Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 22.04.2013 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына cәйкес облыс әкiмi ШЕШТI:
1. Ақмола облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы "Сотталғандарды жалпы орта бiлiм алу құқығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы"»N 19 (N 2381) шешiмiне мына қосымшалар енгiзiлсiн:
2 тармақта "Атбасар"»деген сөзден кейiн "Аршалы"»деген сөз қосылсын;
тармақша мына мазмұнда толықтырылсын:
«"5) ЕЦ-166/5 Мекемесiнің N 5 жалпы бiлiм беретiн кешкi (ауысымдық) орта мектеп мемлекеттiк мекемесi Аршалы аудандық оқу бөлiмi";
5 және 6 тармақтарда "Атбасар" деген сөзден кейiн "Аршалы"»деген сөз қосылсын.
2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет Департаментiнде тiркелген соң күшiне енедi.
Облыс әкімі