Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша есеп тапсыру ережелерін және есеп нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 672 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3411. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25   бұйрығымен .
____________________________

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің  (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша есеп тапсыру ережелерін және есеп нысаны бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төраға

     Келісілген
     Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты
     әлеуметтік қорғау Министрі
     2004 жылдың 28 желтоқсаны

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігінің     
Салық комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 28 желтоқсандағы 
N 672 бұйрығымен бекітілген 

  Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап
қалған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша
есеп тапсыру ережелері (201.04-нысан)

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (бұдан әрі - Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлердің (патент негізінде арнаулы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда), адвокаттардың, жеке нотариустардың өз пайдасына есептелген, ұстап қалған (есептелген) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының Заңның  22-1-бабы  2-тармағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысымен  бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеудің) және міндетті зейнетақы қорларына аудару ережесінің 5-тармағында белгіленген мөлшердегі сомалары бойынша есеп тапсыру (бұдан әрі - Есеп) тәртібін көздейді.

     2. Есеп мынадай мерзімдерде ұсынылады:
     1) жеке кәсіпкерлер, (шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнаулы салық тәртібін қолданатындарды қоспағанда) адвокаттар мен жеке нотариустар - тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмейтін мерзімде;
     2) шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнаулы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер - ағымдағы жылдың он бесінші наурызынан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

     3. Есепті жасаған кезде:
     1) қағаз таратушыда шарикті немесе қаламұшты қаламмен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
     2) электрондық таратушыда - Салық кодексінің  69-бабына  сәйкес толтырылады.

     4. Есепті жасау кезінде түзетуге, тазартуға және былғауға жол берілмейді.

     5. Көрсеткіштер болмағанда Есептің тиісті ұяшықтары толтырылмайды.

     6. Есепті ұсынған кезде:
     1) қағаз таратушыда барып тапсыру тәртібімен - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салымшыға қайтарылады;
     2) хабарламалы тапсырыс хатпен поштамен жібергенде - салымшы хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
     3) электронды түрде барып тапсыру тәртібімен, не электронды пошта бойынша жібергенде Салық кодексінің  69-бабының  8-бабының 3) тармақшасына сәйкес кәсіпкер салық органында не электрондық поштамен Есеп қабылданғаны (жеткізілгені) туралы хабарлама алады.

     7. Есепке қол қойылады және Салық кодексінің  69-бабына  сәйкес расталады.

     8. Өз қызметін "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер Есептің тиісті жолдарын толтырған кезде міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген, бірлескен кәсіпкерлікке барлық қатысушылар бойынша табыстың жалпы сомасы мен міндетті зейнетақы жарналарының аударуға жататын сомасын көрсетеді.

  2. Есепті жасау (201.04-нысан)

     9. "Салымшы туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салымшы мынадай деректерді көрсетеді:
     1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
     2) Есеп беріліп отырған есептік кезеңді көрсетеді. Есептік кезең араб сандарымен көрсетіледі;
     Салымшылар - жеке кәсіпкерлер (шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнаулы салық тәртібін қолданатындарды қоспағанда), адвокаттар немесе жеке нотариустар - тоқсан мен жылды белгілейді;
     Салымшылар - шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнаулы салық тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер - жылды белгілейді;
     3) салымшының аты-жөні;
     4) Есептің түрі.
     Бұл торкөздер Салық  кодексінің  69 және  71-баптарына  сәйкес белгіленеді. Есеп түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді.
     "Бастапқы" торкөзі егер Есеп салық төлеушіні мемлекеттік тіркелгеннен кейін алғаш рет берілсе белгіленеді.
     Одан кейінгі Есептер беру кезінде, "Кезекті" торкөзі белгіленеді.
     Бұрын берілген Есепке өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде, "Қосымша" тор көзі белгіленеді.
     "Хабарлама бойынша" торкөзі, егер салық төлеушімен Салық кодексінің  31-бабының  2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негізінде бұрын көрсетілген Есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететін жағдайда белгіленеді. Бұл жағдайда салық төлеушімен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" тор көздері бір уақытта белгіленеді.
     Салымшы қызметін тоқтатқан жағдайда салық органына тапсырған соңғы Есепте "тарату" торкөзі белгіленеді.
     5) хабарламаның нөмірі мен күні, хабарлама бойынша қосымша Декларация табыс еткен жағдайда толтырылады;
     6) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жүзеге асырылатын салық режимі.
     Өз қызметін жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын салымшы - жеке кәсіпкер "Жалпы бірдей белгіленген тәртіп" деген ұяшықты көрсетеді.
     Салымшы - адвокат "адвокаттар үшін" деген ұяшықты көрсетеді.
     Салымшы - жеке нотариус "жеке нотариустар үшін" деген ұяшықты көрсетеді.
     Арнаулы салық тәртібін біржолғы талон негізінде қолданатын салымшы-жеке кәсіпкер "біржолғы талон негізіндегі" деген ұяшықты көрсетеді.
     Арнаулы салық тәртібін жеңілдетілген Декларация негізінде қолданатын салымшы-жеке кәсіпкер "оңайлатылған Декларация негізіндегі" деген ұяшықты көрсетеді.
     Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық тәртібін қолданылатын салымшы-жеке кәсіпкерлер "кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған" деген ұяшықты көрсетеді.
     Шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнаулы салық тәртібін қолданатын салымшы-жеке кәсіпкер "шаруа (фермер) қожалықтары үшін" ұяшығын көрсетеді.

     10. "6А, 6В, 6С, 6D, 6F, 6G ұяшықтарының біреуін көрсеткен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу" бөлімінде:
     1) 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдарында салымшының есептік кезең ішіндегі тиісінше 1, 2 және 3 айлардағы міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табысы көрсетіледі. Көрсетілген табысты жеке кәсіпкер, адвокат және жеке нотариус дербес белгілейді;
     201.04.001D жолда 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдардың сомасы ретінде анықталатын, салымшының есептік кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табысы көрсетіледі.
     201.04.001Е жолда есепті кезеңдегі Есептің 201.04.001D және осының алдындағы есепті кезеңдегі Есептің 201.04.001Е жолдарының сомасы ретінде анықталатын, салымшының жылдың басынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табысы көрсетіледі;
     2) 201.04.002А, 201.04.002В, 201.04.002С жолдарында міндетті зейнетақы жарналарының есепті кезеңнің тиісті 1, 2 және 3 айларында жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын сомасы көрсетіледі.
     201.04.002D жолда 201.04.002А, 201.04.002В, 201.04.002С жолдардың сомасы ретінде анықталатын, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиісті міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
     201.04.002Е жолда есепті кезеңдегі Есептің 201.04.002D және осының алдындағы есепті кезеңдегі Есептің 201.04.002Е жолдарының сомасы ретінде анықталатын, жылдың басынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиісті міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

     11. "6Е ұяшығын көрсеткен салымшының міндетті зейнетақы жарналарын есептеу" бөлімінде:
     1) 201.04.003А жолда есепті кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанға дейінгі кезеңге арналған міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін салымшының мәлімдеген табысы көрсетіледі. Көрсетілген табысты жеке кәсіпкер дербес белгілейді;
     2) 201.04.003В жолда есепті кезеңнің 1 қазанынан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табысы көрсетіледі. Көрсетілген табысты жеке кәсіпкер дербес белгілейді;
     3) 201.04.003С жолда салымшының жалпы есепті кезеңде міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табысы көрсетіледі. Көрсетілген табысты жеке кәсіпкер дербес белгілейді;
     4) 201.04.004А жолда есепті кезеңнің 1 қазанынан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
     5) 201.04.004В жолда есепті кезеңнің 1 қазанынан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
     6) 201.04.004C жолда жалпы есепті кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

Форма 201.04     
Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрлігі   
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы _______________
бұйрығымен бекітілген     

Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалар бойынша есеп

(қағаз мәтінді қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады