Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 256 (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан Тізілімұстаушылар қауымдастығы", "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы
N 327 қаулысымен
Бекітілген
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
ұйымның есеп беру ережесі
1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Ереже орталық депозитарийге қолданылмайды.
3. Тіркеушінің есебіне мыналар жатады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп;
3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп.
4. Тіркеуші есепті электрондық тасымалдағышта тоқсан сайын, бірақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
4-1. Тоқсан сайын құрастырылатын қағаз жазбадағы есепке бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) немесе бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады. Тiркеушi уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұратуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептi қағаз жазбада ұсынады.
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
4-2. Электрондық тасымалдағыштағы есеп ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
Ескерту: 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
4-3. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректерi қағаз жазбадағы деректермен сәйкестiгiн брокер және (немесе) дилердiң бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) қамтамасыз етедi.
Ескерту: 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
4-4. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, тіркеуші есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.
Тіркеуші ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында брокер мен дилерге хабарлайды. Тіркеуші уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.
Ескерту. 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен көрсетіледі.
6. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
7-11. <*>
Ескерту: 7-11-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
12. Тiркеушi ұсынған есепте жартылай және шынайы емес ақпарат анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган бұл жайында тiркеушiнi хабардар етедi. Тiркеушi уәкiлеттi органнан хабарландыруды алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органның ескертулерiн ескере отырып, уәкiлеттi органға электрондық тасымалдағышта пысықталған есептi ұсынады.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
13. <*>
Ескерту: 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
14. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын ұйымның
есеп беру ережесіне 1-қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi), ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.09.30 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы
қағаздар туралы есеп тіркеуші ____________
200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
(мың теңгемен)
N р/с |
Эмитенттің атауы |
Бағалы қағаздың түрі |
Ұлттық бірегейлендіру нөмірі |
Бағалы қағаздардың саны (данамен) |
Номиналдық құны |
Номиналдық құны валютасы |
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде: |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Қазақстан Республи |
||||||
1.1. |
|||||||
.., |
|||||||
2 |
Қазақстан Республикасы |
||||||
2.1. |
Екінші деңгейдегі |
||||||
2.1.1 |
|||||||
... |
|||||||
2.2. |
Екінші деңгейдегі |
||||||
2.2.1 |
|||||||
... |
|||||||
3. |
Шетел мемлекеттерінің |
||||||
3.1 |
|||||||
... |
|||||||
4. |
Қазақстан Республика- |
||||||
4.1. |
|||||||
... |
|||||||
5. |
Халықаралық қаржы |
||||||
5.1. |
|||||||
... |
|||||||
6 |
Инвестициялық |
||||||
... |
|||||||
7 |
Барлығы |
кестенің жалғасы
Жиынтық ағымдағы құны |
Күні |
Листинг/ |
Ескерту* |
|||||
Есептелген сыйақы |
Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде: |
Есептелген сыйақы |
Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде: |
Есептелген сыйақы |
Сатып алу |
Өтеу |
||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
* егер бағалы қағаздарға меншiк құқығына шектеулер болса,
онда "иә" деген сөз қойылуы керек
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын ұйымның
есеп беру ережесіне 2-қосымша
Өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және
"РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы
есеп тіркеуші _________________________
200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
(мың теңгемен)
N р/с |
Операцияның мазмұны |
Эмит- |
Ұлттық |
Номи- |
Күні |
|
Опера- |
Опера- |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
"кері РЕПО" |
|||||
1.1. |
Тікелей тәсіл |
|||||
... |
||||||
1.2. |
Автоматты тәсіл |
|||||
... |
||||||
2 |
"РЕПО" операциялары |
|||||
2.1. |
Тікелей тәсіл |
|||||
... |
||||||
2.2. |
Автоматты тәсіл |
|||||
... |
кестенің жалғасы
Операцияның |
Сыйақы |
Бағалы қа- |
Операция со- |
Листинг/ |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын ұйымның
есеп беру ережесіне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-тармақтан қараңыз ), 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
Өз активтері есебінен орналастырылған екінші
деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы
туралы есеп тіркеуші ____________________
200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
(мың теңгемен)
N |
Банктер/банк |
Банк |
Салым |
Рей- |
Салым |
Салым |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Талап етуге дейінгі |
|||||
1.1. |
||||||
... |
||||||
2 |
Мерзімді салымдар |
|||||
2.1. |
||||||
... |
||||||
3 |
Шартты салымдар |
|||||
3.1. |
||||||
... |
||||||
4 |
Барлығы |
кестенің жалғасы
Салым бойынша |
Салым бойынша сыйақы |
Салымның |
Ықтимал |
Ескер- |
||
теңгемен |
шетел |
теңгемен |
Шетел |
|||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
* егер салымқа меншiк құқығына шектеулер болса, онда "ия"
деген сөз қойылу керек
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны
Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын ұйымның
есеп беру ережесіне 4-қосымша
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялардың құрылымы туралы есеп
тіркеуші ____________________
200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді- ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
(мың теңгемен)
N |
Заңды тұлғаның |
Заңды |
Баланс- |
Саны |
Эмитент- |
Сатып |
Ес- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
Жай акциялар |
||||||
1.1. |
|||||||
2. |
Артықшылық |
||||||
2.1. |
|||||||
3. |
Салымдар мен |
||||||
3.1. |
|||||||
4. |
Барлығы |
Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(лауазымы, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон нөмері)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны