Ескерту.Күші жойылды -Жамбыл облысы әкімінің 2012.18.01 № 1 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қарулы Күштердi реформалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар үшiн оқу взводтарын жасақтау мен әскери-техникалық мамандар дайындаудың қоса беріліп отырған 2004-2005 оқу жылына арналған жоспар-кестесi бекiтiлсiн.
2. Аудандар мен Тараз қаласының әкiмдіктері, облыстық әскери комиссар М.М. Шоқпаров (келісім бойынша):
"Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалын уақытылы жасақтауды және әскери-техникалық мамандар дайындаудың 2004-2005 оқу жылына арналған жоспарын орындауды қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшiн медициналық куәландырудан өткiзсiн. Оқуға науқас, сотталған және кезектi шақырылуға жатпайтын жасөспірімдердің жiберiлу жағдайларын болдырмасын.
3. Облыс Әкiмiнiң көлiк басқармасы (Ә.Д. Тәңiрбергенов) әскери-техникалық мектеп курсанттарына жеңiлдетілген жол жүру билеттерiн бөлсiн.
4. "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Тараз филиалының бастығы М. Мырзахалықов (келісім бойынша):
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар үшiн әскери-техникалық мамандар дайындаудың 2004-2005 оқу жылына арналған жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн;
"Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалын практикалық жұмыс тәжiрибесi бар оқытушылармен және өндiрiстiк оқыту шеберлерiмен жасақтасын, олардың әдiстемелiк дайындық деңгейiн жоғарылатсын;
оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан халықтарының тарихын зерделеу жөнiндегi жұмысты жақсартсын. Дене шынықтыру дайындығы бойынша тұрақты оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастырсын және барлық әскерге шақырылушылардың қажеттi тесттер тапсыруын қамтамасыз етсiн;
"Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалының шаруашылық-есеп қызметiн әскери-техникалық мамандар дайындау мен мектептi ұстауға жұмсалатын шығындардың орнын iшiнара толтыру мақсатында қосымша ақшалай қаражат табу үшiн пайдалансын.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары К.М. Демешке жүктелсiн.
Облыс Әкiмi Б. Жексембин
Келiсiлдi:
"Қазақстан Республикасы
қорғаныс министрлiгiнiң
әскери-техникалық мектебi"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Тараз
филиалының бастығы М. Мырзахалықов
Облыстық әскери комиссар
полковник М. Шоқпаров
2004 жылғы 23 қыркүйектегі облыс Әкімінің
"2004-2005 оқу жылына Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi
үшiн әскери-техникалық мамандар
дайындау туралы"»N 27 шешімімен бекітілген
"Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң
әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалында Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi үшiн 2004-2005 оқу жылына оқу
взводтарын жасақтау мен әскери-техникалық мамандар дайындаудың
Жоспар-кестесі
Ау |
Жоспар |
Оқу мерзімдері |
Сағаттар саны |
Оқы |
||||||||||||||
Ад |
О |
Қ |
Қ |
Ж |
Қ |
А |
Н |
С |
М |
М |
Ш |
Т |
Қ |
Тео |
Зер |
Ж |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
"В,С |
1 |
5 |
450 |
438 |
90 |
Сар Бәй |
||||||||||||
Бай |
8 |
|||||||||||||||||
Жам |
7 |
|||||||||||||||||
Та- |
15 |
|||||||||||||||||
БМП |
2 |
8 |
450 |
438 |
90 |
Не Сат |
||||||||||||
Бай |
7 |
|||||||||||||||||
Жам |
8 |
|||||||||||||||||
Та- |
15 |
|||||||||||||||||
Көк |
60 |
2 |
900 |
876 |
180 |
|||||||||||||
"В,С |
3 |
14 |
450 |
438 |
90 |
Сар Бәй |
||||||||||||
Бай |
8 |
|||||||||||||||||
Жам |
7 |
|||||||||||||||||
Та- |
15 |
|||||||||||||||||
БМП |
4 |
28 |
450 |
438 |
90 |
Не Са |
||||||||||||
Бай |
7 |
|||||||||||||||||
Жам |
8 |
|||||||||||||||||
Та- |
15 |
|||||||||||||||||
Күз |
60 |
2 |
900 |
876 |
180 |
|||||||||||||
Бар |
120 |
4 |
1800 |
1752 |
360 |
Қосымша: Жаңатас, Жуалы, Қаратау, Қордай, Меркi, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Шу аудандық (қалалық) әскери комиссариаттары "Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Тараз филиалына шақырылушылар арасынан 3 адамнан жоғарыда көрсетiлген мамандықтар бойынша iрiктелiп алынсын. Оқу топтары облыстық әскери комиссариаттың келiсiмiмен жасақталсын.