Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі туралы

Күшін жойған

Тұрар Рысқұлов аудандық әкімиятының 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 98 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 6 мамырда N 1342 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012.01.12 № 3 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 бөлімінің 13 тармағымен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармағының негізінде және халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттеу мақсатында аудан Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.

      2. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасына (Т.Тастанбеков) әлеуметтік жұмыс орындарын кент, ауыл аймағы әкімдері мен жұмыс берушілер сұраныстарын ескере отырып Ережеге сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ететін болсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Рахманбердиевке жүктелсін.

      Аудан Әкімінің міндетін атқарушы                Ш.Қосалов

2004 жылғы 8 сәуіріндегі N 98
аудан Әкімиятының "Әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру Ережесі
туралы" қаулысымен бекітілген
қосымша

Аудан аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Ережесі

      Осы Ереже ауданда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерде жұмыссыздар ішіндегі нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оны қаржыландыру тәртібін белгілейді.

Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер

      1. Әлеуметтік жұмыс орны - жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларға төленетін еңбек ақыларының ішінара бөлігін жергілікті бюджет арқылы өтей отырып, жұмыс берушілердің жазбаша түрдегі келісімімен ашылатын жұмыс орны.

      2. Нысаналы топ - жұмысқа орналасуды қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар.

      3. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесімдерді қолданады.

      4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздардың ішіндегі нысаналы топқа жататындарын әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына ықпал етеді.

Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырудың
ұйымдастырылуы мен тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушінің қаражаты есебінен анықталады немесе құралады және осы жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақыларына төленетін шығынның ішінара бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

      6. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыздар арасындағы нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыруға және олардың еңбек ақыларына төленетін шығының ішінара бөлігін өтеу мақсатында жұмыс берушілермен келісім-шартқа отырады.

      7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және олардың еңбек ақысына арналған бюджет қаражаттарын нәтижелі пайдалану мақсатында тиісті аймақтық әкімдер жұмыс берушілердің жазбаша келісіміне сүйене отырып, халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарды орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын анықтайды.

      8. Келісім-шартқа сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыруға аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жұмыс орның қаржыландыру
көздері мен шарты

      9. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде жұмыс беруші арқылы ай сайын орындалатын жұмыс санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздың еңбек ақысына төленетін жұмыс берушінің шығыны, жалақының ең төменгі мөлшерінің ішінара бөлігін жергілікті бюджет есебінен қайтарылады және жұмыс істеу мерзімі алты айдан аспауы тиіс. Бюджет есебінен қайтарылатын қаржы ай сайын жұмыс берушінің есеп шотына келісім-шартқа сәйкес аударылып отырылады.

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың жергілікті бюджет есебінен есептелген жалақысына заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.

      12. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу нақты атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес анықталады.

      13. Жұмыс беруші, жергілікті бюджеттен түскен қаражатты әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға кеткен шығынның орнын жабуға пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады