Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 276-ІІ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексінің) қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті өкілді органдардың төлем ставкаларын бекіту туралы 462-бабы негізінде және салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі принципін сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 37-бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 28 желтоқсандағы XV сессиясының N 4/15 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы", 2002 жылғы 4 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілердің Реестріндегі тіркеу нөмірі 602 және облыстық Мәслихаттың XVIII сессиясының 2002 жылғы 27 маусымдағы N 4/9 "Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 28 желтоқсандағы XV сессиясының N 4/15 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылға арналған төлем ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы", 2002 жылғы 1 шілдедегі нормативтік құқықтық актілердің Реестріндегі тіркеу нөмірі 854, шешімдері өз күшін жойды деп танылсын.
2. Меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға қоршаған ортаны ластағаны үшін 2002 жылғы төлемдердің ставкалары N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін, мұнда салықтық режим Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған контрактыға сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушылар төлемді тиісті әрекет етуші контрактілерде белгіленген ставкалар бойынша енгізеді.
3. Осы шешімнің 2 тармағының әрекеті қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасын төлеуге 2002 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Усатов Н.Е.) және облыс әкімінің орынбасарына (Тұңғышбеков С.Т.) жүктелсін.
Сессия төрағасы
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Облыстық Мәслихаттың
2004 жылғы 18 наурыздағы
V сессиясының N 81 "Облыстық
Мәслихаттың 28.12.01 ж. ХV сессиясының
N 4/15 "Қоршаған ортаны ластағаны үшiн
2002 жылға арналған төлем ставкалары
туралы" және облыстық Мәслихаттың
27.06.02 ж. ХVIII сессиясының N 4/9
"Облыстық Мәслихаттың 28.12.01 ж.
ХV сессиясының N 4/15 "Қоршаған ортаны
ластағаны үшiн 2002 жылға арналған
төлем ставкалары туралы" шешiмiне
өзгерiстер енгiзу туралы"
шешiмдерi туралы" шешіміне
N 1 қосымша
Қоршаған орта өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтары мен ластаушы заттардың орынсыз лақтырындысы үшін төлем мөлшері белгіленсін:
ауаға стационарлық көздерден (кесімді шекте) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі шығарындысы үшін - 150 теңге;
ауаға стационарлық көздерден (кесімі шектен тыс) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі шығарындысы үшін - 1500 теңге.
Ауаны жылжымалы көздердің (автокөлік, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқада техника) шығарындысымен ластауға пайдаланылған 1 тонна автомоторлық жағармай үшін:
этилді бензині үшін - 700 теңге;
этилді емес бензин үшін - 300 теңге;
дизельдік жағармай үшін - 250 теңге;
газ үшін - 180 теңге.
Су объектілері жинама тоғандарға, фильтрация ауданына стационарлық көздерден (кесімді шекте) ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін - 12500 теңге;
Су объектілеріне нормативтік шектен тыс ластаушы заттардың 1 тонна мөлшеріндегі лақтырындысы үшін - 125000 теңге;
Жер бедеріне 1 текше метр су ағызғаны үшін;
Қалыпты тазартылған ағын су үшін - 4,5 теңге;
тазартылмаған және толық тазартылмаған ағын су үшін - 9 теңге;
Қоршаған ортаға өндірістік және пайдаланған қалдықтарды сақтағаны, көмгені және жөнсіз тастағаны үшін:
V сыныптық улы емес қалдықтардың 1 тоннасы үшін - 100 теңге;
аршылған жыныстардың 1 тоннасы үшін - 10 теңге;
Кен байыту қалдықтары, металлургиялық шламдар, кектер, боқаттар күлді қождар қалдықтарының, 1 тоннасы үшін - 20 теңге;
N 1 кестеге сәйкес улылық сыныбына байланысты өнеркәсіптік қалдықтар.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі);
жабдықталмаған алаңдар мен жинақтаушылардағы қалдықтардың 1 тоннасы үшін - 1000 теңге;
жабдықталған алаңдардағы қалдықтардың 1 тоннасы үшін - 100 теңге;
Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырғаны үшін, 1 текше метрі үшін - 100 теңге.
Төлемақы талап етілген сәтте көтерме сауда бағасына сәйкес шикізат көзі ретінде танылатын шикізат көздерінің қалдықтарын орналастыру, сақтау және көміп тастау.
Қалыптан тыс, сонымен қатар рұқсат етілмеген, апаттан пайда болған ауаны (су объектілерін) ластайтын шығарындылар мен төгінділерді, өндірістік және пайдаланылған қалдықтарды жөнсіз орналастырғаны үшін төлем мөлшері 10 еселік көрсеткіші қолданылады.
Белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны ластайтын лақтырындыларды, өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтарын рұқсатсыз тастаса, барлығы да рұқсат етілмеген ластайтын лақтырындылар, өндірістік және пайдаланылған заттар қалдықтары болып қаралады.
Шикізат материалының көзі болып табылмайтын қалдықтарды орналастыруға алынатын нормативтік төлемдер
Қалдықтар атауы |
Өлшем бірлігі |
Нормативтіктөлем (теңге) |
1. Улы қалдықтар
|
|
|
II сыныпты улы заттар - жоғары дәрежеде қауіпті |
тонна |
1600 |
III сыныпты улы заттар - қауіпі бар |
тонна |
400 |
IV сыныпты улы заттар - қауіпі аз |
тонна |
200 |