Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлемақылар ставкасы туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық Мәслихатының X сессиясының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 147 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 22 желтоқсанда N 1663 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы N 138 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 N 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" N 209 Кодексінің 477 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" N 162 Заңының 28 бабына (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 мамырдағы N 381 ; 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 151 заңдарына сәйкес енгізілген өзгертулермен) сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін қоса тіркелген төлемақылар ставкасы бекітілсін.
      2. Облыстық Мәслихаттың III сессиясының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 35 "Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлемақылар ставкасы туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын. (2004 жылғы 21 қаңтардағы тіркелген N 1379)
      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) жүктелсін.

Сессия төрағасы
 
Облыстық Мәслихат хатшысы
 

      

  Облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 147 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақылар
СТАВКАСЫ

      --------------------------------------------------------------
      N | Жеке және заңды тұлғалардың | Өлшем |Төлемақының
      р/с| жергілікті жерде ерекше | бірлігі |айлық есеп
       | қорғалатын табиғи аймақты | |көрсеткіш-
       | пайдалану түрлері | |тері
      ---|-----------------------------------|---------|-----------
      1. |5 тармақта көрсетілген тұлғалардан |адам-күн | 0,1
       |басқаларға ғылыми мақсатта (ғылыми | |
       |зерттеу жүргізу) | |
      2. |Мәдени-ағарту және оқыту мақсатында| |
       |5 тармақта көрсетілгендерден бөлек | |
       |1) өлі табиғат өсімдік және |адам-күн | 0,1
       |жануарларды, тарихи-мәдени | |
       |мұраларды көрсету; | |
       |2) оқу экскурсияларын және |адам-күн | 0,1
       |сабақтарын, оқушылар мен | |
       |студенттердің өндірістік | |
       |практикаларын өткізу; | |
       |3) ғылыми кадрларды әзірлеу, |адам-күн | 0,1
       |қорықтық іс, қоршаған ортаны қорғау| |
       |және табиғатты тиімді пайдалану | |
       |төңірегіндегі мамандардың | |
       |біліктілігін арттыру; | |
      3. |Туристік және рекреациялық |адам-күн | 0,2
       |мақсатта, 5 тармақта көрсетілген | |
       |тұлғалардан бөлек. | |
      4. |Шектеулі шаруашылық мақсатында, |адам-күн | 0,1
       |5 тармақта көрсетілген тұлғалардан | |
       |бөлек. | |
      5. |Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды|адам-күн | 0,0
       |мемлекеттік мекемелердегі заңды | |
       |тұлғалардың Қазақстан Республикасы | |
       |"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | |
       |туралы" Заңының 19 бабында | |
       |анықталған, нағыз төлемақы құнының | |
       |1, 2, 3, 4 тармақтарында | |
       |көрсетілген мақсаттарда пайдалану. | |
      --------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады