Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаішілік жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 3-1-1766қ қаулысы. Астана қаласының Әдiлет департементiнде 2004 жылғы 18 қазанда N 353 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 02 маусымдағы N 3-1-379 қаулысымен.

       "Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы",  "Бiлiм  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қала мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 52/9-III "Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 12/4-III "Астана қаласының 2004 жылға арналған бюджетi туралы" шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шешімін орындау барысында Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi (1-қосымша);
      көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссия туралы Ереже (бұдан әрi - Комиссия) (2-қосымша);
      Комиссия құрамы (3-қосымша) бекiтiлсiн.

      2. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 8 қыркүйектегi N 3-1-1708қ "Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiн бекiту туралы" қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары T.M. Мұхамеджановқа жүктелсiн.

       Астана қаласының әкімі

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      Әкім аппараты құжаттамалық
      сараптама бөлімінің меңгерушісі

      Қаржы департаментінің
      бастығы

      Көлік және байланыс
      басқармасының бастығы

      Білім департаментінің
      бастығы

      Ішкі саясат
      департаментінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 7 қазандағы  
N 3-1-1766қ қаулысына  
1-қосымша        

Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету ЕРЕЖЕСI (бұдан әрi - Ереже)

      Осы Ереже  "Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы",  "Бiлiм  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында дайындалған. 

  1. Жалпы ережелер

      1. Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек беру халықты әлеуметтiк қорғаудың бiр түрi болып табылады.
      2. 019 "Күндiз оқытатын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қолдау" бюджеттiк бағдарламасының әкiмгерi Астана қаласының Бiлiм департаментi (бұдан әрi - Әкiмгер) болып табылады.
      3. Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне жалпы қолданыстағы қалаiшiлiк көлiкте тегiн жол жүрудi қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады. 

  2. Жоғарғы және орта оқу орындарына тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссия

      4. Жоғарғы және орта оқу орындарына тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Астана қаласының әкiмдiгiмен қаланың жоғарғы және орта оқу орындарына, осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген тұлғалар үшiн тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау мақсатында құрылады. 

  3. Тегiн жол жүру құқығын беру тәртiбi

      5. Қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету құқығына ие тұлғалар санаты көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi қаланың жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерi болып табылады.
      6. Белгiленген үлгiдегi тегiн жол жүру билетi көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) тегiн жол жүру үшiн негiз болып табылды.
      7. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген қаланың және жоғары оқу орындарының тұлғаларына тегiн жол жүру билеттерiн беру үшiн сома шегi Комиссия шешiмiнiң негiзiнде тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде анықталады.
      8. Қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте жүру үшiн әлеуметтiк көмек алуға үмiткер көп балалы отбасының студентiн есепке қою үшiн мына құжаттарды оқу орнының әкiмшiлiгiне тапсыруы тиiс:
      тұрғылықты жерi бойынша көп балалы отбасының мүшесi болып табылатындығы жөнiнде әлеуметтiк қамқорлықтың жергiлiктi атқарушы органы берген анықтамасы;
      көп балалы ананың жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      ағаларының және қарындастарының туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
      Тұрғын-үй департаментiнен балаларының ата-аналарымен бiрге тұратындығы туралы анықтама.
      9. Қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте жол жүру үшiн әлеуметтiк көмек алуға үмiткер жетiмдi-студенттi есепке қою үшiн мына құжаттарды оқу орнының әкiмшiлiгiне тапсыруы тиiс:
      ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi. Егер туу туралы куәлiгiнде ата-анасының бiреуi көрсетiлсе, онда бiреуiнiң қайтыс болғандығы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi мен АХАЖ органдарымен берiлген N 4 нысан;
      туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және 16 жасқа толғандағы жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
      қамқорлық немесе қамқоршылық белгiлеу туралы қала әкiмi шешiмiнiң көшiрмесi.
      10. Оқу орындарының әкiмшiлiгi:
      студенттердiң кәсiподақ комитеттерiмен бiрге қоғамдық өзiндiк қызмет және қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарын (бұдан әрi - Органдар) құруды және жұмыс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудi;
      Органдармен мұқтаж студенттердiң тiзiмдерiн әрбiр оқу орындары үшiн бөлiнген тегiн жол жүру билеттерiнiң шегi шамасында қалыптастыру және келiсу;
      әрбiр оқу орындары үшiн тегiн жол жүру билеттерiнiң бөлiнген шегi шамасында мұқтаж студенттердiң тiзiмiн және осы Ереженiң 8-9 тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн Департаментке ұсыну;
      әр айдың қорытындысы бойынша жеткiзушiмен ұсынылатын, орындалған жұмыстардың актiлерiне қол қоюды жүзеге асырады.
      11. Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы студенттердiң тiзiмiн құрудың растығына оқу орнының әкiмшiлiгi жауапкершiлiк артады.
      12. Департамент:
      осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардың жалпықалалық тiзiмiн қалыптастыруды және Әкiмгерге ұсынуды;
      оқу орындары әкiмшiлiгiнiң осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардың тiзiмiн құру растығына бақылауды жүзеге асырады.
      13. Әкiмгер:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жол жүру билеттерiн жеткiзушiнi анықтауды;
      жол жүру билеттерiн жеткiзушiге осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардың жалпықалалық тiзiмiн ұсыну;
      шартқа, фактура-шотына, тиiстi қаржы жылына сәйкес бөлiнген қаржы бөлу шегiндегi жөнелтпе құжатқа сәйкес көрсететiн тiкелей жеткiзушiге тұлғаларды тасымалдау жөнiндегi жол жүру билеттерiн ұсыну үшiн ай сайын төлем ақы төлеудi;
      оқу орнының әкiмшiлiгiне тегiн жол жүру билеттерiн берудi жүзеге асырады.
      14. Бюджеттiк қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген тұлғаларына тегiн жол жүру билеттерiн беруi 2004 жылғы 1 қыркүйектен басталады.

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 7 қазандағы  
N 3-1-1766қ қаулысына  
2-қосымша        

Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) әз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң актiлерiне, қала әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      2. Комиссия көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерi үшiн тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау мақсатында құрылған.

  2. Комиссияның мiндеттерi және қызметтерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау болып табылады.
      4. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi Астана қаласының жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiне қалаiшiлiк жалпы қолданыстағы көлiкте (таксиден басқа) жол жүруiне әлеуметтiк көмек көрсету үшiн қаланың Бiлiм департаментiне және Iшкi саясат департаментiне жiбередi.
      5. Комиссия негiзгi мiндеттерiне сәйкес мына қызметтердi орындайды:
      1) қаланың жоғарғы және орта оқу орындарының тегiн жол жүру билеттерiне шек тағайындау тапсырысын қарастырады;
      2) Астана қаласының жоғарғы және орта oқу орындарының тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтайды.

  3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссия құрамы Астана қаласы әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде бекiтiледi және қаланың Iшкi саясат департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент), Әкiмгердiң және қаланың жоғарғы және орта оқу орындарының өкiлдерiнен (келiсiм бойынша) қалыптасады.
      7. Комиссияны оның қызметiн басқаратын, Комиссияның отырыстарына төрағалық ететiн, жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын және оның қызметiне жауапкершiлiк алатын төраға жетекшiлiк етедi. Комиссияның төрағасы қала әкiмiнiң осы мәселелерге жетекшiлiк ететiн орынбасары болып табылады.
      Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның қызметiн орынбасары атқарады.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастыру үшiн ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.
      9. Егер Комиссия мүшелерiнiң кем дегенде екiден үшi қатысса, оның отырысы құқықты өкiлеттi болып саналады.
      10. Комиссия шешiмi Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусын анықтау жолымен ашық дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс бiрдей болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      11. Комиссияның жұмыс кестесiн Комиссияның өзi анықтайды.

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 7 қазандағы  
N 3-1-1766қ қаулысына  
3-қосымша        

Көп балалы отбасылары мен жетiмдер қатарындағы талантты және қоғамдық белсендi жастары iшiндегi жоғарғы және орта оқу орындарына тегiн жол жүру билеттерiнiң шегiн анықтау жөнiндегi қалалық комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мұхамеджанов               - қала әкiмiнiң орынбасары, комиссия
Төлеген Мұхамеджанұлы        төрағасы;

Саиров                     - Iшкi саясат департаментiнiң директоры,
Ерлан Бияхметұлы             комиссия төрағасының орынбасары;

Рахымов                    - Iшкi саясат департаментi жастармен 
Бекзат Рахымұлы              жұмыс жөнiндегi жұмыс бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелерi:

Рахымжанов                 - Бiлiм департаментiнiң директоры;
Әмiрхан Мұратбекұлы

Әбдiманапов                - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы       университетiнiң ректоры (келiсiм
                             бойынша);

Әлiмжанов                  - С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық
Бекен Өкенұлы                университетiнiң ректоры (келiсiм
                             бойынша);

Досқалиев                  - Қазақ мемлекеттiк медицина
Жақсылық Ақмырзаұлы          академиясының ректоры (келiсiм
                             бойынша);

Мұсаходжаева               - Қазақ ұлттық музыка академиясының
Айман Қожабекқызы            ректоры (келiсiм бойынша);

Старунов                   - Политехникалық колледждiң директоры
Виктор Ильич                 (келiсiм бойынша);

Қуандықов                  - Ақмола қаржы-экономикалық колледжiнiң
Әлiбек Өсербайұлы            директоры (келiсiм бойынша);

Жүсiпов                    - Гуманитарлық колледждiң директоры
Әдiлхан Шаймағамбетұлы       (келiсiм бойынша);

Жүкiпбеков                 - Көлiк және байланыс колледжiнiң
Жеңiс Құрманғалиұлы          директоры (келiсiм бойынша);

Нағымтаев                  - Экономика, технология және ас
Аманжол Нағымтайұлы          тағамдарын стандарттау колледжiнiң
                             директоры (келiсiм бойынша);

Ахметов                    - Медициналық колледждiң директоры
Эбенгаббас Елемесұлы         (келiсiм бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады