Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 18 қазандағы 17 сессиясының N 17/152 шешімімен бекітілген аудандық мәслихаттың Регламентіне, нормативтік құқықтық актілер реестріндегі тіркеу нөмірі - 521, толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтоғай аудандық Мәслихатының 8 сессиясының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 8/78 шешімі. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2004 жылғы 2 маусымда N 1531 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 545 Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 18 қазандағы 17 сессиясының N 17/152 "Ақтоғай аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімімен бекітілген, нормативтік құқықтық актілер реестріндегі тіркеу нөмірі - 521, аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 51 нөміріне жарияланған аудандық мәслихаттың Регламентіне 6, 7 тарауларымен мынадай мазмұндағы толықтырулар енгізілсін:
      Ескерту. Ақтоғай аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2001.10.18 N 17/152 шешімі РҚАО-на түспеген.

"6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі

      51. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
      Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      52. Сайлау комиссиясы мүшелерінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттің 53, 54, 55 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      53. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрі уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылатындығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылатын кандидатуралар бойынша ұсыныстардың берілетін мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
      Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
      1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені;
      2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
      3) Кандидаттың аудандық мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

      54. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғарғы тұрған комиссиядан түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады.
      Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып табылады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
      55. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін айтады. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар дауысы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
      Аймақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады. Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады."

      Сессия төрағасы                            Қ. Әбілдин

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады