Ауылдық округтердің поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы және іске асыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімиятының 2004 жылғы 08 шілдедегі N а-7/143 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 тамызда N 2746 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 21 бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық әкімдік қаулы етеді:
      1. Ауылдық округтердің, поселкелердің  әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы және іске асыруы туралы Ереже» бекітілсін (одан әрі - Ереже).
      2. Ақмола облысы бойынша салық комитеті Ақмола облысының қаржы басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру және іске асыру Ережесіне әдістемелік нұсқаулар әзірлесін.
      3. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері - "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік Орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, Ақмола облысы бойынша салық комитетімен (келісім бойынша), Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару комитетімен (келісім бойынша), Ішкі істер бас басқармасының жол полициясы басқармасымен (келісім бойынша) бірлесе отырып, бюджетке өткен және ағымдағы кезең үшін мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша бересінді төлетуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын  ұйымдастырсын.
      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысының орындалуына бақылау жасау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.В. Наймушинаға жүктелсін.
      5. Ақмола облысының осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және жариялауға болады.

      Облыс әкімі

Ақмола облысы әкімдігінің
08.07.2004 ж. N а-7/143
"Ауылдық округтердің, поселкелердің
әкімдері аппараттарының салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы
және іске асыруы туралы" қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыру және іске асыру Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже ауылдық округтердің, поселкелердің әкімдері аппараттарының жергілікті салықты (жеке тұлғалардан  жер салығы, жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы, жеке тұлғалардан мүлік салығы (одан әрі - салықтар)) жинайтын мамандарының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруын және іске асыруын, жұмыстарын ұйымдастырғанда басты бағыттарын, тапсырмаларын, міндеттері мен құқықтарын анықтайды.
      Поселкелердің, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының жергілікті салықты жинайтын мамандар (одан әрі - мамандар) қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, аталған Ереже құрайды.

2. Жұмысын ұйымдастыру

      2. Маман жұмысын ұйымдастыру тиісті поселкелік, ауылдық округ әкіміне жүктеледі.
      Салық комитеттері маман қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      Салық комитеттеріне сондай ақ, жинаушыға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін тәжірибелік көмек көрсету, оның ішінде оқыту, кәсіптік деңгейін арттыру  жүктеледі.
      3. Тиісті поселке, ауылдық округ әкімі маманға әкімшілік учаскені бекітеді.  Учаскенің көлемі мен шекарасын әкім анықтайды және қажет болған жағдайда тиісті аумақтық салық комитеті төрағасының қатысуымен халықтың саны мен құрамын, салық төлеушілердің санын, аумақтың көлемін, елді мекендердің ара қашықтығын және аймақтың өзгеде ерекшеліктерін ескеріп, яғни жинаушыларға жұмыс көлемі бірдей келетіндей етіп есептей отырып қайта қарайды.
      4. Әрбір маман өз учаскесінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға салық салу объектілерінің Төлқұжатын жүргізеді. (1 қосымша).
      5. Төлқұжаттың дұрыс жүргізілу тәртібін аумақтық салық комитеті жылына бір рет тексереді.
      6. Маман өз жұмысы жайында тікелей әкімге және тиісті аумақтық салық комитетіне есеп береді.
      7. Маман өз қызметі тұрғысында аумақтық салық комитетінің және қаржы полициясының қызметкерлерімен өзара іс- қимыл жасайды. өзара іс- қимыл заңда белгіленген тәртіпте ақпараттар алмасу арқылы жүреді.

3. Маманның құқықтары мен міндеттері

      8. Маман Қазақстан Республикасы салық кодексінің 21 бабына сәйкес салық төлемін қамтамасыз ету үшін, қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылдың 16 сәуіріндегі N 434  және қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылдың 19 сәуіріндегі N 171 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген ФЛ-1 үлгісі бойынша  квитанция толтыру арқылы ақшалай қаражатты өндіріп алуға құқылы.
      9. Өзіне жүктелген тапсырмаларды іске асыру үшін маман міндетті:
      1) салықтың толық және уақытылы жиналуын қамтамасыз етуге;
      2) салыққа қарыздарды жою бойынша жұмыстарын жүргізуге;
      3) учаске аумағында салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің есебін толық және уақытында жүргізуге;
      4) төлемдерді қабылдау кезінде салық төлеушіге- жеке тұлғаға салықты төлегенін растайтын ФЛ-1 үлгісіндегі квитанция беруге;
      5) салық сомасының төленгенін растайтын квитанция берілген күнінен кейінгі күннен кешіктірілмей толық көлемде және уақытында банкіге тапсыруға, егерде елді мекенде банкі болмаған жағдайда  жақын жердегі банкіге үш жұмыс күнінен кешіктірмей тапсыруға;
      6) ФЛ-№1 үлгісіндегі квитанция бланкілерін дұрыс толтырылуын және сақталуын қамтамасыз етуге және аумақтық салық комитетіне олардың толтырылуы туралы есепті толтырылған бланкілер мен бүлінген квитанция бланкілерін қосымша тіркеп уақытында тапсыруға. Қатаң есеп бланкілері жоғалған жағдайда тиісті аумақтық салық комитетіне шұғыл хабарлауға;
      7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарған жеке тұлғалардың тұрған жерін анықтауға көмек көрсетуге;
      8) салық органының қызметкерлеріне учаске аумағында қызметтік міндетін атқарған кезде қажетті көмек көрсетуге.

1 қосымша
"Ауылдық округтердің, поселкелердің
әкімдері аппараттарының салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыруы
және іске асыруы Ережесіне"

_____ ауданы _______________ ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаларға салық салу объектісінің құжаты

№ р/р

Салықтөлеушінің(үй иесі)Ф.А.Ә аты.

Тұрғылықты мекен адресі( ауыл, көше, үйдің N)

Жалпы жер көлемі ( пайдаланатын жердің барлық кв.м. күні)

Сонымен қатар

"Жылжымайтын мүлік бойынша  Орталық"» РМК мүліктің тіркелген күні және  №

Тіркелген мүлік

тің

құны,

жарна үлесі түрін

де

алын-н мүлік

ті

қоса

Құрылыстармен бірге тұрғын үй алып жатқан жер

Құрылыстармен бірге тұрғын үй алып жатқан жерден басқа үй жанындағы жер телімі(м2)

Жеке қосалқы шаруашылық , бақша және саяжай құрылысындағы жерлер(га)

Жарна, ұйғарымды үлес түрінде алған жерлер

Оның ішінде

 

Ауыл шару-на пайдалану(га)

Басқаға арналған ( нақты көрсет) (га)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













таблицаның жалғасы

Көлік құрал-ң есебі(саны)

Оның ішінде

Салық төлеушінің қолы

Журналға тіркелген күні

Анықтама  (жеңілдік беру құжаттарды атап  көрсету)

Жеңіл көлік(маркасы, шыққан жылы қозғалтқыш күші)

Ауыр жүк көлік (маркасы жүк тиеу күші)

Сонымен қатар

Ауыр жүк көліктері

Ауыл шаруашылығына арналған көлік

Автобустар (ор-ын са-
ны)

Мотоциклдер/ мото шаналар шағын кемелер

Катерлер,яхталар ( аттың  күші )

Ұшу аппараттары (квт күші)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады