Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының есепті тіркелуі туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 82 қаулысы. Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 6 мамырда N 1686 тіркелді. Күші жойылды - Манғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 144 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 28 қаңтардағы N 136  қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 17 шілдедегі N 702  қаулысына сәйкес және миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің төрағасы Ішкі саясат департаментімен (А.К. Рзаханов) бірлесе отырып облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының тіркелуін қамтамасыз етсін.

      2. Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарын есепті тіркеу жөніндегі куәлік қағазы бекітілсін (Қосымша).

      3. Маңғыстау облысы әкімиятының Миссионерлік қызметпен айналысатын шетел азаматтарының есепті тіркелуі туралы 2003 жылғы 30 қазандағы N 243 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Макежановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

Маңғыстау облысы әкімиятының
2004 жылғы 26 наурыздағы   
N 82 қаулысына қосымша   

Маңғыстау облысы әкімі жанындағы
діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі Кеңесі

Маңғыстау облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есепке алуды тіркеу туралы Куәлік N _______

____________________________________________________________________
                (миссионердің тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________________________________________
             (діни сенімі, қай діни бірлестікке жатады)

____________________________________________________________________
                    (рұқсаттың күші жүретін аумақ)

  Осы рұқсаттың____________________________дейін күші бар
                  (күші жүретін мерзім)

      Ескерту: Осы рұқсаттың күші жүретін мерзімі аяқталысымен миссионер оның мерзімін заң арқылы белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда ол заң арқылы белгіленген тәртіп бойынша облыс аумағынан шығарылып жіберіледі.

  Облыс әкімінің орынбасары,
Діни бірлестіктермен байланыстар
жөніндегі Кеңес төрағасы              ______________________________
                                                   Т.А.Ә.

                                    «"______"»______________200___ж.
                                            (берілген уақыты)

_________қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады