Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 160 "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 29 бабына және Қазақстан Республикасының Yкіметінің 2004 жылғы 31 тамызындағы N 917 "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Барлық меншік үлгісіндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың 2005 жылға арналған төлемақы ставкасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Н.Е. Усатов) және облыс әкімінің орынбасарына (Ж.С. Таласпеков) жүктелсін.
Сессия төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Облыстық Мәслихаттың
Х сессиясының
2004 жылғы 11 желтоқсандағы
N 145 шешіміне
Қосымша
Атмосфераға, су объектілеріне тасталған ластаушы заттар және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және қоршаған ортаға пайдаланғаны үшін келесі төлемақылар ставкалары 2005 ж. - 104,9 % инфляция коэффициентінің есебімен белгіленсін:
1. Станционарлық көздерден лимит шегінде атмосфераға нормативтік тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 115 теңге;
2. Станционарлық көздерден тасталған белгіленген лимиттен тыс шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 1150 теңге;
3. Атмосфералық ауаны жылжымалы техникалардың (автомашина, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар) зиянды тастамасымен ластағаны үшін - автомотор отынының жұмсалатын бір тоннасы үшін:
этил бензині үшін - 734 теңге;
этилді емес бензин үшін - 315 теңге;
дизельдік отын үшін - 262 теңге;
газ үшін - 190 теңге.
4. Су объектілеріне, су тоғандары-жинақтаушыларға, фильтрлеу өрісіне тасталған лимит шегінде шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 13113 теңге;
5. Су объектілеріне тасталған шартты бір тонна ластаушы заттар үшін - 131130 теңге;
6. Жер бетіне бір текше метр ағынды су тастағаны үшін:
Нормативті тазартылған ағынды су - 4,72 теңге;
Тазартылмаған және жартылай тазартылған ағынды су - 9,4 теңге;
7. Қоршаған ортаға өндіріс қалдықтарын орналастырғаны (сақтау, көму) және пайдаланғаны үшін:
улы емес қалдықтар (V класс) 1 тонна - 7,9 теңге;
байыту қалдықтары, кектер, металлургиялық қалдықтар, күл-қожы қалдықтары, (IV) 1 тонна - 15,7 теңге;
Улылық класына байланысты таблицаға сәйкес басқа да өнеркәсіп қалдықтары.
8. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары (тезек, құс көңі)
жабдықталмаған алаңдар мен үйінділер 1 тонна - 524,5 теңге;
жабдықталған алаңдарда 1 тонна - 104,9 теңге;
9. Тұрмыстық қатты қалдықтарды ТҚҚ полигондарында (үйінділерде), кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған арнайы белгіленген орындарда орналастырғаны үшін, 1 куб.м. - 79 теңге.
Атмосфераға (су объектілеріне) тасталған рұқсат берілмеген, апаттық қалдықтар (тастандылар) келтірілген тоннасы үшін, осы мақсатқа арналмаған орындарда өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғаны, сақтағаны үшін төлемақы нормативінен он есе мөлшерінде алынады.
Ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастауға және өнеркәсіп қалдықтарын орналастыруға арналған рұқсат белгіленген тәртіп бойынша ресімделмей қоршаған орта ластанған жағдайда барлық тастанды заттар рұқсат етілмеген тастаулар және қалдықтарды орналастыру болып қарастырылады.
Қалдықтар атауы |
Өлшем
|
Нормативтік
|
Улы қалдықтар
|
тонна |
3360 |
II класты улы заттар - өте қауіпті |
тонна |
1680 |
III класты улы заттар - орташа қауіпті |
тонна |
420 |
IV класты улы заттар - қауіптілігі шамалы |
тонна |
210 |