"Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы" аудандық Мәслихаттың кезектен тыс VI сессиясының 2004 жылғы 21 мамырдағы N 6/53 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 25/213 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2006 жылғы 14 сәуірде N 8-12-15 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 01-18/39 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының 2011.04.06 N 01-18/39 хатымен.

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 40 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасының Президентінің "Әкімдердің Мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етті:
      1. "Аудандық Мәслихаттың регламентін бекіту туралы" аудандық Мәслихаттың кезектен тыс VI - сессиясының 2004 жылғы 21 мамырдағы N 6/53 шешіміне (әділет департаментіне 2004 жылғы 3 маусымында N 1540 болып тіркелген, 2004 жылғы 5 маусымдағы N 23 (9046) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 29-32 тармақтары келесі мазмұнмен толықтырылсын:
      29. Аудандық Мәслихаттың құзырына ауданның жоспарларын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының, олардың орындалысы туралы есептер, аудандық бюджетті, ауданды басқару схемасы, аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту жатады.
      30. Аудандық Мәслихат ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламалардың және аудандық бюджеттің орындалу барысын бақылайды.
      31. Аудандық Мәслихат депутаттары алдында аудан әкімі жылына екі рет ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы есебі тыңдалсын.
      32. Аудан әкімінің аудандық Мәслихатқа есеп беретін кестелері бекітілсін. Ол аудандық "Жаңаарқа" газеті бетінде жариялансын.
      Есеп беру кездесулері басталуынан 10 күн бұрын және есеп беру уақыты аудандық газет беттеріне жариялансын.
      Аудан әкімінің есеп беру кездесулеріне дайындық және өту барысында аудандық Мәслихаттың депутаттарынан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар соңғы есеп беру кездесуі өткізілген күннен 5 күннен кеш уақыт ішінде бекітілсін және бұқаралық ақпарат көздерінде жариялансын."
      З. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық Мәслихаттың
      XXV-сессиясының төрағасы                   Ж. Сәдуақасов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Х. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады