Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімдігінің 05.11.2014 № 02/11720 хатымен).
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі N№414 "Балық шаруашылық су айдындарын бекітіп беру, пайдалану және қорғау ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, балық қорларын пайдалану мен балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру жөніндегі шарт міндеттерінің орындалмауына, заңды тұлғалардың қайта құрылуына, сондай-ақ балық шаруашылық әрекетін жүргізуден өз еркімен бас тартуға байланысты Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі N а-5/49 (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 7 мамырда N№1091 тіркелген ) "Кәсіпшілік және әуесқой спорттық балық аулауды ұйымдастыру үшін балық шаруашылық су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) келесі табиғат пайдаланушылар балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және су айдындарының (телімдердің) балық қорларымен пайдалану құқығынан айырылсын:
облыс әкімдігі қаулысының "Кәсіпшілік және әуесқой-спорттық балық аулауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге бекітіліп берілген облыстық балық шаруашылық су айдындарының тізбесі" атты 1 қосымшасында:
АРШАЛЫ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
6 жолдағы "Жасыл Аймақ" РМК" деген сөздерден кейін "Үлкен Сарыоба көлінің телімі, Вячеслав су қоймасының телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЕРЕЙМЕНТАУ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
5 жолдағы "Трансстрой" ЖШС" деген сөздерден кейін "Майкөл көлінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЩУЧЬЕ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
2 жолдағы "КАС-Боровое" ЖШС" деген сөздерден кейін "Кривое көлі" деген сөздер алынып тасталсын.
4 жолдағы "Орман шаруашылығы" ЖШС" деген сөздерден кейін "Первомайская бөгеті" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі №N а-5/139 "Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулау үшін балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 мамырда N 1766 тіркелген ) :
1) келесі табиғат пайдаланушылар балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және су айдындарының (телімдердің) балық қорларымен пайдалану құқығынан айырылсын:
облыс әкімдігі қаулысының "Балық және басқа да су жануарларын кәсіпшілік, әуесқой-спорттық аулауды жүзеге асыру үшін табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген облыстық балық шаруашылық су айдындарының (телімдердің) тізбесі" атты қосымшасында:
АҚКӨЛ АУДАНЫ:
1 жолдағы "Қызылағаш" ЖШС - Краснобор бөгеті" деген сөздер алынып тасталсын.
АРШАЛЫ АУДАНЫ:
1 жолдағы "Никитина" ЖК - Вячеслав су қоймасының телімі" деген сөздер алынып тасталсын;
2 жолдағы "ВИС-НС" ЖШС" деген сөздерден кейін "Вячеслав су қоймасының телімі" деген сөздер алынып тасталсын;
4 жолдағы "Еңбек-Астана" РМК 22 бөлімі "Вячеслав су қоймасының телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЕҢБЕКШІЛДЕР АУДАНЫ:
2 жолдағы "Жалайыр - Бұланды" ЖШС" деген сөздерден кейін "Құдық Ағаш көлі" деген сөздер алынып тасталсын;
6 жолдағы "Сейнұр фирмасы" - Жөкей көлінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ:
4 жолдағы "Әлжанов" ЖК" деген сөздерден кейін "Майкөл көлінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ:
1 жолдағы "Сейнұр фирмасы" ЖШС Қайранкөл көлі" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ:
1 жолдағы "ВИС-НС" ЖШС" деген сөздерден кейін "Жанды Шалқар көлінің телімі, Ұялы - Шалқар көлінің телімі, Ший - Шалқар көлінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын;
3 жолдағы "Жас Сана" ЖШС" деген сөздерден кейін "Ұялы көлдері жүйесінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЩУЧЬЕ АУДАНЫ:
1 жолдағы "Тимса" ЖШС Алакөл (Сладкое) көлі, Құмдыкөл көлі (Савинное) деген сөздер алынып тасталсын;
2 жолдағы "Сейнұр фирмасы" ЖШС" деген сөздерден кейін "1, 2 Зайчан бөгеттері (Жаңа, Ескі)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) Әкімдік қаулысы мәтінінің 2 тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасына" деген сөздер "Орта Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасына" деген сөздермен алмастырылсын.
3. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N№ а-7/200 "Кәсіпшілік және әуесқой спорттық балық аулауды ұйымдастыруды іске асыру үшін облыстық балық шаруашылық су айдындарын кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға бекітіп беру туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін (Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте 1993 тіркелген):
1) келесі табиғат пайдаланушылар балық шаруашылық су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және су айдындарының (телімдердің) балық қорларымен пайдалану құқығынан айырылсын:
облыс әкімдігі қаулысының "Кәсіпшілік және әуесқой-спорттық балық аулауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге бекітіліп берілген Ақмола облысының балық шаруашылық су айдындарының тізбесі" атты қосымшасында:
АРШАЛЫ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
8 жолдағы "Донецкое" ЖШС" деген сөздерден кейін "Анаркөл көлі" деген сөздер алынып тасталсын.
15 жолдағы "Жасыл Аймақ" РМК Үлкен Сарыоба (әуесқой-спорттық балық аулау үшін)" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚОРҒАЛЖЫН ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
33 жолдағы "Ақмола аграр университеті" Ащыкөл көлі, Саумалкөл көлі, Құмкөл көлі" деген сөздер алынып тасталсын.
ЩУЧЬЕ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫ:
44 жолдағы "СМП-610" ЖШС" деген сөздерден кейін "Ахмет көлінің телімі" деген сөздер алынып тасталсын.
48 жолдағы "Жасыл АҚК" ААҚ - Климов тоғаны" деген сөздер алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Орта Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасына Ақмола облысының су айдындарын (телімдерді) бекітіп беру және су айдындарындағы (телімдердегі) балық қорларын пайдалану жөнінде жасалған шарттарды белгіленген тәртіппен бұзу ұсынылсын.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі