Маңғыстау облысында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 3/39 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 13 ақпанда N 1614 тіркелді

      " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы  Тіл  туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына және "Тілдерді қолданумен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің  Жарлығына  сәйкес және "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын" жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат  шешім етті:

      1. Маңғыстау облысының мемлекеттік органдар мен ұйымдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2004 жылдың 1 ақпанынан бастап іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілсін.

      2. Мемлекеттік емес мекемелерге іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру ұсынылсын.

      3. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.  

      Сессия төрағасы                        Облыстық 
                                             мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады