Мүгедектер істері жөнінде Кеңес құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімиятының 2004 жылғы 09 наурыздағы N а-3/53 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 18 наурызда N 2362 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № А-9/251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009.09.03 № А-9/251 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы" қаулысына, Ақкөл аудандық мәслихаттың Ақмола облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 3 ақпанда N 2262 тіркелген, 2004 жылғы 8 қаңтардағы N№С4-4 "2004-2005 жылдары Ақкөл ауданында мүгедектерді оңалту бағдарламасын бекіту туралы"»шешіміне сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғамдағы ықпалдастығын қолдау, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер істері жөнінде аудандық Кеңес құрылсын (қосымша 1)
      2. Мүгедектер істері жөніндей аудандық Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2)
      3. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
      4. Қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.

      Аудан әкімі

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2004 ж.9 наурыз № а-3/53
қаулысына 1 қосымша

Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңестің құрамы

1.

Мұрат Сағатұлы
Балпан

аудан әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы

2.

Айжан Кенжебайқызы Мананбаева

аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, Кеңестің төрағасының орынбасары

3.

Бақыт Қалымтайқызы Сүлейменова

аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы, Кеңестің хатшысы

Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің мүшелері:

4.

Сара Нағұметқызы Ақтанова

ауданы АХАЖ бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)

5

Ахмет Мағзұмұлы Сейітов

Ақкөл қаласы әкімінің орынбасары

6

Жанайдар Хамитұлы Нұрымов

аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

7

Ольга Юрьевна
Беляева

бюджеттік бөлімнің бастығы-аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)

8

Галина Ивановна
Репкина

аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

9

Күлбаршын Қашанқызы Жүнісова

клиникалық-диагностикалық поликлиниканың меңгерушісі

10

Игорь Александрович Алферьев

спорт бөлімінің бас маманы

11.

Иван Григорьевич Литвинов

аудандық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

12

Қарлығаш Қыстаубайқызы Қабенова

аудандық соқырлар қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

13

Елена Викторовна Матвиенко

балалары бар мүгедек-әйелдер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2004 ж.9 наурыз N№а-3/53
қаулысына 2 қосымша

Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес туралы ереже.

Жалпы ережелер

      1. Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі Кеңес) Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрудағы мақсат мүгедектер мен кемтар балаларды әлеуметтік қорғау аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіруді қалыптастыру.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, 2003-2005 жылдары Ақкөл ауданында мүгедектерді оңалту бағдарламасын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

Кеңестің негізгі міндеттері және қызметі

      2. Мүгедектікпен және мүгедектер мен кемтар балалардың проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өз-ара іс қимылда болу.
      3. Мүгедектіктің алдын-алу сақтандыру, оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білімі және кәсіби дайындығы, мүгедектер мен кемтар балаларды жұмыспен қамту проблемалары жөнінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қалыптастыру.
      4. Мүгедектер мен кемтар балалардың проблемалары жөнінде ұсыныстар дайындау.

Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес мәжілісін қажетіне қарай, тоқсанына бір рет, төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
      6. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды дайындауды, Кеңестің ұсыныстарын Кеңестің хатшысы жүзеге асырады.
      7. Кеңестің шешімі ашық дауыспен және оған кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс бірдей болған жағдайда, төрағаның берген дауысы шешуші болып есептеледі.
      8. Кеңес отырысын өткізу нәтижесі бойынша, отырысқа қатынасқан Кеңес мүшелері қолдарын қойған хаттама жазылады. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.
      9. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады