негізінде су пайдаланушылар өз еркімен су алғанда, су объектілерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда су пайдаланушылардың шаруашылық қызметтерін тоқтата тұру, сонымен қатар белгіленген талаптарды бұзумен жүргізілетін сарқынды суларды су объектілеріне қашыртқылауды шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы, су объектілерінің жай-күйіне кері әсер ететін өндіріс объектілерінің цехтары мен кәсіпорындарының қызметін тоқтату туралы сот органдарына ұсыныс береді;
      6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің  281 бабының негізінде су заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды жібереді.

      22. Бір тұлғамен екі немесе одан көп әкімшілік құқықбұзу жасалса, әр әкімшілік құқықбұзуға жаза дара беріледі.

      23. Хаттаманың "Құқықбұзушының тұлғасы туралы деректер" атты қатарында құқық бұзушының лауазымы мен жұмыс орны, азаматтығы жоқ тұлғалар және шет елдік тұлғалар үшін туған жылы мен жері, мекен-жайы, жеке тұлғаны растайтын немесе оны алмастыратын құжат.
      Су заңнамасының бұзылғаны жайы қайда, қашан, қалай және қандай әрекетпен және/немесе әрекетсіздікпен айқындалғаны түсінікті түрде баяндалуы тиіс.

      24. Қаулы әрбір құқықбұзушыға жекелеген түрде (заңды, лауазымды және жеке тұлғаға) қабылданып, 3 данадан толтырылады, оның бір данасы жеке тұлғаға және заңды тұлғаның заңды өкіліне бірден тапсырылады. Көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде оларға қаулы көшірмесі жіберіледі.

      25. Су пайдаланушылармен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы су заңнамасын және басқа да нормативті құқықтық актілерді бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттерді шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына мәлімдеме белгіленген тәртіпте беріледі.

      26. Тексерулерді сапалы ұйымдастыру және бақылау үшін бланкілердің (осы Нұсқаулыққа 1-6 қосымшалар) қатаң есептеу жүйесі енгізілуі қажет. Қатаң есептегі бланкілер берілгенге дейін нөмірленіп, арнайы журналда тіркеледі.
      Уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары бланктерді уақытылы дайындау мен алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды сақтау мен нақты пайдалануына бақылау жасайды.
      Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын құқықбұзушыларға нұсқамаларды, хаттамаларды, актілерді есепке алу журналдары аумақтық органның басшысының бұйрығымен белгіленген жауапты тұлғада сақталады және жіптелуі, нөмірленуі және мөрмен бекітілуі керек.

      27. Кодекс пен Ережеге сәйкес қандай да бір лауазымды тұлғаның немесе органның мемлекеттік бақылау процесіне араласуына жол берілмейді. Мемлекеттік инспектордың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс және оның шешіміне бағыныштылығына байланысты немесе сотқа шағымдануға болады.

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау
                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 1-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ
         МЕН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА
                  ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ НҰСҚАМА

               N_____ 200__ жылдың "__" ___________

      Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспектор(лар)ға
___________________________________________________________________
   (тексеру жүргізуші лауазымды тұлғаның фамилия мен есімі, тегі)

      Тексеру жүргізуге нұсқама беремін ___________________________
___________________________________________________________________
            (шаруашылық субъектінің атауы, орны, СТРСТ)

      Тексерудің түрі: ____________________________________________
                        (жоспарлық, жоспардан тыс, жүгіну бойынша,
                               қарсы, рейдтік, бірлескен)
      Тексеру мәселесі: ___________________________________________
      Тексеру өткізу мерзімі: _____________________________________
      Тексеру белгілеуге негіз: ___________________________________
      Тексерілетін уақыт аралығы: _________________________________
         (заңды тұлғалардың, олардың филиалы немесе өкілдігінің,
          немесе жеке кәсіпкердің құжаттарын белгіленген уақыт
          аралығында қарау талап етілген жағдайда)

      Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі
      Бас мемлекеттік инспектор
      Алабтық су шаруашылық
      басқармасының бастығы
      (АСБ-ның аумақтық бөлімшесінің бастығы)     (ТЕӘЕ, қолы)

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау

                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 2-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

(бергі жағы)

___________________________________________________________________
     ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК           |________________________________
 СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ       |Т.Е.ӘЕ.., лауазымы, куәліктің N)
ТЕКСЕРУ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ АКТ      |
___________________________________________________________________
Коды _____ Тіркеу N _____________|_________________________________
                                 |(тексерілетін шағын кәсіпкерлік
                                 |субъектілерінің атауы, мекен-жайы)
___________________________________________________________________
тапсырады________________________|СТТН ____________________________
___________________________________________________________________
_________________________________|өткізу мерзімі "__"______ 200_ ж.
уәкілетті органның (оның аумақтық|
        органының атауы)         |
___________________________________________________________________
Т.ӘЕ.Е., лауазымы, куәліктің N___| "____" __________ 200 __ ж.
___________________________________________________________________
_________________________________|Келесілер анықталды______________
_________________________________|
___________________________________________________________________
өткізу                           |(құқықтық актінің тармақтарына,
_________________________________|баптарына, нормаларына сүйене
 (тексерудің, ревизияның түрі)   |отыра бұзушылықты суреттеу)
___________________________________________________________________
СТТН ____________________________|Тексерудің нәтижелері ___________
___________________________________________________________________
(тексерілетін субъектілердің     | Жазылды (құралған)
атауы, мекен-жайы)               |
___________________________________________________________________
мақсатында ______________________|(актілер, нұсқамалар, хаттамалар,
_________________________________|анықтамалар)
___________________________________________________________________
негізінде _______________________| _______________ СТТН. __________
___________________________________________________________________
өткізу мерзімі __________________|(Тексерушінің қолы, датасы)
___________________________________________________________________
Басшы __________ Т.Е.ӘЕ.. ______ |
      (лауазымы)          (қолы) |
МО "____" ____________ 200 __ ж  |
___________________________________________________________________

                                              (арғы жағы)
-------------------------------------------------------------------
        (үзу линиясы)                    (үзу линиясы)
___________________________________________________________________
Тексеруді белгілеу туралы актіге |Тексеруді белгілеу туралы
жыртылмалы талон                 |N актіге жыртылмалы талон
___________________________________________________________________
Коды _______ Тіркеу N ___________|Тексерілетін шағын кәсіпкерлік
Тексеру _______ өткізілді ___ ___|субъектілерінің басшысы (өкілі)
 (тексерудің, ревизияның түрі))  |______________________
___________________________________________________________________
(Мемлекеттік бақылаушы орган)    |(Т.Е.ӘЕ. телефоны)
___________________________________________________________________
_________________________________|Өткізілген тексеру жөніндегі
_________________________________|ескертулер мен ұсыныстар_________
___________________________________________________________________
                                 |Тексеруді өткізудің нақты мерзімі
                                 |"___" ________ 200 ж.
___________________________________________________________________
                                 |"___"_________ 200 __ ж.
                                 |__________________ Т.Е.ӘЕ._______
                                 | (Тексерушінің қолы, датасы)
___________________________________________________________________

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау
                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 3-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

___________________________________________________________________
               уәкілетті орган (оның аумақтық органы)
___________________________________________________________________
                   мекен-жайы, телефоны, факсы

                СУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ТЕКСЕРУ
                           N_______ АКТІСІ

____________________________      200 жылдың "____" _______________
  объектінің тұрған жері

___________________________________________________________________
      уәкілетті органның (оның аумақтық органының) атауы

Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор _____
___________________________________________________________________
                         аты-жөні, тегі
___________________________________________________________________
     шаруашылық субъектінің, объектінің немесе ғимараттың атауы
___________________________________________________________________
                          жоғарғы ұйымы
___________________________________________________________________
                   министерствосы, ведомствосы
___________________________________________________________________
                       мекен-жайы, телефоны
кәсіпорын басшысы _________________________________________________
                                 аты-жөні, тегі
мекен-жайы ________________ тел: _______________ факсы ____________
___________________________________________________________________
                      лауазымы, аты-жөні, тегі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________________________________ қатысуымен
және ___________________________________________________ қатысуымен
          кәсіпорын өкілінің лауазымы, аты-жөні, тегі

Қазақстан Республикасының Су  кодексін  негізге ала отырып су
заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

      Тексеру барысында мыналар анықталды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Жеке қолдары _____________ ________________________________________
                            Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі
                            мемлекеттік инспектордың тегі, аты-жөні
             _____________ ________________________________________
                                қатысушылардың тегі, аты-жөні
             _____________ ________________________________________
             _____________ ________________________________________

      Толтырылғаны ___________ дана, қосылым _______________парақта
N 1 дана __________________________________________________________
N 2 дана __________________________________________________________
N 3 дана __________________________________________________________

      Актімен танысып, бір данасын алдым
      Шаруашылық субъектісінің басшысы ___________  ________________
                                        жеке қолы    аты-жөні, тегі

      200 жылдың "_____" ____________________

                                                          тіркеу N

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау
                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 4-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

                     ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУ ТУРАЛЫ
                              N____ХАТТАМА

________________________           "___" ________________ 200__ ж.
   (толтырылу орны)

1. Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектормен
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (лауазымы, тегі мен инциалдары)
___________________________________________________________________
2. ____________________________________________ куәлардың қатысуымен
(куәләрдің тектері, есімдері, әкелерінің
есімдері және мекен жайлары)

3. Азамат _________________________________________________________
                               Т.Е.ӘЕ.
___________________________________ Қазақстан Республикасының ӘҚБт
Кодексін  бұзуы анықталды.

Бұзушының тұлғасы туралы мәліметтер
Лауазымы, жұмыс орны_______________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________

Тұлғаны куәландыратын немесе оны ауыстыратын құжат ________________

Құқық бұзудың орны, уақыты және мәні (қысқа жазба) ________________
___________________________________________________________________
"Әкімшілік құқықбұзу туралы"  Кодексті  бұзу туралы және Су
кодексінің  қандай бөлігі (тармағы) бұзылды:________________________
Құқық бұзушының түсініктемесі______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Хаттамаға ескертулер мен қосымшаларым жоқ (бар)
Құқықтарыммен және міндеттеріммен таныстым.

Бұзушының қол таңбасы: __________________________
Куәлердің қол таңбасы: __________________________
                       __________________________
(ӘҚБт Кодексінің  594 бабына  сәйкес құқықтармен және міндеттермен
таныстық)
"___" _____________ 200_ ж.

      Жоғарыда келтірілгендердің негізінде осы хаттама қосымша
материалдарымен бірге әкімшілік жаза қолдану үшін ӘҚБт Кодексінің
630-бабына  сәйкес, құқық бұзу орын алған жерге - ____________
облысының соттаушыға, ауданның (қаланың) әкімшілік құқықбұзу
жөніндегі істерді қарауға уәкілетті (лауазымды тұлғаға) органға
(әкімш. комиссияға) жіберіледі.

Мекен-жайы, телефоны:______________________________________________

Хаттаманы жасаған адамның қол таңбасы _____________________
Бұзушының қол таңбасы: ___________________________
Куәлердің қол таңбасы: ___________________________
                       ___________________________

Хаттаманың көшірмесін алдым

"____" _____________ 200__ж.             __________________
                                             Қол таңбасы

                                          тіркеу N _______

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау
                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 5-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

___________________________________________________________________
                 уәкілетті орган (оның аумақтық органы)
___________________________________________________________________
                      мекен-жайы, телефоны, факсы

"__" ____________                 _________________________________
                                    шаруашылық субъектісінің атауы
                                  _________________________________

                                  БАСШЫСЫНА

          СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ МЕН ОЛАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ
       ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ
                                НҰСҚАМА

      200 жылдың "___"__________ N ______ Су заңнамасының сақталуын
тексеру актісі негізінде келесі іс-шараларды орындауға НҰСҚАМА
БЕРЕМІН:
___________________________________________________________________
  тәртіп N |  Нұсқама мазмұны  |  Негіздемесі  | Орындалу мерзімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Бұл нұсқама міндетті түрде орындалуға жатады. Нұсқаманың
орындалу мерзімі біткен күннен бастап 7 күн ішінде кәсіпорын
басшысы уәкілетті органның (оның аумақтық органының) мекен-жайына
нұсқаманың орындалуының нәтижесі туралы жазбаша түрде ақпарат беруі
тиіс.
      Іс-шараның орындалуы туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген
мекен-жайға жіберілуі қажет. Көрсетілген мерзім ішінде нұсқама
орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының "Әкімшілік
құқықбұзулар туралы" Кодексінің  356 бабына  сәйкес шара қолданылады.

      Су қорын пайдалану мен қорғау
      жөніндегі мемлекеттік инспектор _________ ___________________
                                         қолы      аты-жөні, тегі

      М.О.

      Нұсқаманы алдым _____________________________________________
                                 лауазымы, аты-жөні, тегі
      ______________ 200 жылдың "_____" _________________________
          қолы
___________________________________________________________________

                                                         Тіркеу N

                                    Су қорын пайдалану мен қорғау
                                  саласындағы мемлекеттік бақылауды
                                   ұйымдастыру мен жүргізу туралы
                                       нұсқаулыққа 6-қосымша

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
                  СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

___________________________________________________________________
                 уәкілетті орган (оның аумақтық органы)
___________________________________________________________________
                      мекен-жайы, телефоны, факсы

                  ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ТАРТҚЫЗУ ТУРАЛЫ
                        N _________ ҚАУЛЫ

      200 жылдың "_______" ___________________
___________________________________________________________________
        уәкілетті органның (оның аумақтық органының) атауы

1. Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор___
___________________________________________________________________
 қаулы шығарған, уәкілетті органның (оның аумақтық органы) атауы,
 лауазымды тұлғаның аты-жөні, тегі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
              ісі қаралудағы тұлғаның аты-жөні, тегі
су заңнамасын бұзғаны туралы келесі материалдарды:
___________________________________________________________________
қарай отырып, 200 жылдың "____" _______________ N ______ хаттамаға
және берілген басқа да материалдарды негізге алып:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан
Республикасының "Әкімшілік құқықбұзулар туралы" Кодексінің  561  және
650-баптарына  сәйкес,
      келесі түрдегі әкімшілік жаза тартқызу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      ____________________________________________ айыпқа тартылсын
      айыппұл ___________________________________________ төленсін
           айыппұл төлейтін органның банктік деректері
___________________________________________________________________
      Бұл қаулы жоғары органда (жоғары лауазымды тұлғада) немесе
тұрғын орынында қаулы шыққан күннен бастап он күн ішінде сотта
шағымдалынуы мүмкін.
       Ескертпе:  көрсетілген айыппұл Қаулы күшіне енгеннен бастап
немесе Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзулар туралы"
Кодексінің  701-бабымен  көзделген кейінге қалдыру мерзімі біткен
күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде төленуі тиіс. Айыппұл
белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, айыппұл Қазақстан
Республикасының "Әкімшілік құқықбұзулар туралы" Кодексінің
701-бабымен  Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзулар
туралы" Кодексінің  708-бабына  сәйкес еріксіз түрде алынады.
      Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
      _________________       _____________________________________
            қолы                        аты-жөні, тегі

      М.О.

      Қаулы құқық бұзушыға тапсырылды (жіберілді)

      Квитанция N________  ____________________  __________________
                           құқық бұзушының қолы   аты-жөні, тегі

___________________________________________________________________

                                                           тіркеу N

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады