Ақкөл ауданы әкімдігінің жанында экологиялық мәселелер жөнінде Үйлестіру кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының Ақкөл ауданы әкімиятының 2004 жылғы 09 наурыздағы N а-3/52 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 наурызда N 2385 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № А-9/251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009.09.03 № А-9/251 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңындағы 31-бапқа сәйкес, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелермен айналысушы аудан ұйымдары мен мекемелердің қызметін өзара үйлестіру мақсатында, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің жанында экологиялық мәселелер жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылсын (қосымша 1).
      2. Ақкөл ауданының Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).
      3. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы, аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары А.И.Тимошинге жүктелсін.
      5. Қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді.

      Аудандық әкімі

Аудан әкімдігінің
2004 ж. 09 наурыз
N а-3/52 қаулысына
қосымша 1

Ақкөл ауданы әкімдігінің
жанында экологиялық мәселелер
жөнінде Үйлестіру кеңесін
құру туралы

Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Тимошин А.И.      Үйлестіру кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің
                  орынбасары

Полоротов А.А.    Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары, ауыл
                  шаруашылығы бөлімінің бастығы

Кеңес мүшелері:

1.Рамазанов Х.Қ   Ақкөл ауданы бойынша табиғи ортаны қорғау
                  жөніндегі уәкілетті инспектор (келісім бойынша)

2.Кривицкий А.К.  Ақкөл қаласының әкімі

3.Бапышев К.С.    Новорыбин селолық округінің әкімі

4.Жұманов М.Ж.    "Краснобор орман және жануарлар әлемін қорғау
                  жөніндегі" ММ директоры (келісім бойынша)

5.Дүйсенова Ж.Е.  аудандық санэпид қадағалау басқармасының бастығы
                  (келісім бойынша)

6.Жәкиенов Қ.А.   Ақкөл АІІБ бастығының орынбасары

7.Жүнісов Б.Ғ.    орталық аудандық аурухананың бас дәрігері

8.Елкин Ю.П.      аудандық жер қорын басқару жөніндегі комитеттің
                  төрағасы (келісім бойынша)

9.Оразалина Г.А.  аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі

10.Реморенко А.Ф. жерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
                  (келісім бойынша)

11.Қанатов С.Қ.   ҚР АШМ ААБ бас мал дәрігері (келісім бойынша)

Аудан әкімдігінің
2004 ж. 09 наурыз
N а-3/52 қаулысына
қосымша 1

Ақкөл ауданы әкімдігінің
жанында экологиялық мәселелер
жөнінде Үйлестіру кеңесін
құру туралы

Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесі, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық консультативтік-кеңестік, яғни, аудан ұйымдары мен мекемелерінің  экологиялық мәселелер жөніндегі қызметін одан әрі өзара тығыз үйлестіру, сондай-ақ, қоршаған ортаны сауықтыру бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тиімді шаралар қабылдау және халықтық денсаулығына сыртқы лас ортаның жағымсыз әсерін төмендетуге қол жеткізу үшін құрылған орган болып табылады.
      2. Үйлестіру кеңесін, аудан әкімінің орынбасары - кеңес төрағасы басқарады.
      3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері

      4. Аудан аумағындағы қоршаған ортаны және халықтық денсаулығын қорғау жөнінде бағдарлама әзірлеп, іске асыруда ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді.
      5. Ақкөл ауданының аудан аумағындағы атқарушы және өкілді органдардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғау жөнінде аймақтық бағдарламалар мен актілерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

3. Үйлестіру кеңесінің функциялары

      6. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына техногендік және антропогендік әсерлердің әсер ету дәрежесі жөнінде облыстық және аудандық кешенді бағдарламалар әзірлеп енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
      7. Қоршаған ортаның ластануының кешенді экологиялық мониторингтік жүйесін әзірлеп, енгізуді ұйымдастырады.
      8. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғау аймағындағы міндеттерді жедел шешу үшін ластанудың мониторингтік көздеріне сәйкес ұсыныстар дайындайды, экологиялық жағдайға талдау жасайды.
      9. Қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және өзге де бірлестіктермен өзара іс-әрекетте болады және ынтымақтасады.

4. Үйлестіру кеңесінің құқығы

      10. Өз құзырының шегінде ұсынымдар сипатында шешімдер қабылдайды.
      11. Қоршаған орта мен  халықтық денсаулығын қорғауда  шешімді талап еткен ұсыныстарды Әкімдік пен Мәслихаттың қарауына енгізеді.
      12. Қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдарға және мемлекеттік органдарға сұрау салады және ақпараттар алады.

5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

      13. Үйлестіру кеңесінің қызметін төраға басқарады.
      14. Үйлестіру кеңесін Ақкөл ауданының әкімдігі құрады және таратады.
      15. Кеңестің жеке құрамын Ақкөл аудандық Мәслихат бекітеді.
      16. Кеңестің мәжілісі тоқсанына бір рет өткізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады