Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011. № 1564 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді, этил спиртін сақтау және сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімдерімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың Тәртібін бекіту туралы" қаулысын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33, 37 баптары негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ұсынылып отырған "Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуды лицензиялау ережелері" бекітілсін.
2. Шаруашылық субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, лицензиялар беруді ұйымдастыру, лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі қызметтер Ақтөбе қалалық сауда басқармасына жүктелсін.
3. Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2000 жылғы 20 қаңтарда N 338 болып тіркелген қала әкімінің 1999 жылғы 29 қазандағы N 1216 а "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді, этил спиртін сақтау және сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысын іске асыру туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 26 қазандағы N 185 шешімін іске асыру туралы" шешімінің күші жойылсын.
4. Лицензияларға қол қою құқығымен қоса осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.К. Мұхтаровқа жүктелсін.
Қала әкімі
Ақтөбе қаласы әкімінің
2004 жылғы 12 ақпандағы
N 2 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Этил спирті және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылдың 16 шілдесіндегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылдың 17 сәуірдегі N 2200Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысымен бекітілген "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібіне" сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өндірілетін және сырттан әкелінетін алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасайтын, меншік түріне қарамастан, Ақтөбе қаласының аумағындағы барлық шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар үшін осы қағиданы орындауға міндетті.
3. Бөлшек сауда жасау алкоголь өнімін (сырадан басқа) сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған стационарлық үй-жайларда немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін алкоголь өнімін сату болып табылады.
4. Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензияны атқарушы орган береді.
5. Лицензия ажыратылмайтын, демек лицензиаттың басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруіне болмайтын құжат.
6. Лицензияның формасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Лицензия бланктері қатаң есептік құжат болып табылады.
7. Лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Лицензияны берудің тәртібі
8. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) жеке кәсіпкерлік қызмет туралы куәліктің көшірмесі;
4) құрылтайшы құжаттар көшірмелері (әкімнің өкімі, техпаспорт көшірмесі, жалдау келісім-шарты);
5) бақылау касса аппаратының тіркеу карточкасының көшірмесі;
6) қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидқадағалау басқармасының қорытындысы (N 4, 5 қосымшалар);
7) жеке үйлерде орналасқан сауда павильондары мен сауда кәсіпорындары үшін қалалық сәулет бөлімінен анықтама (N 6 қосымша);
8) өртке қарсы нормаларға сауда нысандарының сәйкестігі жөніндегі қалалық өрт қызметінің анықтамасы (N 7 қосымша);
9) сауда нысаны мен оқу орны және мектепке дейінгі мекеме арасындағы ара қашықтық жөніндегі қалалық сәулет бөлімінен анықтама (N 8 қосымша);
10) қызметкердің кәсіби деңгейін куәландыратын құжаттар;
11) лицензиялық алым төлемін дәлелдейтін құжат.
Осы тармақтың 6, 8, 10 тармақшасында көрсетілген құжаттар мерзімі олар берілген күннен бастап үш айдан аспауы керек. Егер лицензияланған қызмет бірнеше аумақтық бөлек нысандарда іске асырылатын болса, онда өтініш иесі әрбір нысанға қажетті құжаттардың барлығын тапсырады.
Осы тармақта қаралмаған құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Лицензиялауға ұсынылған құжаттар көшірмелері заңмен қаралған тәртіпте куәландырады.
9. Алкоголь өнімдерін сақтауға құқық беретін лицензия алу үшін ұсынылған қажетті барлық құжаттар тізім (N 1 қосымша) бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжатты қабылдау мерзімі жөнінде белгі қойылып, өтініш иесіне қайтарылады және лицензиялаушы органның тексеруіне жатады.
10. Құжаттар қабылданған соң (N 2 қосымша) лицензиялаушы нысанды тексеру жүргізіледі. Тексеруді лицензиялаушы орган мамандары жүргізеді.
Жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуды іске асыру үшін өтініш иесінің жағдайларының бар немесе жоқ екені жөнінде акт жасалады (N 3 қосымша).
11. Лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту жөніндегі шешімді дербес құрамы қала әкімінің өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды, комиссияның отырысы хаттамамен рәсімделеді.
12. Заңды тұлғалар үшін лицензия өтінішті барлық қажетті құжаттармен бірге берген күннен бастап бір айлық мерзімнен, ал жеке тұлғалар үшін 10 күннен кешіктірілмей беріледі. Лицензияны беруден бас тартылған кезінде өтініш берушіге лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту - өтініш берушіге қол қойдырылып табыс етіледі немесе поштамен жіберіледі.
13. Лицензия бір данада беріледі, жоғалған кезде жаңғыртылмайды, екінші дана ("дубликат") деген белгімен бұрын ұсынылған құжаттар негізінде жаңадан беріледі. Лицензияның екінші данасы (дубликаты) 10 күннің ішінде жазбаша өтініші негізінде беріледі. Төлем лицензия берілген кезде лицензиялық алым ставкасының 100 пайыз мөлшерінде жүргізіледі.
Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні өзгерген жағдайда ол туралы 15 күн мерзім ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензиарға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Қайта құру жағдайында жеке тұлға лицензиясын қайта рәсімдеуді жүргізеді, ол үшін лицензиат 15 күн мерзім ішінде лицензиялаушы органға арыз беруге міндетті. Лицензияны қайта рәсімдеу оны алу үшін белгіленген тәртіпте және мерзімде іске асырылады. Лицензияны қайта рәсімдеу кезіндегі төлем лицензияны алардағы лицензиялық алым ставкасының 10%-ін құрайды.
Лицензияны қайта рәсімдегенге дейін лицензиат қызметті бұрын берілген лицензия негізінде іске асырады.
14. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілеттік берген адам қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.
15. Қосымша аумақтық бөлек нысандарға лицензиаттың арызы бойынша 2, 3-тармақшаларды қоспағанда 8-тармақта көзделген барлық құжаттарды ұсынған кезде, лицензияға қосымшалар беріледі.
16. Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатумен айналысу құқығына лицензия қызметтің осы түріне арналған талаптарға біліктілік деңгейі сәйкес келетін субъектіге беріледі.
17. Лицензиялаушы орган берілген, тоқтатылған және күші жойылған лицензиялар мен олардың қосымшаларын тіркейді және жеке сұрау салу бойынша немесе белгіленген есеп беру бойынша бақылаушы және қадағалаушы органдарға лицензиаттар жөнінде мәліметтер жолдайды.
3. Біліктілік талаптары
18. Алкоголь (сырадан басқа) өнімдерімен сауда жасауға лицензия алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:
1) орнынан қозғау тірек құрастырмаларына зиянын тигізбеуі мүмкін емес, іргетасы бар, сумен, энергиямен, канализациямен, өртке қарсы қондырғылармен жабдықталған стационарлық үй-жайлардың, яғни күрделі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөліктері.
Күрделі ғимаратта мынадай бөлмелер кешені болуы тиіс:
сауда бөлмесі тауарлардың жұмыс және көрмелік қорлары орналасатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарлар іріктеуді, есеп айырысу операцияларын іске асыратын сауда залы. Сауда залдарына мейрамханалар, кафелер, барларға келушілерге қызмет көрсететін залдар жатады;
тауарларды қабылдау, сатуға дайындау және сақтау бөлмесі;
қосалқы бөлмелер (ыдыс сақтауға, ыдыс-аяқ қабылдауға арналған бөлмелер);
әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер;
2) фискальды жады бар бақылау-кассалық аппараты;
3) субъектілер қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және техникалық құжаттамалар (санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен тәртіптері);
4) сауда залы мен қойма бөлмелері үшін құрал-жабдықтар витриналар, сөрелер;
5) алкоголь өнімдерін сақтау жағдайлары стандарттар талаптарына сәйкес келуі тиіс (ылғалды-температуралық тәртіп, тауарлар қатарластығы).
Сақтау жағдайы алкоголь өнімдерінің сапасын нашарлатпауы тиіс.
4. Лицензияны беруден бас тарту, қолдануын тоқтату, оны қайтып алу және тоқтата тұру
19. Лицензия келесі жағдайда берілмейді:
1) лицензия алу үшін талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтініш берушімен көрсетілген барлық кемшіліктер жойылған жағдайда өтініш жалпы негізде қаралады;
2) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;
3) өтініш иесіне қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі болса;
4) лицензиялық алым төленбесе.
20. Мынадай себептер бойынша лицензия беруден бас тартуға тыйым салынады:
1) лицензияланатын қызмет түрін іске асыру құқығын өтініш иесіне берудің орынсыздығы;
2) базардың алкоголь өнімдеріне толып тұруы;
3) базарда монопольдық жағдайды қамтамасыз ету;
4) өтініш берушінің жеке басының қасиеттері мен іскерлік репутациясына, оның ішінде бұрын сотталғандығы, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге бұрынғы тыйым салулар, алдыңғы лицензияны қайтып алу себептері бойынша күдіктер, егер мұндай тыйым салулар мен қайтып алулар белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес қолданылуын тоқтатқан деп есептелсе.
21. Лицензия лицензиялау туралы заңнамамен бекітілген мына жағдайларда өз әрекетін тоқтатады:
1) лицензияны кейін қайтып алғанда;
2) кәсіпкерлік қызметі тоқтағанда.
22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылуына байланысты дауларды сот шешеді.
23. Лицензия келесі жағдайда сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкін:
1) лицензиар лицензия қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда;
2) сот лицензиарға алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатумен айналысуға тыйым салса;
3) заң талаптарын немесе лицензиялау ережелерін бұзған жағдайда;
4) алкоголь өнімдерін лицензияда көрсетілген мекен-жайда емес, басқа жерде бөлшектеп сату фактісі анықталса.
5) алкоголь өнімдерін бөлшектеп сатуды көтермелеп сатылатын алаңда ұйымдастыру фактісі анықталса.
24. Заңды немесе лицензиялау тәртібін бұзу лицензиар жүргізетін тексерулер жолымен анықталады. Тексерулер қала әкімінің орынбасары бекіткен «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында лицензиялау тәртібімен алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату тәртібінің сақталуына тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқауларға» сәйкес жүргізіледі.
25. Лицензиар мына жағдайларда тоқтату себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы:
1) заңды және лицензиялау тәртібін бұзғанда;
2) алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату ережелерін бұзғанда;
3) лицензиар өз құзыры шегінде талаптарды орындамағанда;
4) мәліметтерді лицензиарға беруден бас тартқанда немесе жалған ақпарат бергенде;
5) алкоголь өнімдері айналымының алғашқы есепке алынбауы;
6) сатуда шығу тегі белгісіз алкоголь өнімі анықталғанда;
7) бөлшек саудамен айналысатын субъектілер алкоголь өнімін көтерме сатуға және сақтауға лицензиясы жоқ шаруашылық субъектілерден алкоголь өнімін сатып алғанда.
26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау лицензиаттың қатысуымен тексерулердің нәтижелері бойынша жүргізіледі.
27. Лицензиат қолы қойдырылып немесе пошта арқылы мәлімделіп (құлақтандырылып) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күні және орны туралы хабарландырылады.
28. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
29. Лицензиардың лицензияны қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімі лицензиатқа қолы қойдырылып, тапсырылады не поштамен (құлақтандыру) жіберіледі.
30. Қолданылуы тоқтатыла тұрған уақытта лицензияны лицензиар алып қойып, өзінде сақтайды.
31. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы жалғастырылады, бұл туралы лицензиатқа жазбаша түрде қолы қойдырылып не пошта арқылы хабарламамен (құлақтандырылу) мәлімделеді, лицензиатқа лицензия қайтарылады.
32. Лицензия әрекеті алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.
33. Лицензияның қолданылуын қайта іске қосу туралы шешімді лицензиар жүргізілген тексеруден соң қабылдайды.
5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау
34. Лицензияларды есепке алу мен лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
35. Тексерулерді жүргізудің және олардың нәтижелерін рәсімдеудің тәртібін лицензиар белгілейді.
6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері
36. Лицензиат құқылы:
1) лицензияны тоқтата тұру, тоқтату немесе қайтып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезінде қатысуға;
2) лицензия беруден бас тарту туралы шешімге;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға;
3) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
37. Лицензиат міндетті:
1) санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және заңнаманың басқа талаптарын сақтауға;
2) 1 тармақта көрсетілген заң және заңнамалық актілер талаптарын сақтауға;
3) тиісті мемлекеттік орган тауарларды айналымнан шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, оларды сатуды дереу тоқтатуға.
7. Лицензиаттың жауапкершілігі
38. Өтініш беруші лицензия алу үшін өзі ұсынған құжаттардың ақиқаттығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
39. Жеке және заңды тұлға алкоголь өнімін бөлшектеп сату қызметін лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін заңнамамен белгіленген тәртіппен жауап береді.
Алкоголь өнімдерінің айналымы бойынша қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан тапқан пайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан тыс, тиісті бюджетке алынуға жатады.
Тәртiпке
1 ҚОСЫМША
Алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатуға арналған лицензия алуға арыз берушiден қабылданған құжаттар
тiзбесi ______________________________________________________
ұйым атауы, жеке кәсiпкердiң аты-жөнi
______________________________________________________
сауда кәсiпорны, мекен-жайы
Құжаттар атауы |
беттерсаны |
|
1 |
2 |
3 |
1. |
Жеке кәсiпкерлiк қызмет туралы куәлiк көшiрмесi. |
|
2. |
Құрылтай құжаттарының көшiрмелерi: |
|
3. |
Заңды тұлға ретiнде арыз берушiнi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi куәлiктiң көшiрмесi |
|
4. |
Арыз берушiнiң (заңды немесе жеке тұлға) СТН-i |
|
5. |
Салық комитетiндегi бақылау-кассалық аппаратты тiркеу карточкасының көшiрмесi |
|
6. |
СЭС қорытындысы. N 4,5 қосымшалар. |
|
7. |
Қалалық өрт сөндiру қызметiнiң сауда нысандарының өртке қарсы нормаларға сәйкестiгi туралы анықтамасы. |
|
8. |
N 6 қосымша |
|
9. |
(жеке үйлерде орналасқан сауда павильондары мен сауда кәсiпорындары үшiн). N 7 қосымша. Сауда нысандары мен оқу орындары немесе мектепке дейiнгi тәрбие мекемелерi арасының қашықтығы жөнiнде сәулет бөлiмiнiң анықтамасы. N 8 қосымша. |
|
10. |
Адамның бiлiктiлiк деңгейiн дәлелдейтiн құжаттар. |
Барлық құжаттар______, беттер______.
Лицензиялау бөлiмiнiң
Бас маманы _______________________________________________
тегi, аты-жөнi
Арыз берушi ______________________________________________
тегi, аты-жөнi
Тәртiпке
2 ҚОСЫМША
Алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатуға арналған лицензия алуға құжаттарды қабылдау
актiсi
______________________________________________________________
ұйым, жеке кәсiпкер
______________________________________________________________
кәсiпорын атауы, мекен-жайы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Қорытынды:____________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
"___"_____________2004ж.
Лицензиялау бөлiмiнiң
бастығы ________________________
толық аты-жөнi
Бөлiмнiң бас маманы ________________________
тегi, аты-жөнi
Тәртiпке
3 ҚОСЫМША
Алкоголь өнiмдерiн бөлшектеп сатуды лицензиялау тәртiптерiне сәйкестiкке сауда нысанын тексеру актiсi (ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысымен бекiтiлген)
Ақтөбе қаласы "___"____________ 2004ж.
______________________________________________________________
сауда нысаны, кiмге тиесiлi, мекен-жайы
______________________________________________________________
жетекшi, жеке кәсiпкер
Бiз, төменде қол қойған
лицензиялау бөлiмiнiң
мамандары,
______________________________________________________________
кәсiпорын өкiлi_______________________________________________
тегi, аты-жөнi
қатыстыра отырып
сауда нысанын квалификациялық мына талаптарға сәйкестiкке
зерттеу жүргiздiк:
су құбыры (орталық)___________________________________________
канализация (центр)___________________________________________
сауда залы шаршы м.
Тұрақты орын саны_____________________________________________
қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары үшiн
тауар сақтауға арналған жай-шаршы м.__________________________
азық сақтауға арналған жай-шаршы м.__________________________
әкiмшiлiк-тұрмыстық жай-шаршы м.______________________________
сауда құрал-жабдықтары________________________________________
______________________________________________________________
Нормативтiк құжаттамалар______________________________________
Сауда орнына
жақын______________________________________орналасқан
бұрынғы пәтер, жеке үй және т.б.
Көрсетiлген мекен-жай бойынша сауда кәсiпорны лицензияланған жоқ (иә)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
оқу орындарының, мектепке дейiнгi мекемелердiң орналасуы
Кәсiпорын атауы бар мекеме атауы______және жұмыс регламентi
Жұмыс регламентi:_____________________________________________
Одан басқа ___________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Анықталған кемшiлiктер:_______________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Мамандар:
Актiмен таныстым және бiр данасын алдым:
Қайта зерттеу нәтижелерi (анықталған кемшiлiктердi жою қажет болғанда):
"___"___________2004 ж.
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Қолдары:
Тұжырым:______________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Лицензиялау бөлiмiнiң бастығы
Тәртiпке
4 ҚОСЫМША
Ақтөбе қаласы сауда нысанын санитарлық-гигиеналық тексерудiң
N ____ хаттамасы
"_____"__________2004 ж.
Нысан атауы___________________________________________________
Тиесiлiгi_____________________________________________________
Мекен-жайы____________________________________________________
Тексеру анықтады:_____________________________________________
Ғимарат(типтiк, стационарлық, жапсарлас)______________________
Сумен жабдықтау_______________________________________________
Канализация (орталық)_________________________________________
Желдетiлуi____________________________________________________
Баспана жиынтығы, олардың алаңы:______________________________
Жалпы алаңы, шаршы м._________________________________________
Сауда залы, шаршы м.__________________________________________
Тауар сақтауға арналған жай, шаршы м._________________________
Ыдыстарға арналған жай, шаршы м.______________________________
Әкiмшiлiк-тұрмыстық жай, шаршы м._____________________________
Сауда құрал-жабдықтарының болуы_______________________________
Жұмыс iстейтiндер саны,
жеке мед.кiтапшаның болуы_____________________________________
Сатылатын азық-түлiктер
түрлерiн СЭС-пен келiсу_______________________________________
НД қамтамасыз етiлуi
(санитарлық нормалар мен ережелер)____________________________
Қорытынды:____________________________________________________
______________________________________________________________
Бас санитарлық дәрiгер
Тәртiпке
5 ҚОСЫМША
Қалалық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы ҚОРЫТЫНДЫ
N ____ "____"___________ 2004 ж.
Арыз берушi___________________________________________________
Орналасқан жерi_______________________________________________
Жүргiзiлген санитарлық-гигиеналық тексеру негiзiнде___________
______________________________________________________________
(сауда кәсiпорны)
2004 ж."____"______________________________N____тексеру актiсi
________________________________________________ (санитарлық-эпидемиологиялық станция анықтағандай, нысан лицензия алу үшiн санитарлық нормалар мен ережелерге, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бередi)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Бас мемлекеттiк
санитарлық дәрiгер
______________________ ___________________
Тәртiпке
6 ҚОСЫМША
Ақтөбе қаласы Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлiмi
______________________________________________________________
сауда кәсiпорны, тәуелдiлiгi, атауы, мекен-жайы
______________________________________________________________
бастық, жеке кәсiпкердiң тегi, аты-жөнi
______________________________________________________________
конструкция бойынша су құбыры мен канализациясы бар нысан болып табылады.
"____"____________2004 ж.
Қалалық сәулет және
қала құрылысы бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Тәртiпке
7 ҚОСЫМША
Ақтөбе облысының өрт сөндiру қызметi
______________________________________________________________
мекен-жайы, телефоны
Сауда нысаны__________________________________________________
Сауда кәсiпорнының типi, атауы, мекен-жайы
______________________________________________________________
тәуелдiлiгi, басшының, жеке кәсiпкердiң тегi, аты-жөнi
______________________________________________________________
өртке қарсы қондырғылармен қамтамасыз етiлген.
"____"_____________2004 ж.
Басшы __________________________
тегi, аты-жөнi
Тәртiпке
8 ҚОСЫМША
Ақтөбе қаласы Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлiмi
______________________________________________________________
сауда кәсiпорны, тәуелдiлiгi, атауы, мекен-жайы
______________________________________________________________
басшының, жеке кәсiпкердiң тегi, аты-жөнi
______________________________________________________________
Сауда нысанының жер
учаскесiнiң шекараларынан ____________________________________
оқу орны, мектепке дейiнгi мекеме
жер учаскесiнiң қашықтығы_________________ метр құрайды
Қалалық сәулет және
қала құрылысы бөлiмi
меңгерушiсi