Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 1037 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3353. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 548 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2008.10.03  N 548 Бұйрығымен.

      "Білім туралы"  Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
     2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А.Нұрғожаева) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
     3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     4. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Т.А.Нұрғожаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (департаментіне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министрі Г.Н.Гамарникке жүктелсін.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1037 бұйрығына қосымша 

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін
ұйымдастыру және оның жұмыс істеу
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

     2. Ереже Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі деректерді есепке алуды, білім беру мониторингі деректерін және олар өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі білім беру органдары мен ұйымдарының өзге де мәліметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

     3. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін олар өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі білім беру ұйымдары қызметі туралы білім беруді басқару органдарын толық, нақтылы және салыстырма ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

     4. Белгіленген көрсеткіштердің есепке алу деректері - Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім беру жүйесінің көрсеткіштерін есепке алу түрінде көрсетілген, білім беру ұйымдарының, білім беруді басқару жергілікті органдарының белгіленген кезеңдегі қызметінің қорытындылары бойынша алынған деректер.
     Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі - белгіленген көрсеткіштер бойынша білім беру жүйесіндегі есепке алу деректерін, білім беру мониторингінің деректерін және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Білім және ғылым министрлігі), білім беруді басқару жергілікті органдары, білім беру ұйымдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтитын жүйе.
     Білім беру мониторингінің деректері - Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру жүйесі туралы ақпаратты жүйелі есепке алу, өңдеу және талдау жолымен білім беру органдары білім беру ұйымдарының қызметіне жүйелі стандартты бақылауды жүзеге асыру қорытындылары бойынша алынған деректер.
     Білім беру органдарының және ұйымдарының өзге де деректері - білім беру органдарының және ұйымдарының өз функцияларын жүзеге асыру кезіндегі олардың қызметтері туралы жүйесіз сипаттағы, қажеттілігіне қарай, Білім және ғылым министрлігіне ұсынылатын кез келген басқа деректер.
     Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің қатысушылары (бұдан әрі - қатысушылар) білім беру ұйымдары, жергілікті білім беруді басқару органдары - аудандық (қалалық) білім беруді басқару органдары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық білім беруді басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

3. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін
ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі үшін деректерді
жинау және ұсынудың тәртібі

     5. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы олардың қызметтері туралы ақпарат алмасу жолымен іске асырылады.

     6. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің тізбесі үлгісі, нысаны мен мерзімі бойынша жыл сайын қалыптастырылады және Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

     7. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің бекітілген тізбесі оның қатысушылары арасында Білім және ғылым министрлігімен электрондық түрде және қағаз жүзінде таратылады.

     8. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректері Білім және ғылым министрлігіне қағаз жүзінде білім беру ұйымдарының, жергілікті білім беруді басқару органдарының бланкілерінде, бірінші басшының қолымен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді сақтай отырып электронды қол қоюды растайтын электронды адрес бойынша электронды тасымалдағышта ұсынылады.

     9. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректерін оның қатысушыларының ұсынуы сатылы лауазымды сақтай отырып жүзеге асырылады және міндетті болып табылады.

     10. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректерін тапсыру күні құжаттың титулдық бетінде көрсетілген жолдама иесіне тапсырылған күн болып саналады.

     11. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі деректерінің тапсырылу мерзімін бұзу оны білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің нысандары көрсетілген мерзімінде тапсырылмауы болып табылады. Егер деректерді ұсыну мерзімінің соңғы күні демалыс күнге сәйкес келсе, онда оның мерзімі келесі жұмыс күнінің аяғында бітеді. Деректерді бұрмалау олардың тапсырылған құжаттарда дұрыс көрсетілмеуі.

     12. Білім және ғылым министрлігі, қажеттілігіне қарай, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қатысушылардың құзыретіне жататын, анадай немесе басқа мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұрата алады.

     13. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша алынған деректер өңделгеннен кейін қорытынды құжатқа есеп түрінде ресімделеді.

     14. Қорытынды құжатты белгіленген тәртіппен Білім және ғылым министрлігі білім беру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады