Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 4-15 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 9 сәуірде N 1309 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 19-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 27.12.2005 № 19-10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын негізге ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      3. Осы шешім Жамбыл облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде жариялануға тиісті.

      Аудандық Мәслихат                         Аудандық Мәслихат
      4-сессиясының төрағасы                    хатшысы

Сарысу аудандық Мәслихатының 2004
жылғы 17 ақпандағы "Жекелеген
азаматтар топтарына әлеуметтік
төлемді жүзеге асыру Ережесін
бекіту туралы" N 4-15 шешімімен
бекітілген

Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді
жүзеге асыру Ережесі

1. Ортақ қағида

      1. Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді төлеудің негізгі Ережесі (әрі қарай Ереже) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді төлеудің 15-бюджеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.

      2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және  "Бюджеттік жүйе туралы"Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.

      3. Бұл ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру туралы" Заңымен реттелген қатынастарға қолданылмайды.

2. Төлем алу құқығы

      4. Табысы аз, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен отбасылар /азаматтар/, төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер және мерекелік күндеріне байланысты жеке азаматтар тобы әлеуметтік төлем алуға құқылы.

      5. Өмірдің қиын жағдайлары болып саналатын: отбасы мүшесінің біреуінің қазаға ұшырауы, өкпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитализацияға сапар билеті, тағы да басқалары арнаулы құрылған комиссия мүшелері шешімімен анықталады.

      6. Аудан көлемінде тұратын орташа табысы ең төменгі күнкөріс табысынан аспайтын отбасылар, азаматтар, кездейсоқ оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан денсаулығына нұқсан келсе, төлем алу құқығына ие болады.

      7. Әлеуметтік төлем азаматтардың өтініштері бойынша арнаулы құрылған комиссия мүшелері шешімімен бөлінеді.

3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру

      8. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық Мәслихат депутаттарынан, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдерінен, аудан қоғамдық ұйымдарының мүшелерінен, жергілікті өз-өзін басқару органдарынан комиссия құрылады. Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық Мәслихат шешімімен бекітіледі. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында комиссия айына бір рет мәжіліс өткізеді.

      9. Комиссияның негізгі мақсаты мыналар:

      1) Әлеуметтік көмек беру туралы азаматтар өтініштерін қарау;

      2) Көмек сұраған отбасының /азаматтың/ әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мен отбасы қамтылуы деңгейін тексеру;
 
       3) Әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.

4. Көмек берудің тәртібі мен мөлшері

      10. Әлеуметтік төлем отбасына жылына 1 рет ақшалай түрде беріледі.

      11. Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш береді.
      Өтінішке қоса мына құжаттар керек:

      1) жеке куәлік;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама немесе /жекелеген азаматтар үшін/ жеңілдік куәлігі;
      4) комиссияның әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.

      12. Өтініш төлем берушінің есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы төленеді, ал мерекелік күндеріне байланысты қайырымдылық астарды өткізу үшін, бөлінген нысаналы қаражатты аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберілсін.

      13. Мерекелік күндерге орай төлем төлеу, осы төменде көрсетілген азаматтар тобына арыз бермей-ақ есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы жүргізіледі:

      1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға және мүгедектерге 9 Мамыр-Жеңіс күніне байланысты 1000 теңге;
      2) Табысы аз азаматтарға және куәлік алу үшін көмек ретінде - 450 теңге;
      3) Табысы аз азаматтардың отбасында мүшесінің біреуі қазаға ұшыраса-төлеу үшін есептік көрсеткіштің екі еселенген бағамы негізге алынады;
      4) Кездейсоқ, оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан денсаулығына нұқсан келген жағдайы төмен отбасыларына - 2000 теңге;
      5) Төлем төлеу көлемі әрбір нақты жағдайда комиссия шешімімен анықталады.

      14. Әлеуметтік төлемдер бойынша қаржыландыру шығысы "Жекелеген азаматтардың әлеуметтік төлемі" 15-аудандық бюджет бағдарламасы бойынша осы мақсаттарда қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.

5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі

      15. Жиынтық тізім негізінде мереке күндеріне байланысты, әлеуметтік көмек беру төлемін Халық банкісінде және пошта бөлімдерінде алушының жеке есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
 
       16. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды. Ол 2004 жылы аудан бюджетінде қарастырылған қаражатты пайдаланушы азаматтардың тізімінің нақтылығына жауап береді.

6. Төлем төлеудің жүзеге асырылуын бақылау

      17. Әлеуметтік төлем төлеу бойынша есеп берілу мен оны бақылау Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады