РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 ж. мамырдың 6-дағы "Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құру туралы" N 683 Қаулысына сәйкес, дiни бiрлестiктермен қарым-қатынасты және үйлестiру байланысын қалыптастыру мен қолдау мақсатында, жергiлiктi билiк органдарына, сондай-ақ басқа мекемелерге әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсету үшiн аудандық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясында аудандық әкiмияты жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңесiнiң жаңа құрамы бекiтiлсiн /1 қосымша/.
2. Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес ережесi бекiтiлсiн /2 қосымша/.
3. Осы аудан әкiмиятының қаулысы әдiлет органдарында мiндеттi түрде тiркелуден өтуi қажет.
4. Алматы облыстық әдiлет басқармасында 2003 ж. 10-шiлдедегi N 1250 мемлекеттiк тiркелiнген аудан әкiмиятының 2003 ж. 30-маусымдағы N 17 қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуы аудан әкiмiнiң орынбасары Бөлтiрiк Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi
"Еңбекшiқазақ аудандық әкiмиятының жанынан құрылған дiни
бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құру туралы" әкiмият
қаулысына
КЕЛIСIМ
2004 ж. 18 наурыздағы N 416
Аудан әкiмiнiң орынбасары - Бөлтiрiк Аусадықұлы Жақыпов;
Аппарат басшысы - Еркетай Өсербайұлы Жомартов;
Заңгер Айдын Серiкұлы Байкенов;
Әлеуметтiк мәдени - сала, бiлiм және денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы - Зульфия Исламовна Раджабова;
Аудандық Iшкі Iстер Басқармасының бастығының орынбасары - Сәкен Құнанбайұлы Байпатша;
Аудан бiлiм бөлiмiнiң бастығы - Қасымалы Мұқанұлы Темiрғалиев:
"Еңбекшiқазақ" газетiнiң редакторы - Хайролла Қасымұлы Ахметжанов;
Аудан орталығы Есiк қаласындағы Бас мешiттiң имамы /келiсiм бойынша/ - Ратбек Қажы Нысанбайұлы;
Есiк қаласының орыс Православиелiк шiркеу, Свято-Покровский приходының Алматы - Семей Епархияның жетекшiсi /келiсiм бойынша/ - Егор Саввович Дунай.
Жалпы бөлiмiнiң
бастығы Гүлнар Дүйсебекқызы Дүйсебекова
N 1 қосымшасы
Аудан әкiмиятының
2004 ж. 18 наурыздағы
N 416 қаулысы
Еңбекшiқазақ аудандық әкiмиятының жанынан құрылған дiни
бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңестiң
ТIЗIМI
1. Бөлтiрiк Аусадықұлы Жақыпов - аудан әкiмiнiң орынбасары, Кеңесiнiң төрағасы;
2. Зульфия Исламовна Раджабова - әлеуметтiк-мәдени сала, бiлiм және денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары;
3. Гүлмира Сәкенқызы Әлiмжанова - әлеуметтiк-мәдени сала, бiлiм және денсаулық сақтау бас маманы, Кеңес хатшысы (дауыс құқығы жоқ).
Кеңес мүшелерi:
4. Айдын Серiкұлы Байкенов - Аудан әкiмi аппаратының заңгерi;
5. Майра Нұрдәулетқызы Нұрдәулетова - мәдениет бөлiмiнiң бас маманы;
6. Байпатша Сәкен Құнанбайұлы - аудандық iшкі iстер басқармасының бастығының орынбасары;
7. Қасымали Мұқанұлы Темiрғалиев - аудан бiлiм бөлiмiнiң бастығы;
8. Хайролла Қасымұлы Ахметжанов - "Еңбекшiқазақ" газетiнiң редакторы;
9. Ратбек қажы Нысанбайұлы - аудан орталығы Бас мешiттiң имамы (келiсiм бойынша);
10. Дунай Егор Саввович Есiк қаласының орыс - Православиелiк шiркеу, Свято-Покровский приходының Алматы - Семей Епархияның жетекшiсi (келiсiм бойынша)
Аппарат басшысы
N 2 қосымшасы
Аудан әкiмиятының
2004 ж. 18 наурыздағы
N 416 қаулысы
бекiтiлдi
Еңбекшiқазақ ауданы әкiмиятының жанынан дiни бiрлестiктермен
байланыс жөнiндегi Кеңестiң
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы жағдайы
Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес (әрі қарай Кеңес) аудан әкiмиятының жанындағы консультативтi - кеңесшi орган болып табылады.
Аудандық Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен, облыстық және аудандық әкімиятының өкiмдерiмен шешiмдер, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн және осы ережесiн басшылыққа алады.
Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк, дiни Еңбекшiқазақ ауданындағы басқа да қоғамдық бiрлестiктермен, сонымен қатар халықаралық ұйымдармен тiкелей қатынаста жүзеге асырады.
Кеңестiң шешiмi ұсынымдық сипат ұстайды.
2. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi және функциялары
5. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) Аудандағы дiни жағдайды және оның дамуын зерттеу, жинақтап қорыту, жан-жақты және объективтi зерделеу
2) Ауданда саяси мемлекеттiк басымдық бағыттың құрастыру бойынша ұсыныстар жасау, азаматтардың дiни сенiмдерiнiң құқық еркiндiгiн қамтамасыз ету.
3) Аудандағы дiни жағдай және дiни сенiм еркiндiгiнiң сақталуы туралы мемлекеттiк органдар мен аудан әкiмiн хабардар етiп отыру.
4) Жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарының дiни бiрлестiктермен жұмысын үйлестiру.
5) Ауданда тiркелген дiни бiрлестiктердiң банк мәлiметтерiн құрастыру.
6) Дiни бiрлестiктер арасындағы өз ара түсiнiстiк және шыдамдық және оларға Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес консультативтiк көмек көрсету.
6. Кеңес заңдылықтар мен бекiтiлген тәртiбiне сәйкес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды iске асырады:
1) Аудандағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын құрастыруға қатынасады азаматтардың дiни сенiмдерiнiң еркiндiк құқығын және дiни бiрлестiктермен қарым - қатынасын қамтамасыз етедi.
2) Аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң және шетелдiк миссионерлердiң қызметiн зерделеудi қамтамасыз етедi, олар туралы банк мәлiметтер жинақтайды.
3) Ақпараттық насихат шараларын iске асырады.
4) Азаматтардың дiни сенiм еркiндігiн реттейтiн заңдылықтарын жандандыру жөнiнде ұсыныстар жасайды.
5) Жергiлiктi атқару органдардан және ұйымдардан азаматтардың дiни сенiм еркiндiгi мәселелерi бойынша және қызметтерi туралы мәліметтер.
6) Дiни ұйымдарымен ақпарат және деректемелердi жинау.
7) Дiни ұйымдарға сұраныс бойынша көмек көрсету.
3. Кеңестiң жұмыс тәртiбiн және қызметiн ұйымдастыру
7. Әлеуметтiк саланы басқаратын аудан әкiмiнiң орынбасары кеңестiң төрағасы болып табылады.
8. Тоқсан сайын бiр рет кеңестiң отырысы өткiзiледi.
9. Кеңес отырысының хаттамасын дауыс құқығы жоқ хатшы жүргiзедi.
10. Кеңестiң жұмысында Кеңес құрамының үштен бiрi қатынасса, кеңес отырысы құқылы болып есептеледi.
11. Кеңестiң ұйымдастыру талдау жұмысын қамтамасыз ету, әлеуметтiк мәдени сала, бiлiм және денсаулық сақтау бөлiмi арқылы атқарылады.
Аппарат басшысы