"Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/371 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қаңтарда N 8-4-57 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/431 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.06.27 N 44/431 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8-бабының 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 "Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" шешімімен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 1533, "Балқаш өңірі" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 54 санында, "Балхашский рабочий" газетінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 45 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 32/301 "Қалалық мәслихаттың регламентін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 26 мамырдағы N 7/75 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі - 8-4-36, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 41 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 26 санында жарияланған) қалалық мәслихаттың Регламентіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 3-тармақта екінші абзац алынып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "сессия шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 4-тармақта "1" саны "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта "Балқаш өңірі" газетінде" сөздері "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      3) 14-тармақ келесі мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын:
      "3) аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн сайлағанда.";
      4) келесі мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Қалалық мәслихатқа жолданатын шешім жобасы бойынша материалдар қосуы тиіс:
      1) мемлекеттік және ресми тілдегі шешім жобасын;
      2) қалалық бюджетке түсімдердің қысқаруын немесе шығындардың көбеюін көздейтіндігі туралы мәліметтер, болжанатын нәтиже және негізгі жағдайлардың, оның міндеті, мақсаты туралы толықтырылған сипаттамасы, нормативтік құқықтық актілердің нормаларына сәйкестігіне сілтеме бойынша шешімнің қабылдаудың керектігі және негізі көрсетілген түсіндірме хатын;
      3) мүдделі органдармен келісуін.";
      5) 26-тармақтың бірінші абзацында "әкімі" сөзі "әкімдігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "әкімі" сөзі "әкімдігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 28-тармақта "әкімі" және "1 шілдесінен" сөздері "әкімдігі" және "1 сәуірінен" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      7) 40-тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "40. Қалалық мәслихаттың депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және маслихат хатшысы депутаттық бірлестіктерге кіре алмайды.
      Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу маслихат сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.";
      8) 45-тармақтағы "1-3" сандары "бір, екі немесе үш" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      9) 50-тармақтың екінші абзацында "округтік" сөзінен кейін "және учаскелік" деген сөзбен толықтырылсын;
      10) келесі мазмұндағы 8 тараумен толықтырылсын:
      "8. Депутаттардың өзара қатынастары және депутаттық әдеп Қағидалары

      51. Қалалық мәслихаттың депутаттарының тәртібінің моральдық критерийі болып жоғарғы адамгершілік принциптерінің, жақсылық идеалдарының, парасаттылық, әділдіктің және заңдылықтың жолын ұстаушылық болып есептеледі.
      52. Депутатқа өзінің қадыр-қасиетін сақтау және басқа депутаттардың қадыр-қасиетін, сондай-ақ депутаттық міндеттерін орындауына қатысты азаматтардың және лауазымды адамдардың қадыр-қасиеттерін құрметтеу керек. Құрамына өзі сайланған, қалалық мәслихатты, оның өзінің беделін түсіретін шағымдардан, іс-қыймылдан және қылықтан тартыну керек.
      53. Қалалық мәслихаттың депутаты бұқаралық ақпарат құралдарымен және лауазымды адамдармен, мемлекеттік органдармен өзара қатынастарда өзінің депутаттық статусын өзінің мақсатында пайдаланбауы тиіс.
      Ол сессияның, тұрақты комиссиялардың мәжілістерінің қалыпты жұмысына, сөйлеушілердің сөзін бөлуге, зәбірлеуге және қорқытуға құқықты емес.
      Депутат сессияларда және тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде сөз сөйлегенде, бұқаралық ақпарат құралдарында, пресс-конференцияларда, митингілерде мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың қызметіне түсінік бергенде шүбасыз, тексерілген фактілерді ғана пайдалануы керек.
      Егер депутат көпшілік алдында сөз сөйлегенде шүбасыз емес немесе тексерілмеген фактілерді қасақана немесе абайсызда пайдаланса, депутат өзінің дөрекілігін мойындап мүддесіне және абройына нұқсан келтірген, депутаттардан, органдардан, адамдардан көпшілік алдында кешірім сұрауы керек.
      54. Депутатық әдепті сақтау және қалалық мәслихаттың депутаттарының өзара қатынастары туралы сұрақтарды қарау бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясымен жүзеге асырылады.
      Егер де депутат депутаттық әдепті бұзатын әрекет және сөз сөйлесе, онда оған депутаттық мін тағу қолданылады.
      55. Қалалық мәслихаттың сессиясына қатыспаған немесе сессия өткізіліп жатқан мезгілде сессия төрағасының рұқсатынсыз шығып кеткен депутат жоғарыда көрсетілген тұрақты комиссияға қатыспаудың немесе шығып кетудің себептері туралы түсініктеме береді."
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                       А. Омарова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы           Л. Коробейникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады