Орманды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының X сессиясының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 22 желтоқсанда N 1664 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы N 138 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 12.12.2016 N 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" N 209 Кодексінің 473 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Орман Кодексінің 14 бабының 3 тармағына және 88 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. Бекітілсін:
      1) Қосымша ағаш ресурстарын дайындау үшін төлемақы ставкасы (1-ші қосымша).
      2) Орманды жанама пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы (2-ші қосымша).
      3) Орманды жанама пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы (шипалы өсімдіктер дайындау және жинау) (3-ші қосымша).
      4) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың басқа түрлеріне ставкасы (4-ші қосымша).
      2. Облыстық Мәслихаттың III сессиясының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 34 "Орманды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы туралы" шешімінің күші жойылған деп танылсын. (2004 жылғы 21 қаңтардағы тіркелген N 1380)
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) жүктелсін.
      Сессия төрағасы
      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

  1-ші қосымша
облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қосымша ағаш ресурстарын дайындау үшін
ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАСЫ

      --------------------------------------------------------------
      N | Атауы | Өлшем | Төлем
      р.н| | бірлігі | ставкасы,
       | | | теңге
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      1 |Кәрзеңке талы | скл-кбм | 180
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      2 |Акация шыбығы | скл-кбм | 150
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      3 |Тоқыма тал | скл-кбм | 120
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      4 |Тал шілік | скл-кбм | 120
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      5 |Қарағай табаны | кг | 12
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      6 |Күту үшін кескен диаметрі 4-5 см. | дана | 15
       |қайың сыпырғыларын дайындау | |
      --------------------------------------------------------------

  2-ші қосымша
облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Орманды жанама пайдаланғаны үшін
ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАСЫ

      --------------------------------------------------------------
       Атауы | Өлшем | Төлем
       | бірлігі | ставкасы,
       | | теңге
      ---------------------------------------|---------|-----------
       1 | 2 | 3
      ---------------------------------------|---------|-----------
      1. Шабындықтар: | |
      ---------------------------------------|---------|-----------
       шөптің түсімі 2 ц/га дейін | га | 60
       шөптің түсімі 2 ц/га-ден 5 ц/га дейін| га | 80
      ---------------------------------------|---------|-----------
      2. Жайылымдар: | |
      ---------------------------------------|---------|-----------
       жақсы сападағы | га | 40
       орта сападағы | га | 25
       нашар сападағы | га | 15
      ---------------------------------------|---------|-----------
      3. Ара ұяларын орналастыру |ара ұясы | 100
      ---------------------------------------|---------|-----------
      4. Бау-бақшалық | га | 30
      ---------------------------------------|---------|-----------
      5. Бақшалық және басқа да ауыл | га | 40
      шаруашылығы дақылдарын өсіру | |
      ---------------------------------------|---------|-----------
      6. Саңырауқұлақтар жинау | кг | 30
      ---------------------------------------|---------|-----------
      7. Жидектер жинау | кг | 50
      ---------------------------------------|---------|-----------
       Ескерту:
      1. Шабындықтың өнімді пайдалану пунктіне дейін қашықтығына байланысты белгіленген ставкаларға келесі коэффициенттер қолданылады:
      10 км-ге дейін 1,5
      10 км-ден - 25 км-ге дейін 1,2
      25,1 км-ден 40 км-ге дейін 1,0
      40,1 км-ден 60 км-ге дейін 0,8
      60,1 км-ден 80 км-ге дейін 0,6
      80 км-ден жоғары 0,2
      2. Шабындықты қолшалғысымен және шабындықта 20% тал бұталары көп орындарды шөп шабу учаскелерін пайдалану төлемдері 20% төмендейді.
      3. Жеке тұлғалар рұқсат құжаттарынсыз мемлекеттік орман қоры аумағында демалу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық шараларға қатысу, өз қажеті үшін жабайы өсетін жемістерді, саңырауқұлақтарды, шипалы шикізатты және басқа да орман ресурстарын жинау мақсатында ақысыз бола алады (мемлекеттік орман қорының заңды тұлға статусы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының учаскелерінен басқа).
      Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өз қажеті үшін жабайы өсетін жемістерді, саңырауқұлақтарды шипалы шикізатты және басқа да орман ресурстарын жинау келесі белгіленген нормалар шегінде рұқсат етіледі:
      1. Жабайы өсетін жемістер және шипалы шикізаттар - 1 кг;
      2. Саңырауқұлақтар - күніне 5 кг;
      3. Жемістер - күніне 5 кг.

  3-ші қосымша
облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Орманды жанама пайдаланғаны үшін
ТӨЛЕМАҚЫ СТАВКАСЫ
(шипалы өсімдіктер дайындау және жинау)

      --------------------------------------------------------------
      N | Атауы | Өлшем | Төлем
      р.н| | Бірлігі | ставкасы,
       | | | теңге
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      1 |Мумие | Кг | 70
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      2 |Кіші маралытоты | Кг | 15
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      3 |Бұрыш самалдық (су бұрышы) | Кг | 20
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      4 |Құс самалдық (қызыл таспа) | Кг | 25
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      5 |Көкемарал | Кг | 30
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      6 |Жебір | Кг | 14
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      7 |Күреңот тар жапырақ | Кг | 8
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      8 |Қос үйлі қалақай | Кг | 8
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      9 |Дәріханалық бүршік гүл (тамыры) | Кг | 20
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      10 |Шегіршін жапырақты жұлдызгүл | Кг | 8
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      11 |Тұмар шөп (кәдімгі) | Кг | 8
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      12 |Yлкен бақажапырақ | Кг | 18
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      13 |Ащы жусан | Кг | 8
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      14 |Орман қарағайы (өркемі) | Кг | 24
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      15 |Мың жапырақ кәдімгі | Кг | 20
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      16 |Дала қырықбуыны | Кг | 30
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      17 |Yштармақ итошаған | Кг | 12
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      18 |Итмұрын жоғарывитаминді | Кг | 30
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      19 |Итмұрын төменвитаминді | Кг | 10
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      20 |Yлкен сүйелшөп | Кг | 15
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      21 |Кәдімгі құлмақ | Кг | 20
      ---|----------------------------------|---------|-------------
      Ескерту:
      Егін және шикізат құнарлылығы жөніндегі ставкаларды түзету келесі коэффициенттер бойынша 5 баллдық шкала бойынша жүргізіледі:
      1 балл - 0,6; 4 балл - 1,2;
      2 балл - 0,8; 5 балл - 1,4.
      3 балл - 1,0;
      2. Шикізаттың құнарлылығы (толықтығына) және жемісі жоқ өсімдіктердің болу үлесіне байланысты келесі төмендету коэффициенттері қолданылады:
      Жеміс беретін өсімдіктердің жалпы саннан проценттік қатынастағы мөлшері:
      0 - 19% - 0,4 60 - 79% - 0,9
      20 - 39% - 0,6 80 - 100% - 1,0
      40 - 59% - 0,8

  4-ші қосымша
облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың басқа түрлеріне төлемақы ставкасы

      --------------------------------------------------------------
       Атауы | өлшем | Төлем
       | бірлігі | ставкасы
       | | теңге
      ----------------------------------------|---------|-----------
      1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін | - | 00,00
      аңшылық шаруашылығы қажетіне пайдалану | |
      ----------------------------------------|---------|-----------
      2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін |адам-күн | 20
      ғылыми - зерттеу мақсатында пайдалану | |
      ----------------------------------------|---------|-----------
      3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін |адам-күн | 100
      мәдени - сауықтыру, рекреациялық, | |
      туристтік және спорттық мақсаттар | |
      үшін пайдалану | |
      --------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады