Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иеленуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 323 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3311. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 207  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1906 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шілде аралығында N 15 (237) жарияланған); Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 416  қаулысымен  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2638 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған қаулымен бекітілген Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру ережесінде:
      4-тармақтағы "өтініш білдіруге құқылы" сөздері "өтініш жасайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Өтініш еркін нысанда жасалады және оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке тұлға - осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің деректері, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) заңды тұлға:
      осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің деректері;
      жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      сақтандыру ұйымын бақылау құқығын иелену туралы өтініш берушінің жоғарғы органы шешімінің көшірмесі;
      сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу мерзімі мен талаптары туралы, сатып алу үшін пайдаланылатын ақша сомасы және оның көздерінің сипаты туралы, растаушы құжаттар қоса берілген мәліметтер;
      сатып алғаннан кейін өтініш берушінің болжалды есеп айырысу балансын қосқандағы сақтандыру ұйымының бақылау құқығын иелену зардаптарына, бар болған жағдайдағы өтініш берушінің жоспарлары мен ұсыныстарына, сақтандыру ұйымдарының активтерін сату бойынша,  сақтандыру ұйымының басқа заңды тұлғамен бірігуі немесе  қызметке маңызды өзгерістер енгізу немесе сақтандыру ұйымын басқару (бизнес-жоспарды және ұйымдық құрылымды қосқанда) қаржылық болжам жасау;
      Сондай-ақ рұқсат беру туралы өтініш берердің алдындағы тоқсан соңында аудиторлық ұйым қол қойған (не заңды тұлға құрылған сәттен бастап бір аяқталған қаржы жылы үшін, егер осы мерзім екі жылдан кем болмаса) соңғы екі аяқталған қаржы жылы үшін алынған түсіндірме жазбасы қоса берілген өтініш берушінің жылдық есеп беруі;
      өтініш берушінің сақтандыру ұйымы алдында мерзімі өткен және (немесе) берешек балансына қойылған берешектердің жоқтығын растайтын құжаттар;
      Аталған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде берілуі мүмкін. Құжаттардың басқа тілдерден аударылуы нотариат арқылы куәландырылуы тиіс.";

      6-тармақтағы "дербес ұсынуға тиіс" деген сөздер "дербес беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "қарауға тиіс" деген сөздер "қаралады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Сақтандыру ұйымын бақылау құқығын иеленуге рұқсат алудан бас тарту негізі - өтініш берушінің қаржылық тұрақсыздығы болып табылады.";

      9-тармақта:
      4) тармақшадағы  "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5)  заңды тұлға-өтініш берушінің меншікті капиталының жеткіліксіздігі - Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымының акцияларын сатып алу үшін.";

      11-1 тармақ мына мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "11-1. Сақтандыру ұйымына бақылау жасау құқығына рұқсат алған тұлға уәкілетті органға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда жоғарыда аталған рұқсат көрсетілген мерзім бойынша өзінің күшін тоқтатады.";

      1-қосымшада:
      10-тармақтың бесінші абзацы ", сондай-ақ оның ақшалай алғандағы мөлшері" деген сөздермен толықтырылсын;
      мына мазмұндағы 14 және 15 тармақтармен толықтырылсын:
      "14. Сотталғандығы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      15. Сақтандыру қызметіне орай құқық бұзушылық жасауына байланысты  әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер
___________________________________________________________________

      2-қосымшада:
      мына мазмұндағы  6-1, 6-2, 6-3 және 6-4 тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Еңбек жолы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
     Жұмыс кезеңі     |      Жұмыс орны        |      Қызметі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      6-2. Сотталғандығы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      6-3. Сақтандыру қызметіне байланысты құқық бұзушылық жасауына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
      6-4. Өтініш берушінің мүддесі тапсырылған өтініш беруші өкілі туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
                          (аты-жөні)
___________________________________________________________________
        (жеке басын куәландыратын құжат деректері)";

      8-тармақтың бесінші абзацы ", сондай-ақ оның ақшалай алғандағы мөлшері" деген сөздермен толықтырылсын".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (А.А.Қаримуллин):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары  Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады