Облыс мекемелерінде, ұйымдарында, кәсіпорындарында ведомстволық, жеке архивтер құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 74 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 19 сәуірде N 1667 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді, кіріспесіндегі және бүкіл мәтін бойынша "мұрағат", "мұрағаттар", "мұрағатқа", және "мұрағаттарға" деген сөздер тиісінше "архив", "архивтер", "архивке", және "архивтерге" деген сөздермен ауыстырылды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.04.2017 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", " Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Заңдарына сәйкес, облыс мекемелерiнде, ұйымдарында, кәсiпорындарында негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру кезiнде құжаттау мен құжаттаманы басқару процестерiн одан әрi жетiлдiру, сондай-ақ ұлттық архив қоры құжаттарының ведомстволық, жеке сақтау сатысында сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ведомстволық архивтер құру, оларды тиiсiнше орын-жайлармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жауапты адамдар тағайындау, құжаттардың сақталуын, жоғалуын, құрып кетуiн және заңсыз жойылуын болдырмаудың шараларын алу қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық департаменттердiң, басқармалардың басшыларына тапсырылсын және өзге де мемлекеттiк органдардың басшыларына ұсынылсын.
      2. Меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларына ұлттық архив қоры құжаттарының, сондай-ақ оның құрамына кiрмейтiн құжаттарды жинауды, уақытша сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын ведомстволық не болмаса жеке архив құру және жауапты адамдарын белгiлеу ұсынылсын.
      3. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттiк органдар мен басқа да заңды тұлғаларға мыналар ұсынылсын:
      1) құжаттармен iс жүргiзу және ведомстволық сақтау мәселелерi бойынша қолданыстағы стандарттар мен негiзгi ережелер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
      2) архив құжаттарын ретке келтiру, Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құрамына жататын құжаттарды мемлекеттiк архивтерге сақтауға тапсыру.
      4. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi меншiктiң барлық түрiндегi мекемелерде, ұйымдарда, кәсiпорындарда iс жүргiзу мен құжаттардың ведомстволық сақталуының жай-күйiн әкiмият мәжiлiстерiнде мезгiл-мезгiл қарасын.
      5. Маңғыстау облыстық архивтер мен құжаттама бөлiмi (М.М.Өтебаева) мекемелерге, ұйымдарға, кәсiпорындарға құжаттау және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, iс жүргiзушi және архивке жауапты қызметкерлерiн оқыту мәселелерi бойынша қажеттi әдiстемелiк және кеңестiк көмектер көрсететiн болсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң аппарат басшысы Р.Т.Мұстапаевқа жүктелсiн.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады