Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы атқарушы органдар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық әкімиятының 2004 жылғы 18 мамырдағы N 41 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 09 маусымда N 2602 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2005.02.03 № 14 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы
N 148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2004 жылғы 9 наурыздағы N 1 "Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агенттіктері мен ведомстволарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Республикалық штаб құру туралы"»әкімі, Ақмола облысы әкімінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі
N а-4/101 "Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы басқармалар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы" қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
      1. Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық атқарушы органдар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу,оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы.
      2. Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы штабтың дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын
(қосымша 1).
      3. Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық атқарушы органдар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу, оларды тіркеу және есепке алу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі штабтың Ережесі бекітілсін (қосымша 2).
      4. Аудандық штаб қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратына,аудандық аймақтың сайлау комиссиясына және селолық округтердің әкімдеріне жүктелсін.
      5. Бұл қаулының күші 2004 жылдың 16 наурызынан басталған құқықтық қатынастарға өрістеледі.
      6. Аудандық штаб қабылдаған шешімдердің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Аққожина С.Қ. жүктелсін.
      7. Осы қаулы Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

      Аудан әкімі

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18.05. N 41
"Қорғалжын ауданы әкімдігінің
жанындағы атқарушы органдар мен
ведомстволардың сайлаушылардың
электрондық тізімдерін түзу, оларды
тіркеу және есепке алу қызметін
үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы"
қаулысына қосымша 1

Аудандық атқарушы органдарының, мекемелерінің және селолық
округтарының сайлаушылардың электрондық тізімдерін
түзу,оларды тіркеу және есепке алу қызметін үйлестіру
жөніндегі аудандық штабтың
ҚҰРАМЫ

Аққожина Сағдат Қарабекқызы         -  аудан әкімінің орынбасары,
                                       штаб төрайымы

Мурзагельдиев Жандос Мұсылманбекұлы -  аудан әкімінің сайлаушылар
                                       тізімін түзу және жинау
                                       жұмыстары жөніндегі жауапты
                                       уәкілі, штаб төрайымының
                                       орынбасары

Мәжитова Бәтжан Мәжитқызы           -  аудан әкімі аппаратының
                                       жетекшісі, мүшесі
 
Махнев Александр Николаевич         -  аудандық әскери комиссар
                                       (келісім бойынша), мүшесі

Игіліков Тасболат Бейсекейұлы       -  аудандық статистика
                                       бөлімінің бастығы (келісім
                                       бойынша), мүшесі

Сауытова Сәуле Мәжитқызы            -  АХАЖ бөлімінің бастығы
                                       (келісім бойынша),мүшесі

Ержанов Ақдан Ескендірұлы           -  аудандық жұмыспен қамту
                                       орталығының бастығы
                                       (келісім бойынша),мүшесі

Жартығұлов Қанат Табылдыұлы         -  АІІБ, көші-қон полициясының
                                       бөлім бастығы
                                       (келісім бойынша),мүшесі

Қашқынбаев Смағұл Ахатұлы           -  Қорғалжын селолық округінің
                                       әкімі, мүшесі.
 

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18.05. N 41
"Қорғалжын ауданы әкімдігінің
жанындағы атқарушы органдар мен
ведомстволардың сайлаушылардың
электрондық тізімдерін түзу, оларды
тіркеу және есепке алу қызметін
үйлестіру жөніндегі штаб құру туралы"
қаулысына қосымша 2

Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы атқарушы органдар мен
ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін
түзу,оларды тіркеу және есепке алу қызметін үйлестіру
жөніндегі штаб құру туралы

ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы атқарушы органдар мен ведомстволардың сайлаушылардың электрондық тізімдерін түзу,оларды тіркеу және есепке алу қызметін үйлестіру жөніндегі  штабтың (бұдан әрі-аудандық штаб) міндеттерін,функцияларын,оның қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Аудандық штаб сайлаушылардың электрондық тізімдерінің дұрыстығын және оларды "Сайлаушы"»ААЖ бағдарламасы режимінде өңдеу мүмкіндігінің, атқарушы органдар мен ведомстволардың, олардың жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
      2. Аудандық штаб Қорғалжын ауданы әкімінің жанындағы ұйымдастыру-үйлестіру органы болып табылады.
      3. Аудандық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Аудандық штабтың міндеттері

      4. Аудандық штабтың міндеттері:
      атқарушы органдардың, мекемелердің, селолық округтердің, тұтас алғанда аудан бойынша әрбір елді мекен және сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар жөніндегі электрондық деректер банкінің болуына мүмкіндік беретін, қолданыстағы "Сайлаушы"»ААЖ бағдарламасының негізінде сайлаушылардың тізімдерін түзу жөніндегі іс-қимылын үйлестіру;
      орталық мемлекеттік органдар мен атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сайлаушыларды тіркеу және есепке алу жөніндегі тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету;
      жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы заңнамаларының сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларға мерзімінде түзету енгізу бөлігіндегі талаптарын уақтылы әрі сапалы орындаудағы жауапкершілігін арттыру.

3. Аудандық штабтың құқықтары

      5. Аудандық штабтың заңнамада белгіленген және өз құзыреті шегінде:
      атқарушы органдар және мекеме басшыларының, селолық  округтердің әкімдерінің есептерін тыңдауға;
      аудан әкімдігінің қарауына халықты тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
      Қазақстан Республикасы заңнамасының сайлаушылардың тізімдерін сапалы жасау,оларды тіркеу және есепке алу бөлігіндегі талаптарын,сондай-ақ аудандық штабтың шешімдерін тиісінше орындауды қамтамасыз етпеген жергілікті атқарушы органдар және мекемелердің басшыларына тәртіптік жаза шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

4. Жұмысты ұйымдастыру

      6. Аудандық штабтың төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды,аудандық штабтың отырыстарында төрағалық етеді,оның жұмысын жоспарлайды.
      7. Аудандық штабтың төрағасы орнында болмаған кезде,отырыстар оның орынбасарының төрағалық етуімен өткізіледі.
      8. Аудандық штабтың кезекті отырысының күн тәртібін аудандық штаб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып,төраға немесе оның орынбасары түзеді.
      9. Аудандық штабтың кезекті отырысына шығарылатын мәселені дайындау үшін дербес құрамын төрағалық етуші айқындайтын жұмыс тобы құрылады.
      10. Аудандық штаб отырысының мерзімділігі айына бір реттен сирек болмауы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады