Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 81/12-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 4 қарашада N 359 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 306/40-ІІІ шешімімен

 Ескерту: Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 306/40-ІІІ шешімінен
Үзінді:

      Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласының 2006-2008 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. ...
      2. Астана қаласы мәслихатының "Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 81/12-ІІІ шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 359 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 25 қарашада, 2005 жылғы 6 қаңтарда "Астана хабары", 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланды) күші жойылған деп танылсын.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы
_________________________________________________________________

      

      Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы  Конституциясының  86-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңының  6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп  ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бекітілсін.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

  Астана қаласының индустриялық-инновациялық дамуының
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының келісу парағы

       Қаржы департаментінің
      директоры

      Еңбек, халықты жұмыспен
      қамту және әлеуметтік қорғау
      департаментінің директоры

      Білім департаментінің
      директоры

      Экономика, сауда және
      кәсіпкерлік департаментінің
      директоры

      Қазақстан Республикасының
      мемлекеттік стандарттау
      Астана қаласы бойынша
      мемлекеттік қадағалау
      басқармасының бастығы

      Астана қаласы бойынша
      Қазақстан Республикасы
      мемлекеттік қызмет істері
      жөніндегі агенттігі
      басқармасының бастығы

      Энергетика және су шаруашылығы
      департаментінің директоры

      Астана қаласының жер
      ресурстарын басқару
      комитетінің төрағасы

      "Астана қаласы шағын бизнесті
      қолдау орталығы" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры

Астана қаласы мәслихатының 
2004 жылғы 30 қыркүйектегі 
N 81/12-III шешімімен    
бекітілген         

Астана қаласының индустриялық-инновациялық дамуының
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы

  1-бөлім
Бағдарламаның паспорты

Атауы                   Астана қаласының индустриялық-инновациялық
                        дамуының 2004-2006 жылдарға арналған
                        бағдарламасы.

Негізгі дайындаушы      Астана қаласының Экономика, сауда және
                        кәсіпкерлік департаменті.

Бағдарламаның іске      2004-2006 жылдар.
асырылу мерзімі

Әзірлеу негіздемесі     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
                        17 шілдедегі N 712-1  қаулысымен  бекітілген
                        Қазақстан Республикасының
                        индустриялық-инновациялық дамуының
                        2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын
                        іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
                        арналған іс-шаралар жоспары.

Мақсаты                 Жоғары технологиялық, инновациялық
                        технологияларды енгізу және экспортқа
                        көзделген өнімдерді шығару есебінен
                        өнеркәсіптік өндірісінің тұрақты өсуін
                        қамтамасыз ету.

Міндеттері               өңдеу секторында орта жылдық даму қарқынын
                        8,5% шамасына жеткізу;
                         өңдеу өнеркәсібінің негізгі қорының
                        өндірісін арттыру;
                         қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік
                        ахуалға жағдай туғызу;
                         жоғары технологиялық экспортқа көзделген
                        және ғылымды қажетсінетін өнімдерді
                        шығаруға ынталандыру;
                         дүниежүзілік сапа стандартына ауысу.

Қаржыландыру көздері    Жергілікті және республикалық бюджет
                        қаражаттары, кәсіпорындардың өз қаражаттары,
                        коммерциялық банктердің несиелері,
                        мемлекеттік даму институттардың қаражаттары
                        және тартылған инвестициялар.

Бағдарламаны іске       бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге
асырудан күтілетін      қолайлы жағдай туғызуға;
нәтижелері              өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз
                        етуге;
                        инновациялық әрекетінің дамуына;
                        кәсіпорындардың өндірістік базаларының
                        техникалық жабдықталу деңгейін арттыруға;
                        қолданыстағы өнеркәсіптік әлеуеттерді
                        барынша қолдануға;
                        нарық көлемін арттыруға және құрылыс
                        материалдарының импортын төмендетуге;
                        өнеркәсіптік кәсіпкерліктерді әрі қарай
                        дамыту және кеңейту жолдарымен шағын бизнес
                        субъектілерінің үлесін өнеркәсіптік
                        өндірісі көлемінде арттыруға;
                        экспортқа бағдарланған және жалпы
                        өндірілетін өнімдер сұрыпталымын кеңейтуге
                        ықпал етеді.

  2-бөлім
КІРІСПЕ

      Астана қаласының индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі, қаланың өнеркәсіп секторының әрі қарай даму стратегиясын айқындау барысындағы объективті тұтынушылықтарға байланысты туынып отыр.
      Халықаралық экономикалық бәсекелестігінің даму қарқынының өсуіне байланысты қаланың барлық өндірістік кәсіпорындарына тән негізгі проблема қалыптасып отыр. Оның маңызы тек қана өнімдердің көп түрінің жоқтығынан ғана емес, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілетінің төмендігінен, сол себептерден ішкі және сыртқы нарықтарда өнімдердің тұтынушылық сұраныс көлемінің аздығы. Қаланың өнеркәсіптік секторы өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың нашар дамуымен, өнеркәсіптердің жалпы технологиялық және техникалық артта қалуымен, ғылымның өнеркәсіппен әрекеттегі байланыста болмауымен, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарға керек қаржы шығарылмауымен сипатталады.
      Бағдарлама аймақтағы жоғары техникалық ғылымды қажетсінетін өндірістің және технологиялардың дамуын қолдайтын инновациялық және инвестициялық қызметті ынталандыратын экономикалық, техникалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы болып табылады.
      Бағдарламаны әзірлеу кезінде: Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы"  қаулысы , 2004 жылдың 19 наурыздағы Президенттің Қазақстан халқына жолдаған "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" жолдауы қолданылды.

  3-бөлім
Өнеркәсіп өндірісінің қазіргі күйі

      Астана қаласының өнеркәсіп секторы 1991-2002 жылдар кезеңінде нарықтық шаруашылық ету әдісіне көшу процесінде маңызды құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Біріншіден ауылшаруашылық машина жасау кәсіпорындарының өнімдеріне тұтынушылық сұраныстың кемуі, бұл топырақ өңдеу және егу техникаларына сұраныстың бірден құлдырауы ТМД елдерінің жабдықтаушылары мен тұтынушыларынан шаруашылық қатынастардың жоғалуына байланысты болып отыр.
      Өнеркәсіптік өнімдердің өндірісі анағұрлым бәсеңдеді. Осы қиын жағдайды тұрақтандыру мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жағдайын, біріншіден машина жасау кешендері саласын экономикалық тұрғыдан жақсарту тұжырымдамасы анықталды. Сұранысы жоқ бәсекеге қабілетсіз өнімдерді шығарумен айналысатын әрекет етуге қабілетсіз салалар мен өндірістерді қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру процесі жүргізілді. Ірі кәсіпорындарда табиғи сегментациялау процестері жүргізілуі өнеркәсіптік өнімдерін шығарумен айналысатын ірі кәсіпорындардың төмендеуіне және орта және саны аз кәсіпорындардың көбеюіне әкеп соқты. N 1 графикте (N 1 қосымша) қызметінің негізгі түрлері бойынша өнеркәсіп секторының құрылымы көрсетілген.
      Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінде машина жасау үлесі азайды, қосымша дамуға азық-түліктер және құрылыс материалдарын шығаруға көзделген кәсіпкерліктер ие болды.
      N 2 графикте (N 1 қосымша) Астана қаласының өңдеу өнеркәсібінің құрылымы бейнеленген.
      2003 жылдың қорытындысы бойынша қаланың өнеркәсіптік кәсіпкерліктері 33,9 миллиард теңгеге өнім шығарған және қызмет көрсеткен. Жеке көлем көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,8% құрайды.
      Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарының жартысынан көбі өндірістерін өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 1,5 есеге өсіре алды.
      Өндіріс көлемі мына салаларда артты:
      металл емес минералды өнімдердің өндірістерінде - 46,0 пайызға;
      резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірістерінде - 39,5 пайызға;
      целлюлоздық-қағаз өндірісінде, баспа ісінде - 8,6 пайызға;
      өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бумен және ыстық сумен жабдықтау көлемінің 21,3 пайызға артуымен, электр қуаты, газ және суды өндіру және тарату 12,9 пайызға артқан. Электр қуаты, газ және суды өндіру және тарату көлемі 2002 жылдың деңгейіне қарағанда 7,0 пайызға көтерілген. Суды жинау, тазалау және тарату 4,4 пайызға қысқартылған. N 1 кестеде (N 2 қосымша) 1997 жылдан 2003 жылдары кезеңіндегі өндіріс дамуының негізгі көрсеткіштері көрсетілген.
      N 3 графикте (N 1 қосымша) 1998 жылдан 2003 жылдары кезеңіне өндірістік кәсіпорындар өнімдерінің жалпы аймақтық өнімі мен көлемінің өсу серпіні көрсетілген.
      Экономикалық бәсеңсуді жеңіп, өндірісті тұрақтандырып қол жеткізген оңтайлы жетістіктерге қарамастан қаланың өндірістік секторы әлі де экономикалық құрылысының жетекші буыны болып табылмайды, оны жылсайынғы құрылыс көлемінің және қызмет саласы бөліктерінің артуы салдарынан өндіріс өнімдерінің жалпы аймақтық өнімінде өндіріс үлесінің кескінделгені N 4 графикте көрсетілген (N 1 қосымша).
      Қазіргі жағдай, ең алдымен, Астана қаласының ерекше мәртебесіне тікелей байланысты.
      2001 жылдан бастап қолданыстағы "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Мемлекеттік бағдарлама бойынша біріншіден, Астананың әкімшілік-мәдени орталығы ретінде дамуын қарастырады, сол себептен барлық зейін құрылыс орындарын ұйымдастыруға және инженерлік жүйе мен коммуникацияларға көзделген.
      Бұдан басқа, салалардың ішінде барлығына ортақ жүйелі көптеген республика кәсіпкерліктеріне тән маңызды проблемалар бар:
      өнеркәсіп күштерін аз пайдалануға байланысты бірталай әлеует сақталып қалады. Өңдеу өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарында жабдықтарды орташа тиеу 30 пайызды ғана құрайды, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу - 26%. Өнеркәсіп күштерінің толық (100%) жұмысбастылығы "Стройконструкция" АҚ темір-бетон бұйымдар өндірісінен басқа бірде-бір өнім түрі бойынша қамтамасыз етілмеген. Өнімдерінің шығару көлемін арттыру мақсатында кейбір кәсіпорындар, атап айтқанда "Сүт" АҚ, "Мәншүк" ЖШС мамандандырылмаған өндіріс күшімен жүзеге асырып отыр;
      өңдеу саласындағы инвестициялық белсенділіктің жеткіліксіздігі. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу саласының басты қорына көзделген инвестициялардың саны 2,3 есеге көбейді. Барлық қалалық инвестициялардың сомасы кәсіпорындардың өз қаражаттары арқылы жүзеге асырылады. Шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қаланың құрылыс объектілеріне және инфрақұрылымдарына бағытталған;
      өндіріс қорларының ең жоғары тозу дәрежесі (орташа 60-70%). Қала кәсіпорындарының басым көпшілігіне тән жабдықтардың моральдық және физикалық ескіргендігі, технологиялық деңгейінің төменділігі секілді ерекшеліктері бар;
      өнеркәсіптің энергия қуаты мен материалды көп қажет етуі өнімнің бәсекеге қабілетін төмендетеді;
      өндіріс саласында жоғары білікті мамандардың және кәсіби кадрлардың жетіспеуіне халықтың жат елге қоныс аударуына және кәсіби-техникалық училищелерді оңтайландыруға әсер етті;
      қажетті ақпарат жиынтығының жоқтығы, жаңа технологиялардың трансферті, нарық конъюнктурасының өзгерістеріне орнымен бейімделуіне кәсіпорындарының өндірісте менеджменттік деңгейінің төмендігі мүмкіндік бермейді;
      кәсіпорындарда дүниежүзілік сапа стандарттарының жеткілікті енгізілмеуі. Қазіргі кезде ИСО - 9000 жүйесі бойынша сапа куәлігін "Стройконструкция" ААҚ-да тауарлық бетон учаскесі ғана сертификат алған;
      жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнімдер түрлерін шығару баяу ендіріліп жатқандықтан қаланың өнеркәсіп өнімдерінің экспорты жалпы тарату көлемінен 2-ақ пайызды құрайды. Бір мезгілде импорт үлесінің арта түсуі және шектес елдерде ұқсас өнімдерді өндірушілер тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестік белгіленеді.

  4-бөлім
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты

      Қаланың жоғары технологиялық, инновациялық технологияларды енгізу және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару арқылы өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның міндеттері

      өңдеу секторында орта жылдық даму қарқынын 8,5% шамасына жеткізу;
      өңдеу өнеркәсібінің негізгі қорының өндірісін арттыру;
      қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалға жағдай туғызу;
      жоғары технологиялық экспортқа көзделген және ғылымды қажетсінетін өнімдерді шығаруға ынталандыру;
      дүниежүзілік сапа стандартына ауысу.

  5-бөлім
Даму бағдарламасын іске асырудың тетіктері
мен негізгі бағыттары

  1-тарау
Өнеркәсіп өндірісінің өркендеу басымдылықтары

      Қаланың даму барысының негізгі тенденцияларын сараптай келе және Астана қаласының елорда ретінде ерекше мәртебесін ескере отырып, экологиялық таза жоғары технологиялық өндірістерге басымдылық беріледі және Астананың салыну барысында күшті әсер алған құрылыс және елге қызмет көрсету байланысты инновациялық орталықтар мен салаларды дамыту.
      Өнеркәсіптің өндірісінің даму басымдылықтары болып табылады:
      кәсіпкерлерге қолайлы бәсекелестік жағдай жасау;
      өңдеу секторларына шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту;
      бәсекеге қабілетті салаларда бұрынғы өндіріс қуатын жаңарту және қайта құру;
      импорт орнын басатын және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығаруға көзделген басымды инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру;
      шағын бизнес салаларында кәсіпкерлік инновациялық ахуал үшін жағдай жасау;
      Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына менеджмент сапа жүйесі халықаралық ИСО стандартының 9000 және 14000 серияларын енгізуге жәрдемдесу;
      барлық экономика секторларында жоғары кәсіби кадрларды дайындауға жағдай жасау.

  2-тарау
Бағдарламаның шаралары мен іске асыру тетіктері

      Индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары:
      1) орындалуына жәрдем көрсету мақсатында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мақсаты мен міндетіне сәйкес аймақтық басымдылық инвестициялық және инновациялық жобалардың тізімін қалыптастыру;
      2) инновациялық және инвестициялық жұмыстардың даму инфрақұрылымын жасау, оның құрамында:
      Индустриялық саябақ құру;
      Инновациялық орталық (технологиялық бизнес - инкубатор);
      Аймақтық венчурлік қорын құруға жәрдемдесу;
      3) ДСҰ-на кіру барысында кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      4) қала экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізу;
      5) инвестицияларды тартуды қажет ететін инновациялық және инвестициялық жобалардың мәліметтер банкін құру;
      6) мемлекеттік даму институттары арқылы өтетін басымды аймақтық инвестициялық және инновациялық жобаларға жәрдемдесу;
      7) білімді дамыту және кадрлар дайындау. Білім саласындағы Мемлекеттік саясат келесі мәселелерді шешеді:
      инновациялық іс-әрекетке кадрлар дайындауды білім саласының маңызды басымдылығы ретінде анықтауы қажет;
      барлық білім түрлерінің материалдық-техникалық базаларын дамыту;
      кадрлар дайындау және жоғары кәсіби мамандарды тарту салаларында халықаралық ынтымақтастықты ұлғайту;
      8) өзара сабақтасқан "Ғылым-өндіріс" тәсімін дамыту;
      9) қаланың өндірістік-инновациялық әлеуетіндегі шағын фирмалардың үлесін тұрақты дамытуға қолайлы жағдай жасау;
      10) ақпараттық-маркетингтік орталықтар жасау арқылы орта және шағын кәсіпорындарына консалтингтік қызмет көрсету;
      11) сауда-көрмелер орталықтарын ұйымдастыру арқылы қаламызда өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жарнамалау мақсатында қала кәсіпорындарының өнімдерінің жылжытуға жәрдемдесу (қоғамда отандық тауар өндірушілерге оң көзқарасын қалыптастыру, тұрақты қалыптасуына, шағын және орта кәсіпорындарының дамуын қамтамасыз ету);
      12) стандарттау саласында бірте-бірте халықаралық стандартына өту жұмыстарын жүргізу.

  3-тарау
Жеке сектор бастамаларын анықтау және қолдау

      Қазіргі таңда, Астана қаласында индустриялық-инновациялық дамуының мақсаты мен міндетіне сәйкес орындалу уақыты 2004-2006 жылдарға көзделген бірнеше инвестициялық жобалар бар. Осы жобалардың орындалуы елордамыздың экономикалық ахуалына зор әсер ететіні сөзсіз.

  1. Астана қаласының инвестициялық жобалары

1) "YTONG" фирмасының неміс технологиясы бойынша
ұяшықты бетоннан қабырға материалдарын жасау
зауытының құрылысы, бастамашысы "Экотон+" ААҚ

      Сұранысқа байланысты өнеркәсіп саласының прерогативасы құрылыс материалдарын өндіру болып отыр. Сол себептен, қазіргі таңда "YTONG" фирмасының неміс технологиясы бойынша ұяшықты бетоннан қабырға материалдарын жасау зауытының құрылысы жетекші жобалардың бірі болып табылады.
      "Экотон+" ААҚ өндіретін ұяшықты бетон құрылыс материалдардың беріктілігіне, пішінсізденуіне, аязға төзімділігіне қойылатын бүкіл нормативтік құжаттардың талаптарына сай. Оның жылу сақтау қасиеті жай кірпішке қарағанда 2-3 есе жоғары. Өнімнің уақ тесікті құрылысының арқасында, осы материалдан жасалған қабырға "дем алып" бөлмедегі таза ауаның сақталу уақытын ұзартады. Ұяшықты бетондар био төзімді, одан салынған үйлер өртке қауіпсіз және маңыздысы экологиялық таза материал.
      Бұл жоба ұяшықты бетонды жылына 138 мың текше метр (одан әрі - м 3 ) (жылына 1352 миллион теңге) көлемінде және жылына 180 мың м 3 дейін өндіріс қуатын кеңейте алатын мүмкіншілігімен өндіруге есептелген.
      Жобаның бағасы 17 496 мың АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде өз қаражаты - 4500 мың АҚШ доллар, несие қаражаты - 12 996 мың АҚШ доллар жобаны Қазақстан Даму Банкі қаржыландырады.
      Жылу сақтау қасиетінің және басқа да сипаттамаларының жоғарлығы ұяшықты бетонды қолдануы жай силикатты және керамикалық кірпішпен салыстырғанда құрылыстың өзіндік құнын едәуір төмендетеді.
      Жоба бойынша жергілікті бюджетке жылына 25 миллион теңге түсуі және 126 жұмыс орнының ашылуы ескеріледі.
      Жобаның іске қосылуы 2004 жылдың 3-тоқсанына жоспарланған.

  2) Полиэфир шыныпластикалық құбырлар өндірісін
ұйымдастыру, бастамашысы "АмитехҚарасайПайп" ЖШС

      Астана қаласында полиэфир шыныпластикалық құбырлар өндірісін ұйымдастыру мақсатында бірлескен өндіріс орны "АмитехҚарасайПайп" ЖШС құрылған, оның құрушы құрамына әлемдік шыныпластикалық құбыр өндірісінде көшбасшы, технология және өндіріс салаларында 35 жылдық тәжірибесі бар, өндіріс орнында ұзақ уақыттық техникалық және инженерлік қолдауларды (техникалық көмек, жетілдіру және шикізат материалдарын арнаулы бағамен жеткізу, өндіріс және технологиялық процестерін жетілдіру) қамтамасыз ететін "Амиантит" компаниясы кіреді.
      Астана қаласында зауыттың өндіріс қуаты жылына сумен жабдықтауға арналған диаметрі 80 миллиметр (одан әрі - мм) - 3000 мм, жұмыс қысымы 40 атмосфер дейін 300 км. полиэфир шыныпластикалық құбырды құрайды, соның ішінде:
      1-кезең - диаметрі 300 мм - 3000 мм дейінгі құбырларды жасайтын CW 3000 қондырғысы (іске қосылу мерзімі - 2004 ж. 4 тоқсанында).
      2-кезең - диаметрі 80 мм. - 300 мм. дейінгі құбырларды жасайтын CW 300 қондырғысы (іске қосылу мерзімі - 2005 ж. 3 тоқсанында). Жобаның жалпы бағасы 19,7 миллион АҚШ доллар тұрады, оның ішінде 70 пайызынан көбі Қазақстан Даму Банкісінің несие қаражаты құрайды.
      "АмитехҚарасайПайп" ЖШС бірге барлық "Амиантит" кәсіпорындары ИСО 9001 және 9002 стандартына сәйкес сапа қадағалау жүйесімен жабдықталған. Пайдаланған бастапқы материалдармен, өндіріс шартымен, зертханалық зерттеу нәтижелерімен теңестіруге мүмкіндік беретін сериялы нөмірлер әрбір өнімге беріледі.
      Шыныпластикалық құбырлары металл, бетон, пластамасса және т.б. құбырларымен салыстырғанда пайдалану мерзімі бойынша (75 жылдан кем емес) және салмағының жеңілдігінен (металл құбырына қарағанда 10 есе жеңіл), электрохимиялық коррозиясына төзімділігі жағынан, басқыншылық ортаға табандылығы, қарапайымдылығы, монтажының арзандылығы мен пайдалану жағынан едәуір ұтымды.
      Зауыттың құрылысы бұрынғы шойын қорыту зауытының орнына орналаспақ.
      Өндіріс көлемі жылына 18 миллион АҚШ долларын құрайды, салық көлемі жылына 1,35 миллион АҚШ долларын құрайды.

  3) "Астана-полиграфия" АҚ-да кәсіпорнында кітап
өнімдерін шығаратын жаңа технологиялық желісін енгізу

      "Астана-полиграфия" акционерлік қоғамы - Қазақстанның солтүстік аймағында баспа басылымдарын шығаратын және баспа және полиграфия саласында қызмет көрсететін ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен жасалған ірі және жаппай өндірістерде оқулықтар жасау өндірісін орналастыруға келісімдері бар. Кітап өнімдері қатты және жұмсақ түптеулерде шығарылатын болады.
      Осыған орай керекті құрал-жабдықтарды әлемнің алдыңғы қатарлы полиграфиялық саймандарды жабдықтаушы Industrievertretungen @ Mashchinex-port Baumbach неміс фирмасынан алынады. Жобаның орындалу құны 13,5 миллион АҚШ долларын құрайды және Қазақстан Даму Банкінің беріп отырған несиесі арқылы қаржыландырылады.
      Кітап өнімінің өндіріс көлемі жылына - 4,2 миллион дана, ал ақшалай алсақ - жылына 1260 миллион теңгені құрайды.

  4) Шұжық өнімдерін өндіру жобасы,
бастамашысы "APPLE CITY FOOD" ЖШС

      Жоба ет өңдеу кешенінің жабық оралымды өндірісін ұйымдастыруды қарастырады. Бұл тұтынушылардың барлық талаптарына және жоғары стандартқа сәйкес, сапалы шұжықтарды шығаратын қазіргі заманға тән кәсіпорны болады.
      Шығарылатын өнімдер ассортименті шикі ысталған, ысталған, жасанды және табиғи қабықта пісірілген шұжық және ысталған ет өнімдерінің тағы басқа түрлерінен тұрады.
      Өндірістің технологиясы еуропалық "Ласка" Австрия фирмасының жабдықтарын қолдануды қарастырады. Астана қаласының рыногын күніне 4-7 тонна көлемінде сапалы етпен қамтамасыз ету мақсатында күніне 10 тонна қара мал соғым цехтарын ашуын көздеп, кешенді технологиялық шешім қабылдап отыр.
      Өндірістің толық қуатын пайдаланған жағдайда дайын өнімнің шығарылу көлемі жылына 2640 тонна немесе 1105 миллион теңге.
      Ет өңдеу кәсіпорнының қатарға енгізілген жобаның жалпы бағасы 3929,5 мың АҚШ долларын құрайды.
      Кәсіпорын қызметкерлері жоғары білікті мамандармен толықтырылады, оларды өндірістің құрылу барысында Астана қаласында іріктелініп алынады. Жалпы қызметкерлер саны - 126 адам, ал жалпыайлық қоры амортизациялық төлемдермен бірге жылына 64 562 мың теңгені құрайды.
      Шұжық өнімдері өнеркәсібінің құрылуы болашақта мынадай даму келешектерін қарастырады:
      кәсіпорынның етке қажеттілігін қанағаттандыратын қазіргі заманға сай мал шаруашылық кешенін ұйымдастыру;
      кәсіпорында жартылай фабрикат және аспаздық өнімдерін өндіруді ұйымдастыру;
      Астана қаласында бөлшек азық-түліктер сататын дүкендер жүйесін ұйымдастыру;
      консервіленген ет өнімдері өндірісін ұйымдастыру;
      ет комбинатының құрылыс орнына жер бөлу мәселелері жергілікті әкімшілік органында түгелімен шешілді. Құрылыс жұмыстары 2004 жылдың 3 тоқсанына, ал өндірістің іске қосу мерзімі 2005 жылдың 1 жартыжылдығына жобаланып отыр.

  5) Ағаш бұйымдарының өндірісін ұйымдастыру жобасы,
бастамшысы "SHEBER SC. KZ" ЖШС

      Жобаның негізгі мақсаты жоғары сапалы қарағай ағашынан, бағалы тұқымды ағашпен шпондалған, Италия технологияларын қолдану арқылы терезе және есіктер өндірісін ашу.
      Астана қаласының рыногында жоғары сапалы ағаштан жасалатын барлық технологиялық ережелерді қолдана отырып, еуростандартқа сәйкес, пайдаланғанда сенімді және мықты, сапалы жасалған және жиналған бұйымдардың жоқтығы осы жобаның жүзеге асуының басты себебі.
      Жобаны іске асыру үшін өндіріс бөлмелерін алаңы кемінде 6 мың шаршы метр және керек жабдықтарды Италия "A.F. d Franternali santi Giovanni S C" фирмасынан алуды көздейді.
      Жобаның жалпы бағасы 2 530 712 евро. Сауда-саттық банктерінің несие қаражаттарынан қаржыландырылады.
      Жоба бойынша 77 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
      2004 жылдың 2 тоқсанында өндіріс құрылысына жер учаскесін беру мәселелері толық шешіліп біткен. Құрылыс жұмыстары, монтаждау және жабдықтарды орнату 2004 жылдың 3 тоқсанында бітіруге болжануда. Сол кезде қызметкерлер штаттарын құру жұмыстары, жалпыөндірістік жұмыстары және жарнама компаниялары басталады.

  6) Жартылай вагондарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру,
бастамашысы "Вагоносборочный завод" ЖШС Қазақстан-Ресей
бірлескен кәсіпорны

      Республиканың жүк саябағының вагондарының пайдалану уақытын ұзартумен бірге капиталдық жөндеу жүргізетін "Ақмола вагон жөндейтін зауыты" ААҚ-ы федералды мемлекеттік унитарды кәсіпорны "Уралвагонзавод" өндірістік ұйымымен (Ресей Федерациясы, Нижный Тагил қаласы) бірге 2002 жылы жаңа, моделі 12-132 сусымалы, тиеуші жүктер тасымалдауға арналған жартылай вагондар жасау өндірісін ұйымдастыру мақсатында "Вагоносборочный завод" ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрады. Ресей федерациясының темір жол транспортының федералдық сертификациялық жүйесіне сәйкес белгісін қолдануға лицензиясы және сәйкестік сертификациясы алынған. Өндірістік қуаты қазіргі "АВЖЗ" АҚ-ның алаңында жылына 4000 дана жаңа жартылай вагон жасайтын, жартылай жүк вагондарын өндіретін зауыттың бизнес-жоспары қарастырылып талқыланды.
      Зауыттың ғимаратын және көмекші учаскелерді салуға, жабдықтарды сатып алуға, бөлшектерді жинауға және ілеспелі шығындарға байланысты капиталдық салымдардың негізгі сомасы 15 138 571,7 АҚШ долларын құрайды.
      Ұсынылып отырған 12-132 модельді әмбебап люкті жартылай вагон Қазақстан, Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде жалпы жүйелі қолдануға және көп, басқыншылық қасиеті төменгі температурасы 100 градусқа дейін, жауын-шашыннан жабу талап етпейтін жүктерді тасымалдауға арналған.
      "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ ҰК жаңа зауытының негізгі өтім базарының сату көлемі 38 пайыз, Қазақстан резиденттері көлік компаниялары және басқа ірі кәсіпорындардың - 24 пайыз, сонымен қатар РФ резиденттерінің сату көлемі - 38 пайыз. Келешекте Орта Азия және шетелдерге сату көлемі 20 пайыздай болжалынып отыр.
      Алғашқы мерзімде, сатып алынатын қосалқы бөлшектер мен жинақтайтын бұйымдар бағаларының жоғары екенін ескере, зауыт шығаратын өнімдер құны федералды мемлекеттік унитарды кәсіпорны "Уралвагонзавод" өндірістік ұйымының (одан әрі - ФМУК ӨҰ "Уралвагонзавод") бұйымдарымен салыстырғанда 6,4 пайызға жоғары болады. Ішкі импорт орнын басу бағдарламаларын енгізе отырып, таза пайда қаржысын қолдана, өнім құнын ФГУП "Уралвагонзавод" ӨҰ-ның заводтық бағасының деңгейіне дейін түсіруді жобалап отыр. Болжам бойынша 2005 жылдан 2014 жылға дейін жаңа зауыттың 12-132 жартылай вагонының орташа бағасы 30 мың АҚШ долларынан 28,5 мың АҚШ долларына дейін төмендетуді көздеп отыр.
      Жоба іске қосылған жағдайда қосымша 518 жұмыс орны ашылады және салық төлем мөлшері 4,27 миллион АҚШ долларын құрайтын болады.
      Атап өту керек, осындай мәселелерді шешу, яғни жылжымалы құрамды жаңарту 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1347 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында машина жасау кешенін дамыту бағдарламасында қарастырылған. Сол себептен вагон жасау отандық кәсіпорындар базасында ұйымдастырылуы орынды деп саналады.
      Қазіргі таңда осы инвестициялық жоба Қазақстан Даму Банкінің талқылауында.
      Бұдан басқа, "АВРЗ" АҚ-да өз бетімен жартылай вагондардың қосалқы бөлшектері мен жинақтайтын бұйымдарын жасауды, "Востокмашзавод" АҚ-мен бірлесіп болат құю және кәсіпорындарды ИСО 9001 стандартымен сертификаттау мәселелерін қарастырып отыр.

  7) "Астана Брик" ЖШС-де әрлеу кірпіш
өндірісін ұйымдастыру

      Меншік өнеркәсібінің жоқтығын және сұраныстың өсуін ескере отырып, әрлеу кірпіш өндірісінің зауытын салу көкейкесті мәселе болып табылады, өндіріс көлемі жылына 30 миллион дана кірпіш немесе 900 миллион теңгені құрайды.
      Зауытты жобалау жұмыстарына "НИИ Стройпроект" ЖШС-мен келісім жасалған және жабдықтармен қамсыздандыру "Бедески" италия фирмасымен келісілген. Инвестиция көлемі 8,8 миллион АҚШ долларын құрайды. 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірістің іске қосылуы 2005 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.

  8) Ірі көлемді кірпіш өндірісінің жобасы,
бастамашысы "КазГерСтрой" ЖШС

      Ұсынылып отырған "КазГерСтрой" жобасының басты мақсаты - тұтынушылық сипаты жоғары ірі көлемді кірпіш өндірісін неміс технологиясының базасында жасау. Негізгі шикізат көзі қаланың әкімшілік шекарасының ішінде кездесетін саз балшық кен орындарынан алынатын болады.
      Зауыттың өндіріс қуаты жылына 153,8 мың тонна ірі көлемді кірпіштің 30-дан көп моделінің бірнеше конфигурацияларын 12,5 миллион евроға шығаруын ұйғарып отыр. Сонымен қатар әрлеу кірпіштерін шығару да жоба бойынша қарастырылуда, оның ішінде черепица өндірілуі мүмкін.
      Өндірісті құру үшін, жаңа жабдықтардың бағасымен салыстырғанда, бөлшектеуін, Астанаға дейін жеткізуін және құру шығындары айтарлықтай ақша көлемінде үнемді, Германия зауытының жабдықтарын алу қарастырылуда. Жабдықтардың бағасы жеткізуін қосқанда 4 миллион евроны құрайды. Жобаның жалпы құны 9,35 миллион евро.
      Өнеркәсіпті орналастыру үшін жалпы көлемі 0,8 гектар кем емес жері қоса берілетін өндіріс орны іздестірілуде.
      Жоба жүзеге асқан жағдайда қосымша 60 жұмыс орны ашылады, салық көлемі жылына 1,2 миллион евроны құрайтын болады.

  9) Полиэтилен құбыры өндірісін ұйымдастыру,
бастамашысы LG International

      LG International компаниясы инвестиция көлемі шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрайтын полиэтилен құбырларын өндіретін зауыт құрылысының жобасын жүзеге асыруға ниеттенуде.
      Полиэтилен құбырларын су, газ және кәріздік жүйелерде қолданылады. Поливинилхлорид құбырларымен салыстырғанда полиэтилен құбырларының адам денсаулығына зиянсыздығымен және экологиялық тазалығымен тұтынушылық басымдылықтары жоғары.
      Осы жобаның іске асырылуының екі жолы қарастырылып отыр:
      1-нұсқа - алаңы шамамен 2 гектар бос, ашық учаскесінде;
      2-нұсқа іске қосылмаған өнеркәсіптік аумақтарда.
      Жобаның орындалу мерзімінің және жөндеу-құрылыс жұмыстары мен инженерлік жүйелерін, коммуникацияларды әкелу шығынының қысқарылуы жағынан екінші нұсқа өте қолайлы болып саналады.
      Ұйымдастыру мәселелері шешілгеннен кейін жобаның орындалу мерзімі 1 жылдан аз болады.

  10) "Цесна Астық Концерні" ЖШС-де қолданыстағы
өнеркәсіпті жаңарту және макарондар өндірісін ұйымдастыру

      "Цесна Астық Концерні" ЖШС-нің сұраныс көзқарасы тұрғысынан алғанда, өнімдерін жаңа нарыққа шығару мақсатында кең ассортиментті макарон тағамдарын өндіретін жобаны дайындап отыр. Қосымша басымдылық ретінде өз шикізатын қолданып, өзіндік құнның көлемін төмендете алады. "Паван" Италия фирмасының жабдықтарын қолдану мүмкін шешімдердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
      Сонымен қатар, Концерннің негізгі бағыттарының бірі ретінде ұн тартатын өнеркәсіптің көлемін ұлғайтуды жобалап отыр. Шығындарды оңтайландыру, тартуға арналған дәннің өзіндік құнын төмендету және өнімдер өнеркәсібін жоғарылату мақсатында "Цеснан" ЖШС диірмен қуаттары Жалтыр ауылындағы "Колутон-95" диірмен кешеніне көшірілді. Бұл шешім жабдықтарды өндіретін "Окрим" кәсіпорнының екі диірменде де бір болғанынан және соның салдарынан диірмен кешенінің өндірісі күніне 160 тоннаға жоғарлағанына байланысты қабылданды.
      2004 жылы ең жоғарғы сортты ұнның мөлшерін, автоматтандырылған ылғалдау жүйесін, элеваторда майда бидайды сұрыптайтын және қосымша қондырғылардың жабдықтарын енгізу арқылы 45 пайызға дейін жоғарлатуды жоспарлап отыр.
      Сонымен қатар нан пісіру, қоспажем өндірісін кеңейтуді де жоспарлап отыр.

  11) "Казахсельмаш" Корпорациясы ЖШС-де
өнеркәсіпті дамыту

      "Казахсельмаш" Корпорациясы ЖШС 2004-2005 жылдарға арналған даму жоспары бойынша жаңа кәсіпорындарын ашумен бірге қолданыстағы Корпорация қуатын дамыту көзделіп отыр. Жаңа кәсіпорындарды ашу барысында "СП КазСварко" ЖШС-ін "Сварко" Австрия холдингімен бірлесіп ашу жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорнында жылына 3000 тонна таңба бояуын, жылына 3000 тонна термопластика және көлемі 2000 тонна шынышарлар өндірісі жоспарланып отыр. Жоспар бойынша болжанған өнім көлемінің бағасы жылына 1650 миллион теңгені құрайды.
      Жоба құны - 133 миллион теңге. Орындалу мерзімі 2005 жылдың 2 тоқсанына көзделген.
      Көрсетілген жобалардың орындалуы Астана қаласына 2 жыл ішінде 100 миллион АҚШ доллар сомасында инвестиция тартуға, жыл сайын 15,5 миллион АҚШ доллар салық төлеуге және 1200 жоғары білікті жұмыс орнын ашуға қолайлы жағдай туғызады.
      Осы шартта 2006 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 60,6 миллиард теңгеге көтеріледі - бұл 2003 жылмен салыстырғанда 84,7 пайызға жоғарлауын қамтамасыз етеді және өнеркәсіп өнімдерінің 9 пайызға дейін көтерілуімен жалпы аймақтық өнім құрылымына әсер етеді.
      Әкімдіктің аталған қаулыларын іске асыру мақсатында келесі мәселелерді шешуге көмек көрсетеді:
      жер учаскелерін бөліп беру мәселелері немесе өнеркәсіпті қолданыстағы өнеркәсіп алаңдарды тауып беруге жәрдемдесу;
      қала қызметтері мен өкімет құзыретіндегі ұйымдастыру мәселелерін шешу;
      мемлекеттік даму институттарымен бірге іс-тірліктерде жәрдем көрсету;
      шетелдік серіктер іздеу жұмыстарында жәрдем көрсету және тағы басқалар.

  2. Астана қаласының инновациялық жобалары

      Ұлттық инновациялық қордың ашылу кезінен бастап Астана қаласының кәсіпорындарынан инновациялық жобаларды және ғылыми-зерттеу және құрылымдық жұмыстарды қаржыландыруға 29 өтініш келіп түскен, соның ішінде 7 жоба Инновациялық қордың шешімі бойынша коммерциялық тартымды болып саналды, сол жобалар толық зерттеліп жатыр.

  1) "КЭМТ" ЖШС

      Олефиндерді, арендерді (хош иісті көмірсутегі) және полифункционалдық катализаторлар негізінде газконденсатынан, табиғи және өндірілген мұнай газынан жасалатын мотор майларының керекті қоспаларын өндіретін тәжірибелі өндірісті құрайтын бағасы 30 миллион теңгелік жобаны "КЭМТ" ЖШС ұсынды. Ұсынылған әр-түрлі көмірсутегін өндіретін технология шынайы шикізаттарын қолдана отырып, жоба қондырғыда 1 литр катализатор толтыру арқылы тәжірибелі-өнеркәсіптік сынақтан өтуі қажет.

  2) "Қазақстандық инновациялық технологиялар" ЖШС

      Металл кесуде қолданылатын жаңа магний сутегі газын өндіретін құны 33,4 миллион теңгені құрайтын өнеркәсіп жобасын ұсынып отыр. Магний сутегі газының өндірісінің жалпы өндірістік қуаты жылына 180 мың м 3  өндіретін 2 магний сутегі генераторлар МВГ-5 және МВГ-75 негізінде және жаңа металды газбен кесу технологиясын енгізу мәселелерін зерттеу жобасы бойынша қарастырылған.

  3) "Жаңа технологиялар мен материалдар
енгізу орталығы" ЖШС

      Агапов конструкциялары көлденең сорғалайтын шаң тойтарғыш және градиентті сепаратор негізінде қалдық газдарын суыту және аса күрделі тазалау өнеркәсіп жүйесін енгізу және өндірісін құру жобасы ұсынылып отыр. Жоба бойынша отандық газ тазалауға арналған аппараттардың өндірісін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қажетті қаржы көлемі 575 миллион теңге.

  4) "Электроника және жүйелер
ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС

      Электрондық жедел қадағалау және технологиялық процестерді басқару (ТРС-М) жүйесі өндірісін құру жобасы ұсынылып отыр. Жоба бойынша өнеркәсіп үлгілерін сертификаттау және сериялы электрондық жедел қадағалау және технологиялық процестерді басқару жүйесі өндірісін, Қазақстанда және шетелде сату мақсаттары көзделіп отыр. Қажетті қаржы көлемі 344 миллион теңге.

  5) "Вендор А" ЖШС

      Тасымалданатын мұнайдың кинематикалық құрамын механика-акустикалық жақсарту мақсатында зерттеулер жүргізілді. Мұнай тұтқырлығын төмендету мақсатында, мұнай ағынын дыбыстандыруда зертханалық қондырғыларды жетілдіруге бағытталатын қажетті қаражат көлемі 7,7 миллион теңгені құрайды.

  6) "Лилах" ЖШС

      "Лилах" ЖШС мұнайдың тауарлық сипатын жақсартатын жоба ұсынды. Жоба - құрамында ашық фракциясын көбейту, күкіртсіздендіру, металсыздандыру арқылы Қазақстанның төменгі сортты мұнайының тауарлық сипатын арттыру үшін зертханалық қондырғыларды зерттеуге бағытталған. Қажетті қаржы көлемі 7,7 миллион теңгені құрайды.

  7) "Қазақстандық мұнай және газ институты" АҚ

      Инвестициялық қорға келіп түскен полиальфаолефиндік синтетикалық май өңдейтін технологияны жасайтын "Қазақстандық мұнай және газ институты" АҚ-ның жобасы болып табылады. Жоба мақсаты полиолефиндік синтетикалық майлайтын композицияларын тиімді катализаторларды жетілдіру және олефиндердің олигомеризация және полиальфаолефиндердің гидрлауы процестерінің оңтайлы шарттарын белгілеу. Қажетті қаржы көлемі 7,7 миллион теңгені құрайды.
      Инновацияның дамуының басты мәселелері ғылымның өндіріспен тиімді байланыста болмауы, отандық ғылымның нарықтық экономика талаптарына нашар бейімділігі және ғылыми-техникалық өнімдерді тауар деңгейіне жеткізетін тетіктің жоқтығы.
      Сол себептен Еуразия Ұлттық университетінен және басқа ғылыми мекемелерден, қала кәсіпорындарынан инновациялық іспен айналысатын ғылыми мамандарды тарту арқылы инновациялық бастамалардың даму инфрақұрылымдарын құру жұмыстарына бағытталған, іс жүзінде орындалатын экспортқа бағдарланған жоғарғы технологиялық өнімдерді ғылым таңдаушы және қорды сақтайтын және таза экологиялық өндірістердің зерттеулерін ұйымдастыру.
      Қаланың инновациялық саясаты мынадай мәселелерді шешуге бағытталады:
      үлкен өндірістік әлеует үлесін қолдану арқылы алынатын жаңа өнімдер түрлерін шығаратын өндірістерді табу және құру;
      жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қаланың интеллектуалдық және ғылыми-техникалық әлеуетін өндірісте қолдана алатын тиімді жүйе құру;
      ғылымды дамыту саласындағы саясаттың басты бағыттары:
      ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданыстағы материалдық базаны құру және бекіту;
      кадр әлеуетін сақтап қалу және дамыту, жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау және аттестациялау;
      ғылыми-техникалық қызметтердің жетістіктерін шаруашылық айналымға енгізілген жағдайында қолдап, дем беру және ынталандыру тетіктерін құру және жетілдіру;
      шағын инновациялық кәсіпкерлікті шағын жоғары технологиялық мекемелерге жұмыс жасауына қолайлы жағдай құру арқылы дамыту және оларға алғашқы кезеңде мемлекеттік қолдау көрсету;
      инновациялық жобаларды және бағдарламаларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру. Кіші және тез өтімді инновациялық жобаларды жекеменшік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асыру және келешегі мол өндірістерді және жекеменшік инвесторлардың қатысуын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету.
      Әлемдік тәжірибеге қарасақ, инновациялық бастамалар іргелі және қолданбалы ғылымның ахуалына және ғылыми-техникалық жетістіктердің коммерциялық сұранысына тікелей байланысты. Ғылыми әлеуетін аймақтың инновациялық белсенділігіне елеулі әсер етуі қажет.
      Осыған байланысты қаланың жоғары технологиялық секторларын дамыту жұмысында негізгі күшті ғылыми-техникалық және өндірістік салалардың арасындағы алшақтықты, яғни өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық салалар арасын жақындатуға жұмсалады.

  4-тарау
Инвестициялық және инновациялық қызметтің
дамуының инфрақұрылымын құру

      Экономиканың өңдеу секторына және инновациялық қызметке инвестиция тарту және қолайлы жағдай туғызу мақсатында, қажет инфрақұрылым құру жұмыстары жүргізіледі.
      Бұл бағытта:
      Индустриалдық саябақ;
      Инновациялық орталық (Технологиялық бизнес-инкубатор) құру ұсынылып отыр.

  3. Индустриялық саябақ

      Индустриялық саябақ құрудың басты идеясы жер учаскесін және инженерлік-коммуналдық, ақпараттық қызмет көрсету арқылы өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыратын инвесторларды тарту негізінде жатыр.
      Дәлірек айтқанда бұл қала шекарасындағы 20-дан 100 гектарға дейінгі жер учаскелері болады. Осы учаскелерде жалпы инфрақұрылым (әкімшілік үйі, көліктік, қуаттық, сумен жабдықтау жүйелері) дамитын болады. Кейін бұл саябақ әртүрлі өндіріс орнын құруға кәсіпкерліктерге жалға беріледі. Бұл модель бір учаскеде ондаған, жүздеген әртүрлі бейінді кәсіпорындарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорындардың тек бір үлкен учаскесінде қатар тұрғанынан басқа, арасында ешқандай технологиялық байланыс болмайды. Индустриялық саябақта басқару, барлық ұйымдық мәселелерді шешу, маркетингтік және коммуналдық қызмет көрсету, білікті кадрларды жинау арнайы құрылған мемлекеттік қазыналық мекемесінің дирекциясына жүктеледі.
      Қазақстанда осындай индустриялық саябақтардың жоқ, бірақ әлемнің көптеген елдерінде Қытай, Түркия, Ирландия, Шотландия, Германия, Шанхай және Венгрияда осындай саябақтардың жаңа өнеркәсіп өндірістерін құруда өте тиімді құрал екеніне көздері жетті. Венгрияда салынған өнеркәсіп саябағы ең сәтті тәжірибе ретінде саналады. Үш жылдық өкіметтік "Өнеркәсіп саябағы" даму бағдарламасы бүкіл Венгрия экономикасының жүргізуші факторы болды. Қазіргі таңда Венгрияның өнеркәсіп саябағында 1200 кәсіпорын жұмыс істейді, инвестиция көлемі жылына 1,8 миллиард АҚШ долларын құрайды. Олардың жылдық өндіріс көлемі жалпы мемлекеттік көлемнен 16 пайызға жетеді. Сонымен қатар 80 пайыз өнімі сыртқы нарықта сатылады.
      Астана қаласында индустриялық саябақты құру салдарының тағы бір себебі инвестицияны қала экономикасының өңдеу секторларына тарту мәселесі - өндірістік жерлердің және тиімсіз меншік иелерінің жерлерін ұтымсыз пайдаланғанда тиімді инвесторларға учаскелердің жетіспеуі. Жаңа өндірістік жерлерін игеру өз алдына орындалу мерзімі мен өнім бағасын арттыратын, жер учаскесін таңдау және қиыстыру, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды жеткізу мен қосуға байланысты ұйымдастыру жұмыстарымен сабақтас көптеген қосымша шығындарға әкеліп соқтырады. Осы мәселелер инвестициялардың өнеркәсіпке құйылуын тоқтатушы фактор болып отыр.
      Жаңа индустриялық алқаптар жасау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туып тұр. Осыған байланысты екі шешім ұсынылып отыр:
      біріншісі - ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының іске қосылмаған алаңдарында жаңа өндірістерді орналастыру;
      екіншісі - индустриялық саябақта алаңы 20 гектардан кем емес жаңа жер учаскеде құру;
      Бірінші шешім бойынша қаланың келесі өндірістік алаңдарын қарастыруға болады:
      "Казахсельмаш" корпорациясы" ААҚ аумағы;
      "Астанатехнопарк" ААҚ аумағы;
      Бұрынғы болат құятын зауыт аумағы;
      Бұрынғы "Керамика" зауыты аумағы.
      Өнеркәсіп аймақтарын қайта құрудың негізгі қағидаттары жаңа технология алып келе алатын, жаңа кәсіби жұмыс орнын құратын және салық төлейтін тиімді жекеменшіктердің өз меншігіне өткізу болып тұр.
      Әрекеттегі өндірістік ғимараттарының қайта құру барысында негізгі екі жұмыс түрі мүмкін - өндірістік ғимараттар иелері инвестормен бірлесіп өндірісті құрады немесе жергілікті атқарушы орган ғимарат пен жерді сатып алып, технопарк құру арқылы жаңа инвесторларға өткізеді.
      Бірінші шешімнің басымдылығы оның инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту шығынының азаюында. Сонымен қатар азын-аулақ қайта құру жұмыстарын талап ететін өнеркәсіптік алаңдардың болуы. Бірақ көптеген ірі кәсіпорындар сегменттеліп, басқа әр түрлі кәсіпорындар арасында бөлініп қойылған және де олардың әрі қарай Индустриялық саябақтың кеңейтілу мүмкіндігі шектеулі. Соған байланысты осындай учаскелерде тек қана санаулы кәсіпорындар ғана орналаса алады.
      Екінші шешімнің басты мәселесі Астана қаласында бос жер учаскелерінің жоқтығы. Шешім ретінде "Apple city Food" ЖШС және "SheberSC.kz" ЖШС-не бөлінген учаскелер айналасында қарастырылады.
      Осыған орай, жаңа өндірістерді ұйымдастыру жұмыстарын өткізетін мемлекеттік кәсіпорын құру қарастырылуда. Оларға инженерлік және коммуникациялар жүйесін жүргізу, аймақты көркемдеу (қоршау, көгалдандыру жұмыстары) және керекті инфрақұрылымды жасау (әкімшілік-офистік ғимараттар, қоймалар және т.б.) жұмыстары жүргізіледі. Келешекте инвесторларға қосымша көмек ретінде кедендік құжаттарды рәсімдеу және салық қадағалайтын бекеттерді ашу жоспарлануда.
      2005 жылы құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында 2004 жылдың екінші жартыжылдығында нысаналы индустриялық саябақтарды орналастыратын алаңдарды таңдау, керекті жобалық-смета құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

  4. Инновациялық орталықтар
(Технологиялық бизнес-инкубаторлар)

      Егер индустриялық саябақ капитал сыйымды өнімдер өндіретін ірі масштабты өндірістерді орналастыруға бағытталған болса, ал Инновациялық орталықтар немесе технологиялық бизнес инкубаторлар болса, онда үлгі өнімдерін зерттеуге инфрақұрылымы икемді өндіріс орындарын беру және инкубациялық қызмет көрсету, әсіресе құқықтық қызмет, бизнес-консалтинг қызметі, бухгалтерлік, маркетингтік және т.б. қызметтер көрсету арқылы орташа инновациялық компанияларды өсіруге бағытталады.
      Осыған орай мақсаты мен міндеті инновациялық бастамаларға жәрдемдесу болатын ғылыми-зерттеу орталықтарымен, университеттермен және мемлекеттік даму институттарымен жергілікті атқарушы органдардың бірігіп әрекет жасауы қарастырылуда.
      N 1 тәсімінде (N 3 қосымша) тараптардың инновациялық орталық құрған жағдайдағы өзара қарым-қатынасының классикалық тәсімі көрсетілген. Инновациялық орталықтар институттарымен, әрекеттегі университет алаңдарымен байланыс сияқты басқа да қарым-қатынастар ескеріледі.
      Бұл орталықтар ғылыми және инновациялық бастамаларды ынталандыруға, инновациялық өндірістер мен процестерді экономикаға енгізуге, экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісі мен технологиялардың трансферттік процестері арқылы экономиканың технологиялық дамуын қолдау қажет. Жоғары интеллектуалды және техникалық-материалдық қоры мол Еуразия Ұлттық университетінің даму тұжырымдамасында технопарк құру жоспары орын алған. Нақты ғылыми-техникалық зерттемелер мен ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өнімдерді коммерциялау, жоғары технологиялық бейінді компанияларды инновациялық орталық негізінде құру мен тарту, ЕҰУ-нің деңгейін халықаралық білім және ғылым кеңістігінде арттыратыны сөзсіз.

  5-тарау
Дүниежүзілік Сауда Ұжымына кіру

      Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі көкейтесті қажеттілік, бұл ұжымда қабылданған ережелер, нормалар, механизмдер бойынша сыртқы сауда мен ішкі тауарлар өнеркәсібінің және қызметінің шарттарын түбегейлі өзгертуге тұрақты экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасауына көзделген мәселе.
      ДСҰ-ға кіру процесінің барысында Астана қаласында экономика салаларын дайындауға үлкен кешенді жұмыс жасалады, соның ішінде үйрету сабақтарын жүргізу, ДСҰ-ның бастапқы ережелері мен қағидаттарын талқылау мақсатында отандық өнімдер мен қызмет өндірістерінің қатысуымен аймақтық конференциялар өткізу, экономиканың әр секторында әлемдік ИСО сапа жүйесіне кәсіпкерліктерді ауыстыру шараларын жүргізу.

  6-тарау
Инвестициялық саясат

      Өткізіліп жатқан индустриялық-инновациялық дамуына қатысты инвестициялық саясаттың басты мақсаты қала кәсіпкерліктерінің инвестициялық жобаларының базасын құру және қаржыландыру көздерін белгілеу және мемлекеттің араласуынсыз жеке секторлардың шамасы келмейтін учаскелерге керекті қолдау тетігі мен инвестицияларды тарту болып отыр.
      Осы жұмыс барысында қалалық кәсіпкерліктерінен келіп түскен жобалардың ішінен Мемлекеттік даму институттары тарапынан қаржыландырылатын ең тиімді жобаларды іріктеу, талқылау жұмыстары жүргізіледі.
      Қойылған міндеттерді орындау мақсатында өткізіледі:
      инвестициялық процесті ақпаратпен қамтамасыз ететін жүйені дамыту арқылы қаланың беделін және инвестициялық көркемділігін қалыптастыру;
      аймақтың инвестициялық мүмкіншіліктерін айқындайтын шаруа субъектілерінің әр түрлі ақпаратты-жарнамалық баспа материалдарын басып шығару;
      отандық және шетелдік инвестицияларды экономикамыздың тиімді салаларына тарту;
      ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізу;
      Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және өндірістік әлеуетіне сәйкес инвестициялық саясат қалыптастыру жұмыстары жалғастырылады. ТМД және шетел елдерінің аймақтарымен байланыс орнату және аймақ инфрақұрылымдарына тікелей инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен және Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломатиялық және сауда өкілдіктерімен, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің инвестициялық комитетімен, "Казинвест" ЖАҚ-мен Ресей Федерациясының аймақтарымен қарым-қатынасы жалғастырылады.

  7-тарау
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары

  5. Еңбек

      Бағдарламаның орындалуы оның өнеркәсіп өндірісінің инновациялық дамуына сәйкес жоғары кәсіби мамандармен жабдықтауға тікелей тәуелді. Бұл ғылыми, инженерлік-техникалық, ғылыми-конструкторлық және басқарушы кадрларға (менеджерлерге) қатысты.
      Осы мәселені шешу үшін өнеркәсіптің және жоғары технологияның даму қарқынында керекті әр түрлі мамандарды дайындайтын бағдарлама жасалады.
      Қосылған құн көлемі жоғары өңдеу өнеркәсіп салаларының жылдам дамуы, өндіретін өнім көлемін айтарлықтай жоғарлататын инвестициялық жобаларды орындау білікті мамандардың қажеттілігіне әкеліп соғады.

  6. Еңбектік ресурстары, білімді дамыту
және кадрлар дайындау

      Экономика салаларын сапалы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін барлық ұжымдар мен кәсіпорындардың кәсіби мамандарға және орта және жоғары кәсіби білімі бар мамандарға қажеттілігін үздіксіз мониторинг жүргізу арқылы қадағалау керек.
      Сол мақсатта қалада жоспарлануда:
      экономика салаларының кадрларға қажеттілігін зерттеу жұмысын жүргізу, сонымен қатар инновациялық мамандықтар мен еңбек нарығы талап ететін мамандар бойынша білікті жұмысшыларды және орта және жоғары буындар мамандарын даярлау және қайта даярлау мәселелері;
      инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындарына еңбек кадрларын дайындау, сонымен қатар білім орындарында теориялық оқу курсын, өтініш берген кәсіпорнында өндірістік-әдісшілдік практикасын өтуді ескеретін көп кездесетін мамандықтар мен "кәсіптілігі төмен мамандарды" келісім негізінде орналастыру.
      Басқару институты 2004-2005 оқу жылынан бастап инновациялық менеджерлерді мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу формасына және коммерциялық негізде сыртқы оқу формасына 1-2 топтар бойынша (әрқайсысының саны 25 адам) дайындауға дайындық танытып отыр, сол себептен осы жылдың бюджетіне керекті қаржыны алдын ала қарастырып қою қажет.
      Көп кездесетін мамандықтар және орта буын мамандары бойынша бюджет және өтініш берген кәсіпорны қаражаттарын қолдана міндетті түрде сол кәсіпорынға жұмысқа орналастыру мақсатымен кадрлар дайындау жұмыстары жүргізіледі.
      Теориялық және практикалық білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында қаланың қолданыстағы оқу орындары негізінде біліктілігін жоғарлататын және қайта дайындайтын орталықтар ұйымдастыру қажет.
      Кәсіптік мекемелердің мұғалімдер қатарының білім деңгейін арттыру мақсатында қала кәсіпорындары базасында жаңа технологияларда жұмыс істету арқылы арнайы пәндер мұғалімдерін және өндірістік оқыту шеберлерін мерзімді сынақ ісінен өткізіп тұру қажет.
      Жоспарланған шараларға қол жеткізу бізден - оқу-әдістемелік және оқу процесін ақпаратпен қамтамасыз ету, оқу-өндірістік және материалдық-техникалық базасын нығайту, осы негізде, нарықтың талабына байланысты, сапасы мен кәсіби білім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін оқу орындарын ақпараттандыруды талап етеді.

  7. Стандарттау, метрологиялау және сертификациялау
салаларындағы саясатты іске асыру

      Кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесі және оның ИСО стандартының 9000 және 14000 серияларының талаптарына сәйкестік сертификаттауын енгізу Қазақстанның ДСҰ-на кіру шаралары тұсында өндірілетін өнімдердің бәсекелестік қабілетті болуы жұмыстарының маңызды бағыты болып табылады.
      Осы бағыттағы шаралардың мақсаты өнімдерді әлемдік стандартына сәйкес стандарттау, метрологиялау және сертификациялау негізін құру, әрекеттегі ақпараттық орта, стандарттау, метрология, сертификаттау және лицензиялау салаларында мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және орындау үшін құқықтық және нормативтік-әдістемелік база құру болып табылады.
      Өндіріліп жатқан өнімнің сапасын арттыру және тапсырыс берушінің талабын ескере үнемі жетілдіріп отыру, және әрекеттегі технологияларды оңтайландырып, кәсіпкерліктерді керекті қаржымен қамтамасыз ету жаңа жоғары технологиялы өнімдер нарығын игеруге мүмкіндік береді.
      Стандарттау және сертификациялау салаларындағы саясат мына жолдар арқылы іске асырылады:
      сертификациялау және сынау зертханаларының жүйесін кеңейту жұмыстарын жалғастыру;
      2010 жылға тіркелген сынау зертханаларын еуропалық және басқа әлемдік талаптарға сәйкестіру;
      өнеркәсіп өнімдерінің сертификациялау қызметін көрсететін нарығында бәсекелестік орта жасау;
      кәсіпорындарда стандарттау және метрология қызметін құру және дамыту;
      стандарттау, метрология және сертификациялық ақпараттық орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту және кеңейту;
      кәсіпкерліктерде ИСО әлемдік стандартының 9000-14000 серияларына сәйкес сапа жүйесі және экологиялық менеджмент салаларын жетілдіру және енгізу;
      өндірілетін өнімнің сапасында мемлекеттік қадағалауды жетілдіру;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстанның ең үздік тауарлары" және "Сапа саласында қол жеткізген жетістіктері үшін" сыйлықақы конкурстарына аймақтық кәсіпкерліктердің қатысуы;
      Өнеркәсіп кәсіпорындарында сертификациялық аудит жұмыстары жүргізілуде. Өткізілетін кешенді семинарлар мен конференцияларға қатысуларын қамтамасыз ету, республикалық және аймақтық стандарттау, метрология және сертификациялау органдарында мамандарды оқыту жалғастырылады.
      Аталған шаралардың орындалуы отандық өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілетін арттырады, оның ішкі нарықтағы позициясын нығайтады және аймақтың экспорттық әлеуетін жоғарлатады.

  8. Ақпараттық саясат

      Осы бағдарламаға ақпараттық жәрдем ретінде қалада келесі шаралар өткізіледі:
      бағдарлама салалары бойынша семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу,
      БАҚ-да мақалаларды жариялау,
      орталық атқару органдарына инновациялық өндірісті дамыту мәселелерін қарастыратын нормативтік-құқықтық базасын жетілдіретін ұсыныстарды дайындау,
      қаланың әкімімен кәсіпкерлердің кездесуін ұйымдастыру,
      қала кәсіпорындарына және жеке салаларына қолданыстағы қалалық консалтингтік және консультациялық орталықтар арқылы ақпараттық көмек көрсету,
      консалтингтік және ақпараттық орталықтарды біріктіретін ортақ жүйе құру ретінде "Электрондық қалалық портал" сайтын жұмысқа енгізу,
      іскер ынтымақтастық саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында іскерлік кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар өткізу,
      Стратегиялық серіктер табуға ынталы кәсіпорындар жайында ақпараттар жинайтын база құру және сол базаларды шетелдік ақпараттық орталықтарға және бизнесмендерге жеткізу.

  6-бөлім
Қажетті ресурстар мен бағдарламаның қаржыландыру көзі

      Бағдарлама жергілікті бюджеттен, кәсіпорындардың жеке қаражаттарынан, мемлекеттік даму институттары, екінші деңгейдегі банктердің несиелік қоры және басқа тартылатын инвестициялар арқылы қаржыландырады. Шағын бизнес саласында ғылымды қажетсінетін технологиялардың дамуы бойынша шағын бизнесті қолдау бағдарламасы барысында жеңілдік несиелеу жоспарланып отыр.
      "Инновациялық қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңы бойынша инновациялық қызметтерді республикалық және жергілікті бюджетімен қоса мемлекеттік және мемлекеттік емес инновациялық қорлардан инновациялық қызмет субъектілерінің жеке қорларынан, халықаралық қаржы ұжымдарының қаражатымен және т.б. қаржыландыру көзделіп отыр.
      Бюджет қорының шектеулігіне байланысты тартылған мемлекеттік инвестицияларды қаланың керекті базалық және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына бағытталады.
      Өндіріс көлемін жоғарлатуды қамтамасыз ету және кәсіпкерліктердің әрі қарай дамуына жағдай жасайтын экономиканың нақты секторларын жетілдіретін бірнеше инвестициялық жобалар дайындалған. Жобаларды орындау барысында мемлекеттік даму институттарының қаражатын қолдану қарастырылуда.
      Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2004-2006 жылдар кезеңіне Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 311,94 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланды. Республикалық бюджеттен қаражат тарту көзделмеген.
      Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін 100 миллиард теңге көлемі есебінде тікелей инвестициялар және кәсіпорындардың жеке қаражаттары түрінде коммерциялық банктердің, мемлекеттік дамыту институттарының, жеке инвесторлардың қаражаттары тартылады.

  7-бөлім
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаның ұтымды орындалуы:
      бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге қолайлы жағдай туғызуға;
      өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге;
      инновациялық әрекетінің дамуына;
      кәсіпорындардың өндірістік базаларының техникалық жабдықталу деңгейін арттыруға;
      қолданыстағы өнеркәсіптік әлеуеттерді барынша қолдануға;
      нарық көлемін арттыруға және құрылыс материалдарының импортын төмендетуге;
      өнеркәсіптік кәсіпкерліктерді әрі қарай дамыту және кеңейту жолдарымен шағын бизнес субъектілерінің үлесін өнеркәсіптік өндірісі көлемінде арттыруға;
      экспортқа бағдарланған және жалпы өндірілетін өнімдер сұрыпталымын кеңейтуге ықпал етеді.

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 1-ші қосымша       

N 1 График        

Өнеркәсіптік өндірісінің негізгі
қызмет түрлері бойынша құрылым
қағаз мәтініне қараңыз

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 1-ші қосымша       

N 2-ші График       

Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылысы
қағаз мәтініне қараңыз

 

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 1-ші қосымша       

N 3-ші График        

Жалпы аймақтық өнім және өндірістік кәсіпорындар
өнімдер көлемінің өсу серпіні (млн. теңге)
қағаз мәтініне қараңыз

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 1-ші қосымша       

N 4-ші График        

Жалпы аймақтық өнімдегі өнеркәсіптің үлесі (%)
қағаз мәтініне қараңыз

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 2-ші қосымша       

N 1-ші кесте         

Өнеркәсіптердің негізгі даму көрсеткіштері

___________________________________________________________________
            |                   Жылдар:
            |______________________________________________________
            | 1997  | 1998  | 1999  | 2000  | 2001  | 2002  | 2003
___________________________________________________________________
Өнім көлемі 16411,8 16512,7 15521,7 18427,0 24744,5 28252,0 33880,0
(жұмыс,
қызмет)
Қолданыла.
тын бағада,
млн. теңге

Өнімдердің    102,4   100,1    95,7   112,3   118,5   113,7  110,8
жеке көлем
көрсеткіші,
өткен жылмен
салыстыр.
ғанда %
___________________________________________________________________

Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 3-ші қосымша       

N 1-ші тәсім        

Инновациялық орталықтар құрылтайшыларының
өзара байланысу тәсімі

___________________________________________________________________
                            Құрылтайшылар
___________________________________________________________________
         |                 |                     |
         |                 |                     |
_________|_________    ____|______   ____________|_________________
Университеттер не.      Әкімдік       Мемлекеттік даму институттары
месе алдыңғы қатарлы                 ("Национальный инновационный
ғылыми-зерттеу                        фонд" АҚ, "Центр инжиниринга
орталықтары                           и трансферта технологий" АҚ,
                                          Аймақтық венчур қоры)
___________________    ___________   ______________________________
         |                 |                     |
         |                 |                     |
_________|_________   _____|_______  ____________|_________________
Ғылыми жәрдем және    Жер, ғимарат,   Гранттар беру, трансферттік
  ынтымақтастық       инженерлік-        технологиялар, ғылыми
                      коммуника.       зерттеулерді қаржыландыру
                      циялық инфра.
                      құрылымдарды
                          беру
___________________   _____________  ______________________________

8-бөлім           
Астана қаласының       
индустриялық-инновациялық  
дамуының 2004-2006 жылдарға 
арналған бағдарламасына   
N 4-ші қосымшасы       

Астана қаласының индустриялық-инновациялық
дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

___________________________________________________________________
Р/с| Іс-шаралар атауы | Аяқтау |Орындауға |Орындау|Болжамды|Қаржы.
 N |                  | нысаны |жауаптылар|мерзімі|шығыстар|ландыру
   |                  |        |          |       |        |көзі
___________________________________________________________________
      1. Индустриялық-инновациялық дамуының басымдықтары
___________________________________________________________________
1) Қаланың өнеркәсіп.  ИСМ-не   Экономика, Жыл        -        -
   тік инвестициялық   есеп     сауда және сайын
   және инновациялық   беру, ай кәсіпкер.  2 және
   әлеуеттері туралы   сайын    лік депар. 4 тоқса.
   тұрақты мониторинг  Астана   таменті    нында
   жүргізу және ба.    қала.    (ЭсжКД)
   сымды инвестициялық сының
   жобаларды іске      әкіміне
   асыру.              есеп
                       беру

2) Қаланың өнеркәсіп.  Астана   ЭсжКД      Жыл     2005 ж.  Жергі.
   тік кәсіпорындары.  қала.               сайын   - 1,8    лікті
   ның даму жоспарын   сының               4-тоқ.  2006 ж.  бюджет
   құру.               әкіміне             санда   - 2,0
                       есеп                2005
                                           жылдан
                                           бастап

3) Рыногтар мен өнер.  Астана   ЭсжКД      Жыл     2005 ж.  Жергі.
   кәсіптік кластер.   қала.               сайын   - 1,8    лікті
   лерді зерттеу.      сының                       2006 ж.  бюджет
                       әкіміне                     - 2,0
                       есеп
                       беру,
                       ИСМ-не
                       ұсыныс
___________________________________________________________________
   2. Инвестициялық қызметке қолайлы жағдайлар қалыптастыру
___________________________________________________________________
1) Басымды қалалық     Көкей.   ЭсжКД      Тұрақты     -       -
   жобалар тізімін     тесті
   құру.               жобалар
                       тізімі

2) Басымды қала        Ай       ЭсжКД,     Тұрақты     -       -
   органдары мен       сайынғы  жұмылды.
   қызметтері арқылы   Астана   рылған
   өткенде іске асы.   қаланың  қалалық
   рылуына жәрдемдесу. әкіміне  органдар
                       есеп     мен қыз.
                       беру ба. меттер
                       рысында
                       мағлұмат
                       беру

3) Басымды аймақтық    Астана   ЭсжКД      Тұрақты     -       -
   жобалардың мемле.   қала.
   кеттік даму инсти.  сының
   туттары арқылы      әкіміне
   өтуіне жәрдемдесу.  ай
                       сайынғы
                       есеп беру
                       барысында
                       мағлұмат
                       беру
___________________________________________________________________
       3. Инвестициялық және инновациялық инфрақұрылымды
                         қалыптастыру
___________________________________________________________________
                  3.1. Индустриялық саябақ құру
___________________________________________________________________
1) Қала аумағындағы    Астана   Экономика, 3-ші        -       -
   өнеркәсіптік және   қала.    сауда және тоқсан
   бос жер учаскелер   сының    кәсіпкер.
   әлеуетін зерделеу.  әкіміне  лік депар.
                       ұсыныс   таменті,
                                "шағын
                                бизнесті
                                қолдау ор.
                                талығы"
                                МКК,
                                Сәулет
                                және қала
                                құрылысы
                                департаменті,
                                Астана
                                қалалық жер
                                ресурстарын
                                басқару
                                жөніндегі
                                комитет
                                (келісім
                                бойынша)

2) Индустриялық сая.   ТЭН      ЭсжКД,     4-      2004 ж.  Жергі.
   бақ құрылысының              МКК "КБҚО" тоқсан  - 5,0;   лікті
   ТЭН дайындау және                       2004 ж. 2005 ж.  бюджет
   іске қосылмаған                                 1-тоқ.
   алаңдарды сатып                                 санында
   алу шығындарын                                  - 15,0
   белгілеу.

3) Индустриялық саябақ Орын.    ЭсжКД,     2005 ж. 2005 ж.  Жергі.
   құрылысы және       далған   МКК "КБҚО"         - 150,0  лікті
   өнеркәсіптік        жұмыс                                бюджет
   аймағын сатып алу.  актісі
___________________________________________________________________
         3.2. Технологиялық бизнес-инкубаторын құру
___________________________________________________________________
1) Технологиялық       Астана   ЭсжКД,     2004 ж. 2005 ж.  Жергі.
   бизнес-инкубаторын  қала.    МКК "КБҚО" екінші  - 100,0  лікті
   орналастыруға іске  сының               жарты            бюджет,
   қосылмаған ғимарат. әкіміне             жылды.           Ұлттық
   тарды таңдау және   ұсыныс              ғында            инвести.
   сатып алу.                                               циялық
                                                            қоры

2) Қала әкімдігі       Қала     ЭсжКД      2004 ж.
   жанындағы иннова.   әкімді.             екінші
   циялық даму мәсе.   гінің               жарты
   лелері жөніндегі    қаулысы             жылды.
   сараптау кеңесін                        ғында
   құру.

3) Технологиялық       Консуль. ЭсжКД,     2005 ж. 2005 ж.  Жергі.
   бизнес-инкубаторы   тациялық МКК "КБҚО" бірінші - 10,0;  лікті
   жанынан консалтинг. орталық             жарты   2006 ж.  бюджет
   тік және консульта.                     жылды.  - 15,0.
   циялық орталықтар                       ғында
   құру.
___________________________________________________________________
                    4. Инвестициялық саясат
___________________________________________________________________
1) Қаржы қажет ететін  Жобалар  ЭсжКД,     2004 ж.    -        -
   инвестициялық жоба. тізімі   қала кәсі. 4-
   лардың тізімін               порындары  тоқсан
   қалыптастыру.

2) Астана қаласының    Инвести. ЭсжКД      Тұрақты    -        -
   инвестициялық ұсы.  циялық
   ныстарын дайындау   ұсыныс.
   және ұсыну.         тар
                       тізімі

3) Аймақтық инвести.   Қала     ЭсжКД,     2005 ж. 2005 ж.  Жергі.
   циялық қорын құру   әкіміне  Қаржы деп. 1-жарты - 2,7    лікті
   мәселесін зерделеу. ұсыныс   артаменті, жылдығы          бюджет
                                консал.
                                тингтік
                                компания
___________________________________________________________________
        5. Ақпараттық қамсыздандыру және үгіт-насихат
___________________________________________________________________
1) Қала кәсіпорында.   Көрме    ЭсжКД,     2004 ж. 2005 ж.  Жергі.
   рының өндіретін     орталығы МКК "КБҚО" 4-      - 1,5    лікті
   тауарлардың тұрақты                     тоқсан  2006 ж.  бюджет
   көрме орталығын                                 - 1,5
   құру.

2) Қала кәсіпорында.   Іскерлік ЭсжКД      Тұрақты    -       -
   рының өнім өндіру   ынтымақ.
   рыногын кеңейтуге   тастық
   жәрдемдесу.         ұсынысы

3) Мемлекеттік даму    Семи.    ЭсжКД,     Тұрақты    -       -
   институттарының     нарлар   даму инс.
   қызметі жөнінде              титуттары
   семинарлар мен ақ.           (келісім
   параттық-таныстыру           бойынша)
   шараларын өткізу.

4) БАҚ инновациялық    Баспасөз ЭсжКД      Тұрақты    -       -
   дамуды насихаттау   релиз.
   жұмыстарына тарту,  дері, 
   дөңгелек үстелдер   БАҚ-на
   мен баспасөз кон.   мағлұ.
   ференциялар ұйым.   маттар
   дастыру және
   өткізу.
___________________________________________________________________
       6. Өндірістің бәсекеге қабілетті факторларын
                     арттыру шаралары
___________________________________________________________________
1) Білікті мамандарға  ЕХӘҚМ-не Еңбек және Желтоқ.    -       -
   сұраныс ахуалын     ұсыныс   халықты    сан жыл
   талдау және жұмыс            әлеуметтік сайын
   күшін дайындауға,            қорғау де.
   сондай-ақ тартылған          партамен.
   шетелдік жұмыс               ті, Білім
   күшінің құрылымы             департа.
   бойынша дайындау.            менті,
                                ЭсжКД

2) Индустриялық-инно.  Қазақ.   Астана     Жел.
   вациялық даму мәсе. стан     қаласының  тоқсан
   лелері бойынша мем. Респу.   мемлекет.  жыл
   лекеттік қызметкер. бликасы  тік қызмет сайын
   лердің біліктілігін Мемле.   жөніндегі
   арттыруды           кеттік   басқармасы,
   ұйымдастыру.        қызмет   ЭсжКД
                       істері
                       жөнін.
                       дегі
                       агент.
                       тікке
                       есеп
                       беру.
___________________________________________________________________
        7. Халықаралық сапа стандартының жүйесін енгізу
___________________________________________________________________
1) Халықаралық стан.   Іс-ша.   ЭсжКД,     2004 ж.    -        -
   дарт ИСО 9000 және  ралар    "(Ұлттық   2-тоқсан
   14000 сериялары     жоспары  сараптау
   негізінде Астана             және сер.
   қаласының кәсіп.             тификация
   орындары мен ұжым.           орталығы"
   дарына менеджмент            ААҚ,
   сапа жүйесін енгізу          Қазақстан
   жұмыстарының                 Республи.
   жоспарын әзірлеу.            касы Мем.
                                лекеттік
                                стандарт
                                Мемлекет.
                                тік қада.
                                ғалау
                                басқармасы
                                (келісім
                                бойынша)

2) Халықаралық стан.   Семи.    ЭсжКД,     2004-      -        -
   дарт ИСО 9000 және  нарлар   "НаЦЭкС"   2005 жж.
   14000 серияларының           ААҚ,
   мақсаты мен міндет.          Мемле.
   терін түсіндіру              кеттік
   семинарларын шағын           қадағалау
   және орта бизнес             басқармасы
   өкілдерінің
   арасында өткізу.

3) Менеджмент сапа     Қызметі  ЭсжКД,     Жыл     2004 ж.
   жүйесін енгізу      туралы   консал.    сайын   - 0,7
   мәселелері бойынша  есеп     тингтік            (ЭсжКД
   қала кәсіпорындары           компа.             001 бағ.
   үшін алғашқы кеңес           ниялар             дарламасы
   ұйымдастыру                                     бойынша)
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады