Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 25 наурызда N 2218 тiркелген 2003 жылғы 24 ақпандағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскелерiне тiркеудi дайындау және жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты қолданысқа енгiзу туралы" N 60 бұйрығына сәйкес 1988 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеудi ұйымшылдықпен және сапалы өткiзу үшiн, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесiн анықтау, дене дайындығын, жалпы бiлiм деңгейi мен алған мамандығын нақтылау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. 2005 жылы Жамбыл облысының аймағында азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеуге дайындау және оны жүргiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың қоса берiлiп отырған жоспары бекiтiлсiн.
2. Облыстың әскери комиссары М.М.Шоқпаров (келiсiм бойынша) 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1988 жылы туылған, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Аудандар мен Тараз қаласының әкiмдерi:
азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеу жөнiндегi аудандық, қалалық комиссиялар құрсын, олардың жеке құрамын, тiркеудi өткiзу кестесiн бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы 12 бабының 3 тармағына сәйкес меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың басшыларын шақыру учаскелерiнде тiркелуге тиiстi жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн әскери комиссариаттарға табыс етуге мiндеттесiн;
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы 35 бабының 1 тармағына сәйкес тiркеу кезiнде азаматтарды медициналық куәландыруды өткiзу үшiн әскери комиссариаттарды байланыспен, дәрi-дәрмекпен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктермен, автокөлiкпен, сондай-ақ емдеу-алдын алу мекемелерiнде орындармен қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы 35 бабының 3 тармағына сәйкес шақыру учаскелерiнде әскер жасына дейiнгiлердi тiркеу жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң, шақыру учаскелерiнде жұмыс iстеу үшiн бөлiнетiн медициналық, техникалық қызметкерлердiң, сондай-ақ қызмет көрсетушi персоналдың осы мiндеттердi атқарған уақытта жұмыс орнын, қызметi мен орташа жалақысын сақтасын.
4. Облыстың iшкi iстер басқармасының бастығы Т.А.Құлыбаев (келiсiм бойынша) жергiлiктi iшкi iстер органдары мен әскери комиссариаттардың өзара iс-қимылын, әскерге шақыру учаскелерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын, әскери тiркелуден жалтарып жүрген тұлғаларды iздестiрудi, ұстауды және комиссияға жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
5. Облыс Әкiмi денсаулық сақтау басқармасының бастығы Т.Ш.Әбiлдаев:
шақырылған жасөспiрiмдердi медициналық куәландыру алдында көкiрек клеткасы органдарын рентгенологиялық (флюорографиялық) тексерудi, қанның анализiн, ЖҚТБ-ге, бруцеллезге, зәрдегi белокты, туберкулезге тексерудi, алдын ала егудi, ЭКГ тексерiлуiн, қанның тобын және резус-факторын анықтауды қамтамасыз етсiн, тексеру қорытындыларын аудандық және қалалық әскери комиссариаттарға берсiн;
аудандардың және Тараз қаласының бас дәрiгерлерiн қалалық, аудандық әскери комиссариаттардың сұрауы бойынша амбулаториялық емделiп жүрген аурулардың картасын қосымша парақтарымен бiрге, диспансерлiк есепте тұрған азаматтардың тiзiмiн, сырқатнамадан үзiндi беруге, медициналық куәландыру үшiн хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, отоларинголог, дерматовенеролог, көз, тiс дәрiгерлерiмен және қажет болған жағдайда басқа дәрiгер мамандармен қамтамасыз етуге мiндеттесiн;
облыстық әскери комиссариаттың өтiнiмi бойынша облыстық емдеу мекемелерiнен аудандық, қалалық медициналық комиссиялардың құрамында жұмыс iстеуге жетiспейтiн дәрiгер-мамандар бөлсiн;
аудандардан және қалалардан облыс орталығына жiберiлген науқас әскер қатарына шақырылғандарды тексеруден өткiзу және емдеу үшiн емдеу мекемелерiнiң тiзбесiн және қажеттi төсек-орын санын анықтасын;
әскер қатарына шақырылуға тiркелген азаматтарды әскери қызметке шақырылғанға дейiн емдеудi және сауықтыруды қамтамасыз етсiн.
6. Облыс Әкiмi бiлiм басқармасының бастығы Д.И.Әбдiрайымов аудандық (қалалық) әскери комиссарлармен келiсiлген кесте бойынша меншiк нысанына қарамастан облыстың оқу ұйымдарында оқитын, 1988 жылы туылған жастарды шақыру пункттерiне уақтылы және ұйымшылдықпен жiберсiн.
7. Облыс Әкiмi қаржы басқармасының бастығы Б.Аманбеков облыстың жергiлiктi бюджеттерiнде қарастырылған сомалар шегiнде шығыстар сметасына сай жасөспiрiмдердi шақыру учаскелерiнде тiркеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
8. Облыстың әскери комиссары М.М.Шоқпаров (келiсiм бойынша) 2005 жылғы 15 сәуiрге дейiн облыс Әкiмiнiң аппаратына шақыру учаскелерiнде азаматтарды тiркеудiң нәтижелерi және осы шешiмнiң орындалуы туралы хабарлама берсiн.
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары К.М.Демешке жүктелсiн.
Облыс әкiмi Б.Жексембин
Келiсiлдi:
Облыстың әскери комиссары М. Шоқпаров
Облыстың iшкi iстер
басқармасының бастығы Т. Құлыбаев
Облыс Әкiмiнiң 2004 жылғы "10" қарашадағы "2005
жылы Жамбыл облысының аумағында азаматтарды
шақыру учаскелерiнде тiркеу туралы" N 30 шешiмiмен
бекiтiлген
2005 жылы Жамбыл облысының аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеуге дайындау және оны жүргiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
N р/с |
Iс-шаралар атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалу мерзiмi |
Ескерту |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
1. Жамбыл облыстық әскери комиссариаты өткiзетiн iс-шаралар |
|||||||
1 |
Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеу тәртiбi және өткiзу мерзiмi туралы нұсқау әзiрлеу |
облыстық әскери комиссардың нұсқауы |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 1 желтоқсанына дейiн |
|||
2 |
Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға азаматтарды тiркеу жоспарын және нұсқауды жеткiзу |
тарату тiзiлiмi |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 10 желтоқсанына дейiн |
|||
3 |
Облыс Әкiмi денсаулық сақтау басқармасымен бiрлесе отырып тiркеу өткiзу кестесiн жасау, азаматтарды медициналық куәландыру үшiн облыстық мекемелерден дәрiгер-мамандар жiберу тәртiбiн анықтау |
тiркеу өткiзу кестесi |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша), облыс Әкiмi денсаулық сақтау басқармасының бастығы |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
|||
4 |
Аудандық (қалалық) тiркеу комиссиясы төрағаларымен, аудандық, қалалық әскери комиссарлармен, 2-шi бөлiмше бастықтарымен және тiркеу жөнiндегi комиссия жұмысына қатысатын дәрiгер-мамандармен азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi ұйымдастыру және өткiзу бойынша оқу-әдiстемелiк сабақтар өткiзу |
сабақтар кестесi |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 15 қаңтарына дейiн |
|||
5 |
Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша азаматтарды тiркеу жөнiндегi аудандық медициналық комиссияларда жұмыс iстеу үшiн жетiспейтiн дәрiгер-мамандарды бөлу |
облыс Әкiмi денсаулық-сақтау басқармасы бастығының бұйрығы, облыстық әскери комиссариаттың өтiнiмi |
облыс Әкiмi денсаулық сақтау басқармасының бастығы, облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 10 қаңтарына дейiн |
|||
6 |
Азаматтарды тiркеу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету үшiн облыстың iшкi iстер басқармасымен өзара iс-қимылдар жоспарын әзiрлеу |
өзара iс-қимылдар жоспары |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша), облыстың iшкi iстер басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 24 желтоқсанына дейiн |
|||
7 |
Облыс аумағында азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеудi өткiзу туралы бұйрық шығару |
тiркеудi өткiзу туралы бұйрық |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
|||
8 |
Аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың азаматтарды тiркеу дайындығын және жүргiзiлу барысын сол жерлерге барып тексеру, iс-тәжiрибе көмегiн көрсету |
тексеру кестесiне сай 2005 жылдың 17 қаңтарынан бастап |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
тексеру кестесi |
|||
9 |
Облыс Әкiмiне өткiзiлген тiркеу қорытындылары туралы хабарлама беру |
қорытынды хабарлама |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 15 сәуiрiне дейiн |
|||
10 |
Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар- |
Ф-13/МУ |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 10 сәуiрiне дейiн |
|||
11 |
Жастарды әскери қызметке даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және облыс Әкiмiне қарауға және бекiтуге ұсыну |
iс-шаралар жоспары |
облыстық әскери комиссар (келiсiм бойынша) |
тiркеуден кейiнгi 10 күн мерзiм iшiнде |
|||
2. Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда жүргiзiлетiн iс-шаралар |
|||||||
12 |
Әскери мiндеттiлердiң, шақырылушылардың, сондай-ақ шақырылуға дейiнгi жастардың алғашқы есебiн жүргiзу жүктелген жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың тiзбесiн аудандық (қалалық) статистика органдары арқылы анықтау |
ұйымдар тiзбесi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 15 қарашасына дейiн |
|||
13 |
Шақыру учаскелерiнде тiркелуi тиiс жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн сұратып алу |
сұраным тiзiлiмi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 1 желтоқсанына дейiн |
|||
14 |
Шақыру учаскелерiнде тiркелуi тиiс жасөспiрiмдердiң тiзiмде толық қамтылғанын және тiзiмдердi құрастыру сапасын әскери комиссариаттың қызметкерлерiнiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, ұйымдарға барып тексеруi |
кестеге сай |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 15 желтоқсанына дейiн |
|||
15 |
Тұрғын үй пайдалану және меншiк нысанына қарамастан өзге ұйымдардан алынған жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн бiлiм беру ұйымдарынан алынған тiзiмдермен салыстыру және жасөспiрiмдердiң ұсынылған тiзiмдерге толық енгiзiлгенiне көз жеткiзу |
тiзiмдер |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
|||
16 |
Шақыру учаскесiне тiркелуi тиiс жасөспiрiмдердiң жинақ тiзiмiн жасау (Тiркеу жөнiндегi нұсқауға N№2 қосымша) |
жинақ тiзiмi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
|||
17 |
Тiркелуi тиiс жасөспiрiмдер үшiн сұратып алу: |
жауап алу тiзiлiмi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
|||
1) емдеу-алдын алу мекемелерiнен: амбулаториялық емделiп жүрген аурулардың картасы қосымша парақтарымен; сырқатнамадан үзiндiлер; диспансерлiк есепте тұрған жасөспiрiмдердiң тiзiмi |
|||||||
2) халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарынан: мүгедек деп танылған тұлғалар туралы мәлiметтер |
|||||||
3) көмекшi мектептерден және арнайы бiлiм беру ұйымдарынан: тәрбиеленуi қиын балалардың медициналық-педагогикалық мінездемелерi |
|||||||
4) iшкi iстер органдарынан, прокуратурадан және соттардан: қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған, тергеуде жүрген, сотталған, iшкi iстер органдарының есебiнде тұратын тұлғалардың тiзiмдерi; |
|||||||
5) денсаулық сақтау басқармаларынан: әскерге шақырылушыларды стационарлық немесе амбулаториялық тексеру жүргiзетiн емдеу мекемелерiнiң тiзiмдерi |
|||||||
18 |
Азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеудi өткiзу туралы бұйрық шығару |
Тiркеу өткiзу туралы бұйрық |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
|||
19 |
Аудандық iшкi iстер бөлiмдерiмен өзара iс-қимылдар жоспарын әзiрлеу |
өзара iс-қимыл жоспары |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша), iшкi iстер бөлiмдерiнiң бастықтары (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
|||
20 |
Азаматтарды шақыру учаскелерiнде тiркеудiң дайындық және өткiзу жоспарын жасау, жоспарда мыналарды ескеру: |
тiркеуге дайындық пен өткiзу iс-шараларының жоспары |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 15 желтоқсанына дейiн |
|||
1) хабарландыру тәртiбi және азаматтарды шақыру мерзiмдерi; |
тiркеуге шақыру кестесi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
2) азаматтардың тiркеуге келуiнiң күнделiктi есебi; |
күнделiктi келудiң тiзiмдерi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
3) тәрбиелеу мен әлеуметтiк-құқықтық жұмыстардың iс-шаралары; |
тәрбиелеу мен әлеу- |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
4) шақыру учаскелерiнiң ғимараттарын жабдықтау; |
материал |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
5) флюорографиялық және зертханалық тексеру өткiзу кестесi; |
флюорографиялық |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
6) тiркелуi тиiс азаматтарды медициналық куәландыруды өткiзу үшiн жоғары бiлiктiлiгi бар дәрiгер-мамандар iрiктеу; |
әскери комисcариаттың өтiнiмi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
7) техникалық қызметкерлердiң, қызмет көрсетушi персоналдың және кезекшi автокөлiктiң қажеттi санының есебi; |
Әкiмнiң шешiмiне қосымша |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 20 желтоқсанына дейiн |
||||
8) шақыру учаскесiнiң жұмысына тартылған техникалық қызметкерлермен нұсқау-әдiстемелiк сабақтарын өткiзу мерзiмi; |
сабақ өткiзу жоспар-конспектiлерi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
||||
9) тiркеу комиссиясының мүшелерiмен нұсқау-әдiстемелiк сабақтарын өткiзу мерзiмi; |
сабақ өткiзу жоспар-конспектiлерi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 25 желтоқсанына дейiн |
||||
3. Тiркеу аяқталғаннан кейiнгi iс-шаралар |
|||||||
21 |
Сәуiр айында тiркеуден өткен азаматтардың әскери комиссариаттағы бар есеп мәлiметтерi мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру және өзге де ұйымдардың есеп мәлiметтерiн мұқият салыстыруды өткiзу, азаматтардың тiркеуге толық қамтылғанына көз жеткiзу |
кестеге сай |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 5 сәуiрiне дейiн |
|||
22 |
Тiркеуден өткен шақырылушыларға арналған жеке iстердi тiркеу комиссиясының хаттама кiтабының мәлiметтерiмен, есептiк-алфавиттiк кiтабымен және жинақ тiзiмдерiмен мұқият салыстыру |
тексеру актiсi |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
тiркеу аяқталғаннан кейiн |
|||
23 |
Шақыру учаскелерiне азаматтарды тiркеу туралы атқарылған жұмыстың қорытынды есебiн құрастыру және облыстық әскери комиссариатқа белгiленген мерзiмде ұсыну |
қорытынды есеп |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 1 сәуiрiне дейiн |
|||
24 |
Шақыру учаскесiнде тiркелген шақырылушыларды зерделеу жоспарын құрастыру |
зерделеу жоспары |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 11 сәуiрiне дейiн |
|||
25 |
Жергiлiктi атқарушы органдарға өткiзiлген тiркеудiң нәтижелерiн хабарлау |
тiркеу туралы хабарлама |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 11 сәуiрiне дейiн |
|||
26 |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жасөспiрiмдердi әскери қызметке дайындау туралы негiзгi iс-шаралардың жоспарын бекiтуге ұсыну |
iс-шаралар жоспары |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2005 жылдың 11 сәуiрiне дейiн |
|||
27 |
Тiркеу нәтижелерi бойынша емдеудi қажет ететiн шақырылушылардың тiзiмiн құрастырып, емдеу мекемелерiне бекiтiп беру үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыну |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң N№61 бұйрығы бойынша N 1, N№2 тiзiмдер |
әскери комиссарлар (келiсiм бойынша) |
2004 жылдың 5 сәуiрiне дейiн |