Теміртау қалалық мәслихаттың 2001 жылдың 2 тамызындағы 21 сессиясының N 21/7 "Қалалық мәслихаттың регламенті туралы" тіркеу нөмірі - 405, шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2004 жылғы 21 мамырдағы N 7/4 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 27 мамырда N 1524 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 40/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 28.05.2007 N 40/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-II "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Занының 8-бабы 3 тармағы 5-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2001 жылдың 2 тамызындағы 21 сессиясының № 21/7 "Қалалық мәслихаттың регламенті туралы", тіркеу нөмірі - 405, шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:

      1) "1. "Жалпы ережелер" бөліміндегі:

      1.1, 1.2, 1.3 тармақтары 1., 2., 3. тармақ деп оқылсын

      1–тармақтағы сызықша 1, 2, 3, 4, 5 тармақшалары 1), 2), 3), 4), 5) алмастырылсын

      3- тармақтағы сызықша 1, 2, 3, 4, 5, 6 тармақшалары 1), 2), 3), 4), 5), 6) алмастырылсын.

      2) "2. Қалалық мәслихат сессиясын дайындау және өткізу" бөліміндегі:

      2..1, 2.2, 2.3, 2..4, 2.5, 2.6, 2.7, 2.8, 2.9, 2.10, 2.11, 2.12, 2.13, 2.14, 2.15, 2.16, 2.17, 2.18 тармақтары 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 тармақ деп оқылсын

      6-тармақтағы "кезектен тыс екінші сессия" сөзі "келесі кезектен тыс сессияларды" сөзімен алмастырылсын;

      12–тармақтағы сызықша 1, 2 тармақшалары 1), 2) алмастырылсын

      19-тармақтағы сызықша 1, 2, 3 тармақшалары 1), 2), 3) алмастырылсын.

      3) "3. Қалалық мәслихаттың актілерді, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары мен жоспарларын қарау және қабылдау, бюджетті бекіту" бөліміндегі:

      3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8, 3.9, 3.10, 3.11, 3.12, 3.13 тармақтары 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 тармақ деп оқылсын

      30-тармақтары сызықша 1, 2, 3 тармақшалары 1), 2), 3) алмастырылсын

      4) "4. Мәслихаттың лаузымдық тұлғалары, комиссиялары және депутаттық топтары, бақылау функцияларын атқару" бөліміндегі:

      4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5, 4.6, 4.7, 4.8, 4.9, 4.10, 4.11, 4.12 тармақтары 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 тармақтары деп оқылсын.

      5) "5. Мәслихат қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету" бөліміндегі;

      5.1, 5.2, 5.3 тармақтары 46, 47, 48 тармақ деп оқылсын.

      5) тармақша келесі мағанадағы 6 бөліммен толықтырылсын

      "6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі

      49. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі. Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      50. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданды. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттің 51, 52, 53 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      51. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрі уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде қалалық Мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады. Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.

      Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды.

      Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.

      Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:

      1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені;

      2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарыда тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;

      3) кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші".

      6) тармақша келесі мағандағы 7 бөліммен толықтырылсын:

      "7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

      52. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқада қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, оңдеумен айналысып, қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.

      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.

      Саяси партиядан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.

      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия еңгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.

      Саяси партиядан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктен мен жоғары тұрған сайлау комиссияларыннан ұсыныс енгізеді.

      53. Рейтінгілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасың, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар даусы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.

      Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырсында сайланады.

      Қалалық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, өндіріс және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі (В.П. Дмитриев), әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері (Н.Н. Бабенко) жөніндегі тұрақты комиссияларға жүктеледі.

      Мәслихат хатшысы А. Аркатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады