Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімшілігінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 182 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2004 жылы 20 сәуірде N 1564 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 215 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009.03.31 N 215 қаулысымен

      "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" Алматы облысы әкімінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі N 4-76 шешімін орындау, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қызметтерін үйлестіру, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-II Заңының 31 бабының 1, 2 тармақтары 17 тармақшасына сәйкес мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесі 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
       2. Қалалық үйлестіру Кеңесі туралы Ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің құрамы қалалық мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Доспановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 С. Зеленский

Қала әкімиятының N 182
қаулысына N 1 қосымша
2004 жылғы 31 наурыз

Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесінің құрамы:

Бақытжан Вильмергенұлы
Доспанов

- қала әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы

Гүлжамал Байболқызы Соппекова

-"Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары

Роза Гымчеровна Ким

- әлеуметтік көмекті үйде көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, Кеңестің хатшысы

Кеңестің мүшелері:

1. Людмила Мұратбекқызы Әбитова

- "Қапшағай қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық мекемесі бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары

2. Зинаида Александровна Волкова

- облыстық мүгедектер қоғамы басқармасының мүшесі (келісім бойынша)

3. Рысалды Советқызы Ешімова

- "Қапшағай қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

4. Жанат Қабдалдақызы Құттыбаева

- Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мемлекеттік мекемесі кемтар балалардың әлеуметтік мәселелері бойынша консультант

5. Елена Антоновна Мартыновна

- қалалық туризм және спорт бөлімінің бас маманы

6. Эльмира Бақытқызы Мұратбекова

- қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы

7. Наталья Юрьевна Носова

"Мәдениет және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

8. Шолпан Амангелдіқызы Өксікбаева

- қалалық қаржы бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

9. Семейғазы Қажыбайұлы Молдақасымов

- бас маман бас сәулетші (келісім бойынша)

"Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесін құру туралы" қала әкімдігінің 2004 жылғы 31 наурыз N 182 қаулысына келісім парағы:

Бақытжан Вильмергенұлы
Доспанов

- қала әкімінің орынбасары

Темірбай Сембайұлы Мәкімов

- қала әкімі аппаратының басшысы

Алмагүл Төлеуқанқызы Қамбарова

- қала әкімі аппаратының бас маман - заң кеңесшісі

Гүлжамал Байболқызы Соппекова

- Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы

Келісілген:

Ілияс Сейітбекұлы Сүгіров

- қала әкімінің бірінші орынбасары

Ердос Исабайұлы Есполов

- қала әкімінің орынбасары

Мемлекеттік мекемелердің басшылары:

Ұзақ Тұяқұлы Ниязов

- қалалық қаржы бөлімінің бастығы

Семейғазы Қажыбайұлы Молдақасымов

- Бас маман-бас сәулетші

Зинаида Александровна Волкова

- Облыстық мүгедектер қоғамы басқармасының мүшесі

Қала әкімиятының N 182
қаулысына N 2 қосымша
2004 жылғы 31 наурыз

Мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қала әкімінің жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі қалалық үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес), мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өмірге енгізу жөніндегі консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормаға сәйкес актілерін, сонымен қатар қазіргі ережені қолдана отырып жұмыс істейді.
      3. Кеңестің дербес құрамы қала әкімиятында анықталады және қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      4. Кеңестің негізгі мақсаты қоғамдық мүгедектер ұйымына дене кемістігі бар адамдардың мәселелерін шешу, шектеулерін жою, олардың толыққанды салауатты өмір сүруіне мүмкіндік беретін жайлы жағдайлар жасау үшін жәрдемдесу болып табылады.

3. Кеңес құзыры

      5. Кеңес келесі міндеттерді орындайды:
      1) ағымдағы және болашақтағы жоспарды дайындайды, қоғамдық бірлестіктердің қызметін жандандыру жөнінде ұсыныс енгізеді, атқарушы органдардың, қалалық қызметтердің мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі мүгедектер ұйымының өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді;
      2) мүгедектерді жұмысқа тұрғызу үшін жұмыс орындарының санын көбейту, тиімді өндірістік-шаруашылық қызметтерді ұйымдастыруға және қоғамдық мүгедектер ұйымының материалдық-техникалық базасын бекітуге жәрдемдеседі;
      3) мүгедектерге түрлі әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың тәжірибесін жинақтап, зерделейді;
      4) мүгедектерге ізгілік көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдарды тартады.

4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

      6. Кеңестің жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің отырысы кем дегенде тоқсанына бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне байланысты өткізіледі.
       7. Кеңестің отырысы төрағасы мен жүргізіледі, немесе оның тапсырмасы мен Кеңестің мүшесі жүргізеді. Кеңес отырысы кеңестің мүшелері жартысынан аса қатысқанда ғана жүргізілуі тиіс.
      8. Кеңес өз шешімін барлық мүшелерімен келісе отырып қабылдайды, хаттамамен рәсімделінеді. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен Кеңес мүшелері қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады