Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекітуi туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 3-1-1905қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда N 365 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 23-887қ қаулысымен

       Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы N  23-887қ қаулысымен
________________________________________

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстi тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Қағида).

      2. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 26 ақпандағы N 3-1-603қ "2004 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" қаулысының (Астана қаласының Әдiлет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда
N 319 болып тiркелген; 2004 жылғы 10 сәуiрдегi N 47 "Астана ақшамы", 2004 жылғы 8 сәуiрдегi N 40 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары М.Е. Толыбаевқа жүктелсiн.

      Әкім

      Әкiмнiң бірінші орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнің орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмi меңгерушiсiнiң
      міндетін атқарушы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаментi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң директоры

      "Астана қаласының Еңбек,
      халықты жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк қорғау департаментi"
      мемлекеттiк мекемесi
      бастығының мiндетiн атқарушы

Астана қаласы әкiмдiгінің
2004 жылғы 9 желтоқсандағы
N 3-1-1905қ қаулысымен 
бекiтiлген      

Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн
тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа)
әлеуметтiк көмек көрсету
Қағидасы

      Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтiк көмек азаматтардың мына санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысына қытысқандар, мүгедектер және оларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) жасы бойынша зейнеткерлерге;
      3) 1, 2 топ мүгедектерiне;
      4) төрт және одан көп бiрге тұратын кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар (оның iшiнде жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалары, олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн - олардың оқу орнын бiтiрген уақытына дейiн) көп балалы аналарға (анасының болмауы жағдайында - әкесiне, не қорғаншыға немесе қамқоршыға) ұсынылады.
      2. "Жергiлiктi өкiлеттi органдар шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бағдарламасының әкiмшiсi (бұдан әрi - Бағдарлама) Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi (бұдан әрi - Әкiмшi) болып табылады.
      3. Әкiмшi мен денсаулық сақтау мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi орган - Астана қаласының Денсаулық сақтау департаментi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) өзара байланыс жасай отырып, Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етедi.
      4. Бағдарламаны iске асыру мақсатында Әкiмшi, Уәкiлеттi орган және азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуеттi жабдықтаушысын анықтау жөнiндегі ашық конкурс жеңiмпазы (бұдан әрi - Жеңiмпаз) арасында тараптар мiндеттерi мен ол мiндеттердi орындау жағдайы көрсетiлген шарт жасалады.
      5. Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жеке басының куәлiгi және осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар санатына жататындығын растайтын куәлiк негiздеме болып саналады.

2. Қаржыландыру және қызметтер көрсету тәртiбi

      6. Азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) әлеуметтік көмек көрсетудiң қаржыландыру көзi Астана қаласының бюджетi болып табылады.
      7. Әкiмшi:
      1) осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа) Уәкiлеттi орган ұсынған салыстырылған тiзiлiм мен орындалған жұмыстар актiлерi негізiнде қала бюджетiнде тиiстi қаржы жылына көзделген қаражаттар шегiнде тiкелей Жеңiмпазға шығындар төлемiн жүргiзедi;
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң "Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қалалық филиалының мәлiметтер базасынан Жеңiмпаздардың ұсынған тiстерiн тегiн протездеу қызметтерi көрсетiлген адамдар тiзiмiн салыстыруды жүзеге асырады.
      8. Уәкiлеттi орган:
      1) тиiстi жылына азаматтардың жекелеген санаттарына тiстерiн тегiн протездеу (бағалы металдардан протездеуден басқа) бойынша қызметтердi әлеуеттi жабдықтаушыларды анықтау жөнiндегi ашық конкурс хаттамасымен бекiтiлген бағаларына сәйкес жұмыс құны мен Қағиданың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Жеңiмпаздар ұсынған тiзiлiмдер мен орындалған жұмыстар актiлерiн ай сайын салыстыруды;
      2) ай сайын келесi айдың 10 күнiне дейiн Әкiмшiге көрсетiлген қызметтердiң салыстырылған тiзiлiмдер мен орындалған жұмыстар актiлерiн берудi жүзеге асырады.
      9. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк сатып алулар туралы шарттар жасағаннан кейiн Жеңiмпаздар халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына тiстерiн тегiн протездеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар етедi.
      10. Тiстерiн тегiн протездеуге құқы бар азаматтар Жеңiмпаздардан дәрiгерлiк тексерiстен өтедi және тiс протездеудi (бағалы металдардан протездеуден басқа) қажет етушi ретiнде тiркеледі.
      11. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оған теңестiрiлген адамдарға тiстерiн тегiн протездеу (бағалы металдардан протездеуден басқа) жөнiндегi қызметтер кезектен тыс көрсетiледi.
      Азаматтардың қалған санаттарына тiстерiн тегiн протездеу (бағалы металдардан протездеуден басқа) кезек тәртiбiнде көрсетiледi.
      12. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетiлген азаматтар санаттарына тiстерiн тегiн протездеу құқығы жылына бiр рет берiледi.
      13. Жеңімпаз тіс протездерiн дайындау, жөндеу және орнату (бағалы металдардан протездеуден басқа) жөнiндегi жұмыстарды тиiстi жылға арналған азаматтардың жекелеген санаттарына тегін тiстерiн протездеуге жабдықтаушысын анықтау жөнiндегi ашық конкурс нәтижесi жөнiндегi хаттамасымен бекiтiлген бағаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Жеңiмпаздар ай сайын келесi айдың 5 күнiне дейiн уәкiлеттi органға Қағиданың 1, 2-қосымшаларына сәйкес тiзiлiмдер мен орындалған жұмыстар актiлерiн ұсынады.
      15. Жеңiмпаздар сапалы қызметтiң көрсетiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Сапасыз қызметтiң көрсетiлгенi жөнiнде деректер анықталған жағдайда Жеңiмпаздар оларды өз қаражаты есебiнен жоюға мiндеттi.

_________________________

                                Азаматтардың жекелеген санаттарына
                                тістерін тегін протездеуге (бағалы
                                  металдардан протездеуден басқа)
                                әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасына
                                            1-қосымша

             200_жылды_________тiстерiн тегін протездеу
                          (айы)
                бойынша көрсетiлген қызметтер
                           ТIЗIЛIМI

___________________________________________________________________
N   | Аты-жөнi | Тұратын    | Мәртебесi |(көп балалы| банк  | Сомасы
р/c |          | мекен-жайы |           |ананың)    | филиа-|
    |          |            |           | зейнетақы | лының |
    |          |            |           |куәлігінің |нөмірі |
    |          |            |           |  нөмірі   |       |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қызметтердi жеткiзушінiң
            басшысы             ____________          _____________
                                   (қолы)               (Аты-жөнi)
                          М.О.

                                Азаматтардың жекелеген санаттарына
                                тістерін тегін протездеуге (бағалы
                                  металдардан протездеуден басқа)
                               әлеуметтiк көмек көрсету Қағидаларына
                                            2-қосымша

                      Орындалған жұмыстар
                            AKTICI

___________________________________________________________________
Протездел-| Әлеуметтiк | Орындалған|Орындал- |Қызмет-|Жалпы| Протез-
геннiң   |  мәртебесi |жұмыстардың|ған жұмыс|тердiң/|құны |делгенің
аты-жөнi  |            |  мерзiмi  | тардың  | жұмыс-|     | қолы
          |            |           | түрлерi | тардың|     |
          |            |           |         | құны  |     |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       Қызметтердi жеткiзушінiң
            басшысы             ____________          _____________
                                   (қолы)               (Аты-жөнi)
                          М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады