Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № А-5/500 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 17 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж.21 шілдедегі N№2347 "Қазақстан Республикасындағы құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанында құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі құрылсын (қосымша N 1).
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша N 2).
3. Осы қаулының 1 тармағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілу үшін ұсынылсын.
4. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 ж. 20 сәуірдегі №А-2/315 "Әкімдіктің құқықты насихаттау және жалпы құқықтық оқыту жөніндегі үйлестіру әдістемелік Кеңесі туралы" қаулысының күші жойылсын.
5. Нақты қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Қ.Құсановқа жүктелсін.
Қала әкімі
"Көкшетау қаласы әкімдігінің
жанындағы құқықты
насихаттау және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы"
Көкшетау қаласы әкімдігінің
11.06.2004ж.№ А-3/459
қаулысына N 1 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау
және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік
Кеңестің құрамы
1. Құсанов - қала әкімінің орынбасары,
Қази Қараменұлы Кеңес төрағасы
2. Қасенов - қала әкімінің заң мәселелері жөніндегі
Дәулет Қизатұлы кеңесшісі- Кеңес төрағасының
орынбасары
Кеңес мүшелері
3. Әндіржанова - Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы
Бәтима Жұмағұлқызы халықты әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
4. Баймұрзина - Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі
Айнұр Айтпайқызы (келісім бойынша)
5. Болатбаев - қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Қайырбек Ташмағамбетұлы (келісім бойынша)
6. Ерғалиев -"Көкшетау" газетінің бас редакторы
Жабал Ерғалиұлы
7. Есмағамбетов - мемлекеттік санитарлық індеттік
Болат Өміржанұлы бақылау басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
8. Жанайдарова - қалалық денсаулық сақтау бөлімінің
Зәуре Зарапқызы бастығы
9. Жапаров -"Жұмыстылық орталығы" мемлекеттік
Сапан Қажыбайұлы мекемесінің директоры
10. Ыбраев - қалалық білім бөлімінің бастығы
Марат Өмірбайұлы
11. Ыдрысов - қалалық туризм және спорт бөлімінің
Мұрат Ыдырысұлы бастығы
12. Кибасов -"Степной Маяк" газетінің бас редакторы
Сергей Витальевич
13. Омарова -"Көкшетау қаласы экономикалық
Алма Бостанқызы реформалар" бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы
14. Ташкина - Көкшетау қаласы әкімі аппаратының
Ғалия Әміржанқызы ішкі саясат бөлімінің бастығы,
кеңестің хатшысы
"Көкшетау қаласы әкімдігінің
жанындағы құқықты
насихаттау және құқықтық
жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы"
Көкшетау қаласы әкімдігінің
10.06.2004 жылғы N А-3/459
қаулысына N 2 қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықты насихаттау және
құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік
Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы құқықтық жалпы оқыту және құқықты насихаттау бойынша үйлестіру әдістемелік Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) атқарушы органдарды, мемлекеттік мекемелерді, қала ұйымдарын құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша олардың ведомствоаралық үйлестіру іскерлігін қамтамасыз етуші консультативтік-мәжілістік орган болып табылады.
2. Кеңес Көкшетау қаласы әкімдігі жанынан құрылады.
3. Кеңестің төрағасы қала әкімінің орынбасары болады.
4. Кеңес өзінің іскерлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
5. Кеңестің негізгі мақсаттары:
1) Кәсіби заңгерлерді тарта отырып, азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру;
2) Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру;
3) Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жұмысын үйлестіру.
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы білім беру бойынша ведомствоаралық іскерлігін үйлестіруді қамтамасыз ету;
2) атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша жұмыстарын сараптау;
3) қалалық атқару органдары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар үшін құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) жұмыс тәжірибесінің жақсы жақтарын тарату, құқықтық жұмысты жетілдіру үшін әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.
7. Кеңес жұмысының негізгі формалары:
1) өзара ақпарат алмасу;
2) құқықты насихаттау және құқтық жалпы оқыту мәселелерінің жұмыс жағдайын өзара талқылау;
3) облыстық мемлекеттік мекемелерімен, атқарушы органдармен өзара (дөңгелек столдар, пікірталастар, кездесулер, семинарлар, лекциялар) шаралар ұйымдастыру және өткізу;
4) құқықтық білім күнін, апталығын, айлығын»өткізу;
8. Кеңес қабылдаған шешімдер, ұсыныстар мен құжаттар мүдделі органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жолданады.
9. Кеңес келесі функцияларды атқарады:
1) қалалық мекемелер мен мемлекеттік мекемелердегі құқықты насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жұмысының жағдайымен танысады, олардың басшыларының көрсетілген сұрақтар бойынша ақпаратын тыңдайды, құқықтық жалпы оқыту әдістері мен жұмыс формаларын жетілдіру бойынша қажетті жалпылаулар мен ұсыныстар, ережелер әзірлейді, оны жүзеге асыруға көмектеседі;
2) Атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің, облыс ұйымдарының лекциялық бағдарламаларының кәсіби мазмұнын және мәтіндік бағытын сараптайды;
3) Атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелерге, қала ұйымдарына құқықтық тақырыптарға мәтіндік жоспарларды құрастыру және құжаттарды жариялауға тәжірибелік көмек көрсетеді;
4) Кеңестің құзырына жататын басқа да функцияларды орындайды.
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Кеңестің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
11. Отырыстарды төраға басшылығы немесе оның тапсырысы бойынша Кеңес мүшелерінің біреуі өткізеді.
12. Кеңес мүшелерінің жартысының көбінің қатысуымен болған отырыс өкілетті болып саналады.
13. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар хаттамаға енгізіледі, хаттама Кеңес отырысынан екі күн өткенге дейін толтырылады. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қояды және атқарушыларға жіберіледі.
14. Кеңес өзінің жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің жұмыскерлерін, жергілікті және атқару органдарының басшыларын тарату және жоспарлы шаралармен шешімдерді орындау бойынша ұсыныстар беруге құқықты.