Материалдық қамтамасыз етудің мөлшерін және оны тағайындау мен төлеудің Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қорғалжын аудандық мәслихатының 2004 жылғы 25 наурыздағы N 10-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 31 наурызда N 2388 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық 2008 жылғы 12 наурыздағы № 8/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық 2008.03.12 № 8/4 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабындағы 1 тармағына, 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеудің Ережелері бекітілсін (1 қосымша).
      2. Тоқсан сайын материалдық қаржымен қамтамасыз етудің мөлшері 6,5 айлық есептеу көрсеткіштерімен бекітілсін.
      3. Осы Ережелер 01.01.2004 ж. бастап қолданылсын.
      4. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден  өткізілген сәттен бастап күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       хатшысы

БЕКІТІЛГЕН
Қорғалжын аудандық
мәслихатының
N 10/6 25.03.04 ж
шешімімен

Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға
материалдық қамтамасыз етуді тағайындау мен төлеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес әзірленген және үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу тәртібін анықтайды.

1. Жалпы Ережелер

      1. Материалдық қамтамасыз етуді алуға, үйінде мүгедек бала оқытылып, тәрбиеленетін отбасылары құқықты.
      2. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету отбасының кірісіне немесе басқа да көмек пен жәрдемақы түрлерін алуына тәуелсіз тағайындалады және төленеді.

2. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз етуді тағайындау тәртібі

      3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, мүгедек баланың тұратын жері бойынша, баланың ата-анасының біреуінің, не оны ауыстыратын азаматтық (қамқоршысының) берген өтінішіне сәйкес жүзеге асыратын уәкілденген органмен жүргізіледі.
      Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:
      1) отбасының құрамы туралы анықтама;
      2) баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі
      3) баланың мүгедектігі жөніндегі МҒСБ қорытындысының көшірмесі;
      4) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы;
      5) оқу мекемесінің баланың үйде оқытылатынын растайтын анықтамасы.
      4. Мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау, өтініш жасалған ағымды тоқсанның айынан бастап жүргізіледі.

3. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға
материалдық қамтамасыз етуді төлеу тәртібі

      5. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу тоқсан сайын тағайындалған соманы  өтініш берушінің жеке есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады