Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының VI сессиясының 2004 жылғы 21 мамырдағы N 6/53 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 маусымда N 1540 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы N 34/303 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2011.03.29 N 34/303 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуiрдегi N 545 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етті:
      1. Аудандық Мәслихаттың регламентi бекiтiлсiн. (N 1 қосымша қоса тiркелдi).

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      VI-сессиясының төрағасы                    Ш. Жұмашев

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Х. Омаров

2004 жылғы 21 мамырдағы
аудандық Мәслихаттың
кезектен тыс 6 сессиясының
"Аудандық Мәслихаттың
регламентiн бекiту туралы"
N 6/53 шешiмiмен бекiтiлген
N 1 қосымша

Аудандық Мәслихаттың регламентi

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес аудандық Мәслихат өз құзіретiне кiретiн жергiлiктi мәнi бар мәселелердi қарап, шешуге құқылы. Аудандық Мәслихат пен оның органдарының жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңдары және осы регламент арқылы анықталады.
      2. Сессия өткiзуге байланысты: Бiрiншi сессияның күн тәртiбi, жұмыс ретi мен басқа да мәселелердi алдын ала талқылау үшiн депутаттар өкiлдерiнен құрылған депутаттар жиналысы шақырылады.
      Жаңадан сайланған Мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы Мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, Мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмiнен кешiктiрмей, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. Сессияның күн тәртiбi мен жұмысы туралы ұсыныстар жиналысқа аудандық Мәслихат хатшысы арқылы енгiзiледi.
      3. Аудандық Мәслихат сессиясының өтетiн жерi мен уақыты, Мәслихат қарауына енгiзiлген мәселелер жөнiндегi мағлұматтар сессияға дейiн он күн қалғанда немесе бiр апта бұрын "Жаңаарқа" газетiнде жарияланып, хабарланады. Газет бетiнде сессияның өтетiнiн жариялау депутаттарға негiзгi жұмысынан босатуға негiз болып табылады.
      4. Аудандық Мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
      2) Мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi;
      3) Мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессиясының күн тәртiбiн қалыптастырады;
      4) Мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген Мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды;
      5) сессия барысында регламенттiң сақталуын қадағалайды, жарыссөзде сөйлеуге жазылғандар жөнiндегi мағлуматтарды хабарлайды, өтiнiштердiң түсу тәртiбi бойынша сөйлеушiлерге сөз бередi, сөз сөйлеушi регламент тәртiбiн бұзған жағдайда оған ескерту жасап, сөзiн бөлуге құқысы бар;
      6) шешiмнiң жобасын, қаралған мәселе бойынша депутаттардың ұсынысын дауысқа салуды ұйымдастырады және дауыс қорытындысын жариялайды;
      7) мәжiлiс төрағасына немесе сессия хатшылығына келiп түскен сұрақ, анықтама, өтiнiш және ұсыныстарды жариялайды;
      8) мәжiлiс залындағы тәртiптi қамтамасыз етедi;
      9) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңында және осы регламентте бекiтiлген басқа да құқықтарды пайдалана алады.
      5. Аудандық Мәслихаттың әрбiр сессиясын өткiзер кезеңде оның бiрiншi мәжiлiсiнде сессия хатшылығы құрылады.
      Хатшылық ашық дауыс арқылы, құрамында төрағасы мен мүшелерi бар депутаттар арасынан сайланады. Сессияның төрағасы алғашқы мәжiлiсте хатшылықтың жеке құрамы жөнiнде арнайы шешiмдi бекiтудi ұсынады.
      Хатшылық аудандық Мәслихат мәжiлiсiнде стенограмма жүргiзудi ұйымдастырады, немесе сессияның хаттамасын жүргiзiп отырады сөз сөйлеуге тiлек бiлдiрушiлердi жазып алады, депутаттардың тiлегi, талабы, анықтамасы, хабарламасы, өтiнiшi, ұсынысы және депутаттардан түскен басқа да материалдарды құжат ретiнде тiркеп, түсу ретiмен нөмiрлеп отырады.
      Хатшылык сессияда төрағалық етушiге жарыссөзге тiркелгендер және депутаттардың басқа да белсендiлiгi жөнiнде мәлiметтер берiп отырады.
      6. Аудандық Мәслихат сессиясының күн тәртiбi мен жұмыс кестесiн оның бiрiншi мәжiлiсiнде талқылап, ашық дауысқа салу арқылы жалпы депутаттар құрамының көпшiлiк дауысымен бекiтедi.
      Аудандық Мәслихат депутаттары сессияның қарауына сұрақтар қоюға, сессияның күн тәртiбi мен жұмыс кестесi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқылы.
      Сессияның күн тәртiбi мен жұмыс кестесiне ұсыныстар мен ескертулер хатшылыққа немесе сессия төрағасына жазбаша түрде берiледi немесе жарыссөзге шығып сөйлегенде айтылады. Жазбаша түрде келiп түскен ұсыныстарды сессияға төрағалық етушi жариялап отырады.
      Cессияның күн тәртiбiне келiп түскен ұсыныстарды енгiзу жөнiндегi мәселе әрбiр ұсыныс бойынша депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен ашық дауысқа салу арқылы шешiледi.
      7. Аудандық Мәслихаттың сессия мәжiлiсi ашық және жабық түрде жүргiзiледi.
      Аудандық Мәслихат сессиясына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, облыстық Мәслихаттың депутаттары қатыса алады және қаралатын мәселелерге қатысы бар мемлекеттiк органдар, мекеме, кәсiпорын, қоғамдық ұйымдар басшыларын, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiн тұрақты комиссиялар ұсынысы негiзiнде Мәслихат хатшысымен сессия төрағасы шақырады.
      Сессия төрағасы бiрiншi мәжiлiсiнде сессияға шақырылғандардың құрамы мен саны жөнiнде хабардар етедi. Шақырылғандарға мәжiлiс залынан арнайы орын берiледi.
      Сессияға шақырылғандар тәртiп сақтап, төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынады және тек депутаттардың рұқсат етуiмен ғана мәселенi талқылауға қатыса алады.
      Аудандық Мәслихат сессиясының мәжiлiсiн және онда қабылданған шешiмдер жөнiндегi ақпарат хабарлары 7-10 күннен кешiктiрiлмей аудандық "Жаңаарқа" газетiнде жарияланады.
      Аудандық Мәслихат шешiмi бойынша жекелеген мәселелер жөнiнде сессияның жабық мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
      8. Аудандық Мәслихат сессиясы мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Осыған байланысты қажет болған жағдайда орыс тiлiне синхрондық аударма қамтамасыз етiледi.
      9. Сессияда баяндама үшiн уақыт 25 минутке дейiн, баяндамаға қосымша және көрытынды сөзге 15 минутке дейiн уақыт белгiленедi.
      Жарыссөзде сөйлеушiлерге 5-7 мин., жарыссөзге қайталап сөйлеушiлерге, сондай-ақ сессияның қаулысын талқылауға 3 минут, кандидатура ұсыну, мәжiлiсте жүргiзу тәртiбi, дауыс беру жөнiнде, өтiнiш, талап, тiлек, ұсыныс, хабарлама, анықтама және басқа да мәселелер жөнiнде сөйлеуге 3 минут уақыт белгiленедi.
      Қажеттi жағдайларда төрағалық етушi депутаттардың көпшiлiгiнiң келiсiмiмен сөз беру уақытын ұзарта алады. Сөз трибунадан сөйленедi, сондай-ақ төрағаның келiсiмiмен залдағы микрофон алдында да сөйлеуге болады.
      Сөз сұрау жөнiндегi өтiнiш, ереже бойынша төрағалық етушiге сессия хатшылығы арқылы жазбаша түрде берiледi. Сессия төрағасы депутаттың ауызша өтiнiшi арқылы да сөз бере алады.
      Аудандық Мәслихат сессиясы жұмысындағы үзiлiс әрбiр 2 сағат 20 минуттан кейiн берiледi. Мәжiлiс соңында уақытты 30 минутқа дейiн ұзартуға болады. Депутаттардың қысқаша өтiнiш, хабарламаларын тыңдауға 2 минут уақыт берiледi. Бұл өтiнiштер мен хабарламалар бойынша жарыссөз болмайды.
      10. Аудандық Мәслихат депутаты бiр мәселе жөнiнде екi рет қана сөз ала алады.
      Сессияда сөйлеушi өз сөзiнде дөрекi сөйлеп, заңсыз және күштеу әрекеттерiне жол бермеуге тиiс. Сессия төрағасы бұл жағдайда мұндай сөздер мен үндеулердi жiбермеу жөнiнде ескерту жасауға құқылы.
      Қайталап ескертуден кейiн сөз сөйлеушi сөйлеу құқынан айырылады. Аталған адамға талқыланған мәселе бойынша екiншi мәрте сөз берiлмейдi.
      Егер сөз сөйлеушi өзiне белгiленген уақыттан асып кетсе немесе талқыланып отырған мәселе тақырыбынан, шығып кетсе онда сессия төрағасы оны тоқтатуға мiндеттi. Ал ерекше жағдайда депутаттардың келiсiмiмен оған қосымша 2-3 минут уақыт беруге құқысы бар.
      11. Жарыссөз барысында сессия төрағасы талқыланған мәселе бойынша әр түрлi пiкiрлердiң қамтылуын қамтамасыз етедi.
      Жарыссөз сессияға қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгiнiң ашық дауысқа салу арқылы қабылданған шешiмiмен тоқтатылады. Жарыссөздi тоқтату жөнiндегi мәселенi қабылдау кезiнде төрағалық етушi депутаттарды сөз сөйлеуге жазылған және сөйлеген депутаттар жөнiнде хабардар етiп, ешкiмнiң сөз берудi талап етпейтiндiгiн анықтайды да сонан соң барып дауысқа қояды.
      Жарыссөзден соң баяндамашы мен қосымша баяндама жасаған адам қорытынды сөз сөйлеуге де құқылы. Егер депутаттар жарыссөздiң тоқтатылуына байланысты сөз сөйлеу мүмкiндiгiне ие бола алмаса, олардың өтiнiштерi бойынша сөздерi сессия хаттамасына тiркелуi тиiс.
      12. Аудандық Мәслихат әрбiр сессиясының жұмысы кезiнде сессия төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауысқа салу арқылы депутаттар құрамынан редакциялық комиссия құрады. Редакциялық комиссия құру жөнiнде аудандық Мәслихат шешiм қабылдайды.
      13. Сессияда ашық дауысқа салу кезiнде аудандық Мәслихат арқылы құрамы бекiтiлген депутаттар тобына дауыс санау жұмысы тапсырылады. Ашық дауысқа салу алдында төрағалық етушi дауысқа түсетiн ұсыныстардың санын анықтап, қандай басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатының нақтылайды. Дауысқа салу ұсыныстардың түсу ретiмен жүргiзiледi. Бiр мәселе жөнiнде қайталап дауыс беруге болмайды. Депутаттардың қарама-қайшы пiкiрi болмаған жағдайда дауысқа санақ жүргiзiлмейдi.
      Бiр мәселе жөнiнде дауыс берген кезде әрбiр депутат бiр дауысқа ие және оны ұсынысқа қосылуға немесе қарсы болуға бере алады.
      Дауыс санағы аяқталған соң мәжiлiсте сессия төрағасы дауыс нәтижесiне байланысты ұсыныс қабылданғанын немесе қабылданбағанын хабарлайды.
      Аудандық Мәслихаттың негiзгi мәселе жөнiндегi шешiмi сессияға қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгiнiң ашық дауыс беруi арқылы қабылданады, егер бұл мәселелер шешiмiн тапса хаттама жазылып, мәжiлiс стенограммасына түсiрiледi.
      14. Аудандық Мәслихат хатшысын сайлау "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 19 бабына сәйкес Мәслихаттың регламентiмен айқындалып, депутаттардың ұсынысы бойынша дауысқа салынып ашық-та жабық-та өткiзуге болады.
      Аудандық Мәслихаттың хатшысын депутаттар шешiмiмен ашық сайлауға келiскен жағдайда депутаттар арасынан есеп-санақ тобы құрылып, Мәслихат хатшысын сайлауға "жақтап", немесе "қарсы" берiлген дауыстарды санап, хаттамаға енгiзiп, қорытындысын сессия төрағасына жеткiзедi.
      Төраға осы негiзде хатшының сайланғаны немесе сайланбағаны туралы хабарлайды.
      Егерде кандидатураны жақтап сессияға қатынасып отырған депутаттардың жартысынан көбi жақтап, дауыс берсе, онда сол кандидатура хатшы болып сайланады.
      Мәслихат хатшысының кандидатурасын сессияның алдында өткен депутаттар өкiлдерiнiң жиналысында депутаттардың кем дегенде 1/3 бөлiгi талқылап, солардың атынан 1 депутат сессияға ұсынады. Сессия барысында қосымша кандидатура ұсынуға да болады.
      15. Жасырын дауыс өткiзу және оның қорытындысын анықтау үшiн аудандық Мәслихат депутаттар құрамынан есеп-санақ комиссиясы сайланады. Есептеу комиссиясына кандидатураларын сайлау органдары мен жауапты қызметке ұсынылған депутаттар енгiзiлмейдi. Есептеу комиссиясын құру жөнiнде арнайы шешiм қабылданады.
      Есептеу комиссиясы өз құрамынан комиссия төрағасы мен хатшысын сайлайды.
      Бюллетеньде шешiм жобасы бойынша дауыс беру үшiн "Жақтау үшiн" және "қарсы" деген сөздер жазылады. Дауыс беру уақыты мен орнын, оны өткiзу тәртiбi регламент негiзiнде есептеу комиссиясы арқылы белгiленедi және оны есептеу комиссиясының төрағасы хабарлайды.
      16. Аудандық Мәслихаттың әрбiр депутатына қаралатын мәселенiң шешiмi бойынша бiр-бiр бюллетеннен берiледi.
      Жасырын дауыс беру үшiн бюллетендер депутаттарға есептеу комиссиясының мүшелерi арқылы аудандық Мәслихат депутатының куәлiгiн көрсеткеннен кейiн депутаттар тiзiмiне сәйкес берiледi.
      Депутаттардың бюллетеньдi толтыруы жабық дауыс беретiн бөлмеде бюллетеньдегi өзiнiң қолдайтын кандидатының аты-жөнiнiң тұсына белгi соғу арқылы немесе қарсы дауыс беретiн кандидатының аты-жөнiн сызу жолымен анықталады.
      Бюллетеньге кейiн жазылған кандидаттардың аты-жөнi санақ кезiнде есепке алынбайды.
      17. Жасырын дауыс берудiң қорытындысы жөнiнде есептеу комиссиясы хаттама жасап, оған есептеу комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды. Есептеу комиссиясының мәлiмдемесi бойынша аудандық Мәслихат жасырын дауыс беру қорытындысын бекiту жөнiнде қаулы қабылдайды.
      18. Аудандық Мәслихат депутаты дауыс беру құқығын жүзеге асыруға мiндеттi.
      Дауыс беру кезiнде қалыс қалған депутат, кейiннен дауыс беру құқына ие бола алмайды.
      19. Аудандық Мәслихат өз жұмысындағы кез келген мәселе бойынша уақытша комиссия құра алады. Уақытша комиссия депутаттардан құрамында төраға мен комиссия мүшелерi болып ашық дауыспен сайланады. Комиссия өзiнiң жұмысына аудандық Мәслихат депутаты болып табылмайтын, мамандар мен қызметкерлердi тарта алады.
      Уақытша комиссияның мiндеттерi мен жұмыс тәртiбi аудандық Мәслихат арқылы анықталады. Уақытша комиссия өз жұмысын өзiне жүктелген тапсырманы орындаған соң тоқтатады немесе аудандық Мәслихат шешiмiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      20. Аудандық Мәслихат қарауына жататын баяндама, қаулы жобалары, басқа да мәселелер бойынша материалдар аудандық Мәслихат аппаратына кезектi сессияға дейiн 14 күн бұрын, ал негiзгi мәселе бойынша материалдарды 21 күн бұрын әкелу қажет.
      Алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшiн баяндама мен қаулы жобалары тиiстi тұрақты комиссияға жөнелтiледi. Бұл орайда қорытынды дайындау үшiн арнайы комиссия анықталады.
      21. Депутаттың сұранысына жауап үшiн 5-7 минут, сұрағына - 3 минут уақыт берiледi.
      Сұраныс тыңдалған соң оның жауабы талқылауға ұсынылуы мүмкiн. Сұранысқа жауап бойынша аудандық Мәслихат қаулы қабылдайды.
      Депутаттың аудандық сот төрағасына, аудан прокурорына, тексеру органдарына бағышталған сұранысы олардың нақтылы iсiне қатысты болмауы тиiс.
      22. Аудандық Мәслихат сессиясында айтылған немесе ашық мәжiлiс барысында сессия төрағасына жазбаша түрде берiлген ұсыныстар мен ескертулер аудандық Мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлiмiнде толықтырып, өңделiп, тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық органдар мен жауапты адамдардың қарауына жiберiледi. Сессияда айтылған депутаттардың ұсыныстары мен ескертулерiн жүзеге асыруға бақылау жасау ұйымдастыру бөлiмi мен тиiстi тұрақты комиссияға жүктеледi.
      23. Аудандық Мәслихат аппараты сессия аяқталған соң бiр аптадан кешiктiрмей мәселеге қатысы бар кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарға, қажет болған жағдайда депутаттарға қабылданған шешiмдi жiбередi.
      24. Сайлау комиссияларын құру тәртiбi.
      Сайлау комиссияларының құрамына өзгерiстер енгiзу аудандық мәслихаттың шешiмiн қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстары негiзiнде жүргiзiледi.
      Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      25. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкiлi жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттiң 26, 27, 28 баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      26. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөнiндегi уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрi уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемi үш күн бұрын мерзiмде аудандық Мәслихат хатшысының өкiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық Мәслихаттың аппараты қызметкерлерiнен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тiзбесi, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшiн ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзiмi мен тәртiбi, осы ұсыныстар берiлетiн мекен-жайы көрсетiледi.
      Сайлау органдарының тiзбесi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннiң iшiнде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бiрлестiктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиiстi формаға сәйкес кандидаттар тiзiмiн жiбередi, оларға мыналарды қоса бередi:
      1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бiрлестiктiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң органы отырысының кандидаты тиiстi сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшiрменi;
      2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бiрлестiктi, олардың құрылымдық бөлiмшелерiн әдiлет органдарында тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн;
      3) кандидаттың тиiстi мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келiсiмi туралы өтiнiшi.
      27. Сайлау комиссияларын құру және сайлау.
      Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бiрлестiктерден, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясының мүшелерiнiң санына тең (жетi) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру туралы ұсыныс енгiзедi. Егер мәслихат депутаттары нақты бiр кандидатураға қарсылығын бiлдiрсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бiрлестiктi танытатын кандидатураға ауыстырылады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясының мүшелерi санынан артық (жетiден артық) ұсыныс болғанда, комиссия мәслихаттың отырысында рейтингiлiк дауыс берудi өткiзудi ұсынады. Уақытша комиссия әрбiр депутат үшiн осы кандидатураны қандай саяси партия енгiзгенiн көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кiретiн бюллетеньдi дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келiп түсу кезектiлiгiмен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерiнiң және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жетi квадратқа ғана белгi қояды. Алғашқы жетi орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкiлдерi сайланған болып саналады.
      Саяси партиялардан тиiстi сайлау комиссиясы мүшелерiнiң санынан кем (жетiден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетiспейтiн кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бiрлестiктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгiзедi.
      28. Рейтингiлiк дауыс бергеннен кейiн Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөнiндегi сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжiлiсiн жүргiзетiн сайлау комиссиясының мүшесiн атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар дауысы бiрдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруiмен анықталады.
      Аймақтық, округтiк сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейiн кемiнде жетi күннiң iшiнде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
      Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерiстерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемi сол басылымның бiр нөмiрiнде оның қосымшасымен бiрге жарияланады.
      29. Аудандық Мәслихаттың құзырына ауданның жоспарларын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының, олардың орындалысы туралы есептер, аудандық бюджетті, ауданды басқару схемасы, аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту жатады.
      30. Аудандық Мәслихат ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламалардың және аудандық бюджеттің орындалу барысын бақылайды.
      31. Аудандық Мәслихат депутаттары алдында аудан әкімі жылына екі рет ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы есебі тыңдалсын.
      32. Аудан әкімінің аудандық Мәслихатқа есеп беретін кестелері бекітілсін. Ол аудандық "Жаңаарқа" газеті бетінде жариялансын.
      Есеп беру кездесулері басталуынан 10 күн бұрын және есеп беру уақыты аудандық газет беттеріне жариялансын.
      Аудан әкімінің есеп беру кездесулеріне дайындық және өту барысында аудандық Мәслихаттың депутаттарынан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар соңғы есеп беру кездесуі өткізілген күннен 5 күннен кеш уақыт ішінде бекітілсін және бұқаралық ақпарат көздерінде жариялансын.
      Ескерту. 29-32 тармақтармен толықтырылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2006.03.17 N 25/213 шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады