Қалалық Мәслихаттың 2001 жылғы 25 қыркүйектегi 14 сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының Регламентiн бекiту туралы" N 14/148 шешiмiне, нормативтiк-құқықтық актiлер реестрiндегi тiркелу нөмiрi - 470, толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2004 жылғы 26 мамырдағы N 8/64 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 31 мамырда N 1539 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi N 545 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 8-бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қалалық Мәслихаттың 2001 жылғы 25 қыркүйектегi 14 сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының Регламентiн бекiту туралы" N 14/148 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: рим сандарымен белгiленген тараулардың, тармақтар мен тармақшалардың нөмiрлерi араб сандарымен ауыстырылсын.
      Ескерту. Қаражал қалалық мәслихатының 2001.09.25 14 сессиясының N 14/148 шешімі РҚАО-на түспеген.
      2. Қалалық Мәслихаттың регламентiне 6, 7 тарауларымен мынадай мазмұндағы толықтырулар енгiзiлсiн:

"6. Сайлау комиссияларын құру тәртiбi

      59. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерiстер енгiзу қалалық мәслихаттың шешiмiн қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстары негiзiнде жүргiзiледi.
      Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      60. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкiлi жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттiң 61, 62, 63 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      61. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнiндегi уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрi уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемi үш күн бұрын мерзiмде қалалық Мәслихат хатшысының өкiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық Мәслихаттың аппараты қызметкерлерiнен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тiзбесi, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшiн ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзiмi мен тәртiбi, осы ұсыныстар берiлетiн мекен-жай көрсетiледi.
      Сайлау органдарының тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннiң iшiнде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бiрлестiктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиiстi формаға сәйкес кандидаттар тiзiмiн жiбередi, оларға мыналарды қоса бередi:
      1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бiрлестiктiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң органы отырысының кандидатты тиiстi сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасының көшiрмесiн;
      2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бiрлестiктi, олардың құрылымдық бөлiмшелерiн әдiлет органдарында тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн;
      3) Кандидаттың тиiстi мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiмi туралы өтiнiшiн.

7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

      62. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бiрлестiктерден, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, қалалық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясының мүшелерiнiң санына тең (жетi) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгiзедi. Егер Мәслихат депутаттары нақты бiр кандидатураға қарсылығын бiлдiрсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бiрлестiктi танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсiмдi бiр реттен артық жүргiзбеу ұсынылады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясының мүшелерi санынан артық (жетiден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингiлiк дауыс берудi өткiзудi ұсынады. Уақытша комиссия әрбiр депутат үшiн осы кандидатураны қандай саяси партия енгiзгенiн көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кiретiн бюллетеньдi дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келiп түсу кезектiлiгiмен қосылады.
      Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерiнiң және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жетi квадратқа ғана белгi қояды. Алғашқы жетi орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкiлдерi сайланған болып саналады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясы мүшелерiнiң санынан кем (жетiден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетiспейтiн кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бiрлестiктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгiзедi.
      63. Рейтингiлiк дауыс бергеннен кейiн Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөнiндегi сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжiлiсiн жүргiзетiн сайлау комиссиясының мүшесiн атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Депутаттардың даусы бiрдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруiмен анықталады.
      Аймақтық, округтiк сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейiн кемiнде жетi күннiң iшiнде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
      Қалалық Мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерiстерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемi сол басылымның бiр нөмiрiнде оның қосымшасымен бiрге жарияланады".

      VШ сессияның төрағасы-
      Қалалық Мәслихаттың хатшысы                Н. Кәдірсізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады