"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
1. Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
"Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006
жылдарға арналған "Мәдени мұра"
Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың
Аймақтық бағдарламасы туралы" облыстық
мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы
N 6/79 шешімімен бекітілді
Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың
Аймақтық бағдарламасы
Мазмұны
1. Өлкедегі мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйіне талдау
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
3.1. Өлкедегі ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археологиялық және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту
3.2. Өлкенің мәдени мұрасын зерделеудің тұтастай жүйесін құру
3.3. Өлкедегі ұлттық және ғылыми ой-саланың, мәдениет пен әдебиет басылымдарын әзірлеу
4. Қажетті ресурстар және қаржыландырудың негізгі көздері
5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
6. Бағдарламаны іске асырудың шаралар жоспары
Атауы : Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Аймақтық бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз: Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 171 "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысының 3-тармағы
Негізгі әзірлеуші: Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы
Мақсаты: Рухани саланы дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету
Міндеттері:
Бағдарламаның міндеттері:
өлкенің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;
өлкедегі мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру;
елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған өлкенің аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы - музыканттарының фоножазбаларын қалпына келтіру мен қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіру;
Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық мұрағат қорының сапалық құрамын толықтыру және жақсарту, гуманитарлық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін облыстағы мұрағат мекемелерінің дерек көздер базасын кеңейту
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері:
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қаржыландырудың жалпы көлемі - 279,5 млн.теңге, оның ішінде: 2004 жылы - 3,0 млн.теңге, 2005 жылы - 101,5 млн. теңге, 2006 жылға - 175,0 млн.теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың көлемі 2005-2006 жылдары тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады
Күтілетін нәтижелері:
Өлкедегі тарих пен мәдениеттің 200-ден астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылатын болады;
өлкедегі ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады;
мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі жұмыс жанданатын болады;
мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін құру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады;
облыста "Мәдени мұра" орталығы құрылатын болады;
"Қырымның қырық батыры" дастаны Мұрын жырау вариантымен жарыққа шығатын болады;
"Таспен жазылған тарих", "Маңғыстаудың суға қатысты жәдігерлері", "Маңғыстау шежіресі" сияқты кітаптар жарыққа шығатын болады;
деректер базасы жасалып, тарихи-мәдени ескерткіштерінің туралы аңыз-әңгімелер жинақталып, олар жүйеге келтіріліп, "Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің дестесі" кітабы шығарылатын болады;
аса құнды, өте сирек кездесетін ерекше үлгідегі қолданбалы өнер жәдігерлерінің көшірмелері жасақталатын болады;
қазақтың асыл мұрасының бірі - киіз үй мұражайы ашылатын болады;
республика мен ТМД көлеміндегі өлкенің тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы басылымдарды іздестіріп, жинақтау және қорға алу бағытында экспедициялар ұйымдастырылады;
аймақтың бұрынғы аса көрнекті ғұлама ғалымдарының, ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ тарихи және мәдени құндылығы бар мұрағат құжаттарын (көшірмелерді) іздеу және иелікке алу үшін алыс және таяу шетел мұрағаттарына экспедициялар ұйымдастырылады;
еліміздің мұрағаттарында, қорлары мен қоймаларында сақталған өлкенің көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттарының фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманға аудиотаспаларға көшірілетін болады;
"Маңғыстау әндері", "Маңғыстау күйлері" антологиялары жарыққа шығарылатын болады.
Іске асыру мерзімі: 2004-2006 жылдар.
Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 171 "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
1. Өлкенің мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Өлкенің мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің ескерткіштерін ашумен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттер мен қорғандарды тұмшалау мен қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандырумен сипатталады.
Облыста қазіргі уақытта тарихи, археология, сәулет және мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 7 мыңнан астам және 59 көпшілік кітапхана, 5 мұражай, 1 тарихи-мәдени қорық, 1 облыстық мұрағат бар.
Өлкедегі мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді.
Өлкенің ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында Маңғыстау ауданының Бозашы түбегіндегі Көкімбет төбелі тамы, Үстірттің батыс шыңдарының жиегіндегі "Қос мола" күмбез тамы, "Масат Ата", "Сисем Ата" қорымдары, Түпқараған ауданындағы "Шақпақ Ата" мешіті, Түбежік, Меретсай, Дікілтас секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбанизация, индустриялану және технократизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.
Революцияға дейінгі және одақ кезеңіндегі Қазақстан аумағын басқарудың ерекшелігіне байланысты тарихи құжаттардың басым көпшілігі шекаралас мемлекеттер мұрағаттарында қалған. Қазақстан мұрағаттарының өзінде Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихы жөнінде дереккөздік базасы жеткіліксіз, онда ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтар тарихындағы көптеген маңызды оқиғалары жеткілікті қамтылмаған. Облыстың мұрағаттық мекемелерінде ХІХ ғасыр құжаттарының аз ғана бөліктері сақталып қалған. ІХ-Х ғасырдың тарихи құжаттарында көрсетілгендей, Маңғышлақ жартыаралы ежелгі жер бола тұра, ХVІІІ ғасырда Маңғыстау екі құрлық арасын байланыстыратын қақпа ретінде танылды. Көрсетілген кезеңнің және одан кейінгі жылдардың құжаттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Астрахань, Тбилиси, Ашхабад қалаларының бірқатар Мемлекеттік мұрағаттарында және алыс шетел мұрағаттарында, атап айтқанда Чехияда, Польшада, Иранда қалған. Маңғыстау тарихы жөніндегі құжаттарды іздеу және иелікке алу Маңғыстау облысы бойынша ұлттық мұрағат қорларының сапалық құрамын толықтырып, біршама жақсартады.
Өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтандақтарды жабу мақсатында мемлекеттік тілде тарихи көркем, ғылыми толық басылымдар шығарудың мәселелері өзекті болып отыр.
Республиканың мұрағаттары мен қорларында сақталған өлкенің аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы - музыканттарының фоножазбаларын заманға лайықты қайта басып шығару қажет.
Осы Бағдарламаның аясында назарға берілген мәселелерді кешенді түрде шешу өлкенің мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өлкенің рухани саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынандай міндеттерді шешу қажет:
өлкенің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;
өлкедегі мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасау;
өлке үшін тарихи және мәдени құнға ие мұрағаттық құжаттарды (көшірмелерін) табу және сатып алу.
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңде іске асырылады және өлкедегі мәдени мұраны сақтау мен өркендетудің негізгі бағыттары:
мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін қалыптастыру, ежелгі және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізу, оларды туризм инфрақұрылым жүйесіне енгізу;
өлкенің қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, тұмшалау мен пайдалану;
Маңғыстау тарихи-мәдени қорықтан өлкедегі мәдени мұраны қорғау бөлімін ашу.
3.1. Өлкедегі ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту
Өлкедегі ұлттық тарихи ескерткіштерді қайта жаңғырту мақсатында айрықша мәні бар "Масат Ата", "Шопан Ата", "Шақпақ Ата" ескерткіштеріне кешенді ғылыми-мәдениет тану зерттеулерін ұйымдастыру, сондай-ақ "Үлкен құдық", "Қос құдық", "Қызыл қала" және т.б. сияқты қорымдар мен қоныстарға археологиялық зерттеулер жүргізу жүзеге асырылады.
"Маңғыстау облысы тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің дестесі" кітабын баспаға дайындау және шығару жөнінде жүйелі жұмыс атқарылады.
3.2. Өлкенің мәдени мұрасын зерделеудің тұтастай жүйесін құру
Өлкенің аса көрнекті ғұлама ойшылдарының мұрасын зерделеу үшін, сондай-ақ тарихи және мәдени құндылығы бар мұрағаттық құжаттарды (көшірмелерін) табу және сатып алу үшін алыс және таяу шетел мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.
3.3. Өлкедегі ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет пен әдеби басылымдар сериясын әзірлеу
"Қырымның қырық батыры" дастанын Мұрын жырау вариантымен, "Таспен жазылған тарих", "Маңғыстаудың суға қатысты жәдігерлері" және "Маңғыстау шежіресі" кітаптарын жарыққа шығару көзделеді.
4. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.
Қаржыландырудың жалпы көлемі - 279,5 млн.теңге, оның ішінде: 2004 жылы - 3,0 млн.теңге, 2005 жылы - 101,5 млн.теңге, 2006 жылға - 175,0 млн.теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың көлемі 2005-2006 жылдары тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады.
5. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Өлкедегі тарих пен мәдениеттің 200-ден астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылатын болады;
өлкедегі ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады;
мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі жұмыс жанданатын болады;
мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін құру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады;
облыста "Мәдени мұра" орталығы құрылатын болады;
"Қырымның қырық батыры" дастаны Мұрын жырау вариантымен жарыққа шығатын болады;
"Таспен жазылған тарих", "Маңғыстаудың суға қатысты жәдігерлері", "Маңғыстау шежіресі" сияқты кітаптар жарыққа шығатын болады;
деректер базасы жасалып, тарихи-мәдени ескерткіштер туралы аңыз - әңгімелер жинақталып, олар жүйеге келтіріліп, "Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің дестесі" кітабы шығарылатын болады;
аса құнды, өте сирек кездесетін ерекше үлгідегі қолданбалы өнер жәдігерлерінің көшірмелері жасақталатын болады;
қазақтың асыл мұрасының бірі - киіз үй мұражайы ашылатын болады;
республика мен ТМД көлеміндегі өлкенің тарихы, әдебиеті мен мәдениеті туралы басылымдарды іздестіріп, жинақтау және қорға алу бағытында экспедициялар ұйымдастырылады;
аймақтағы өткеннің аса көрнекті ғұлама ойшылдарының мұрасын зерделеу үшін, тарихи-мәдени құндылығы бар мұрағаттың құжаттарын (көшірмелерін) табу және сатып алу үшін алыс және таяу шетел мұрағаттарына экспедициялар ұйымдастырылатын болады;
елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған өлкенің аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттарының фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманға аудиотаспаларға көшірілетін болады;
"Маңғыстау әндері", "Маңғыстау күйлері" антологиялары жарыққа шығарылатын болады.
6. Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" Аймақтық бағдарламасын іске асырудың шаралар жоспары
N |
Іс шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына (іске асырылуына) жауаптылар |
Орындалу (іске асырылу) мерзімі |
Болжанып отырған шығыстар, млн.теңге |
Қаржылан дыру көзі |
||
2004 |
2005 |
2006 |
||||||
І |
ІІ |
ІІІ |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
І. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерін қайта жаңғырту |
||||||||
(республикалық мәртебедегі ескерткіштер бойынша) |
||||||||
1 |
Маңғыстау ауданындағы Бозашы түбегіндегі Көкімбет төбелі тамын қайта қалпына келтіру |
Консервация |
"Маңғыстау- реставра-
|
2005-2006 |
|
4,0 |
6,0 |
ОБ |
2 |
Үстірттің батыс шыңдарының жиегіндегі "Қос мола" күмбез тамын қайта қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
4,0 |
6,0 |
ОБ |
3 |
"Масат-Ата" қорымындағы N 372 күмбез тамды қайта қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
3,0 |
4,0 |
ОБ |
4 |
Түпқараған ауданындағы "Долы-апа" күмбез тамын қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
3,0 |
4,0 |
ОБ |
(жергілікті мәртебедегі ескерткіштер бойынша) |
||||||||
5 |
Бейнеу ауданындағы " Мықтыбай" күмбез тамын қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
2,0 |
3,0 |
ОБ |
6 |
Маңғыстау ауданындағы "Дауысты" күмбез тамын қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
2,0 |
3,0 |
ОБ |
7 |
Түпқараған ауданындағы "Кенты-баба" қорымындағы күмбез тамды қалпына келтіру |
Реставрация, консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
0,5 |
1,0 |
ОБ |
8 |
Маңғыстау ауданының "Тобықты" жеріндегі "Бекет-Ата" мешітін қалпына келтіру |
Реставрация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005 |
|
2,0 |
|
ОБ |
9 |
Қарақия ауданының Сенек ауылындағы "Ақ отау", "Мешіт", "Қалыш Нұрбергеновтің мавзолей үйі", "Тұрғын үй" ескерткіштерін қалпына келтіру |
Реставрация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
2,0 |
3,0 |
ОБ |
10 |
Форт - Шевченко қаласындағы мемориалдық кешенді қалпына келтіру жұмыстары |
Реставрация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2006 |
|
|
1,5 |
ОБ |
11. |
Ақтау қаласындағы "Алтықұлаш әулие" қорымына консервация жұмыстарын жүргізу |
Консервация |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2006 |
|
|
1,0 |
ОБ |
Кешенді жөндеп, қайта қалпына келтіруді қажет ететін республикалық мәртебедегі ескерткіштер бойынша |
||||||||
12 |
Маңғыстау ауданындағы "Масат-Ата" қорымына кешенді жөндеу |
Кешенді жөндеу, қалпына келтіру |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
4,0 |
6,0 |
ОБ |
13 |
Маңғыстау ауданындағы "Сисем-ата" қорымына кешенді жөндеу |
Кешенді жөндеу |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
7,0 |
13,0 |
ОБ |
Кешенді жөндеп, қалпына келтіруді қажет ететін жергілікті мәртебедегі ескерткіштер бойынша |
||||||||
14 |
Түпқараған ауданындағы "Жамбауыл" қорымына кешенді жөндеу |
Кешенді жөндеу, қалпына келтіру |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
3,0 |
2,0 |
ОБ |
15 |
Түпқараған ауданындағы "Қарағашты әулие" қорымына кешенді жөндеу |
Кешенді жөндеу, қалпына келтіру |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2005-2006 |
|
3,0 |
2,0 |
ОБ |
16 |
Түпқараған ауданындағы "Шақпақ-ата" мешітін жөндеу |
Жөндеу жұмыстары |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2006 |
|
|
2,0 |
ОБ |
17 |
Өлкедегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қоршау (3 ескерткіш) |
Құрылыс жұмыстары |
"Маңғыстау- реставрация" МКК |
2004-2006 |
1,0 |
3,0 |
4,0 |
ОБ |
БАРЛЫFЫ: |
1,0 |
42,5 |
61,5 |
|
||||
ІІ. Өлкенің мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесін жасау |
||||||||
18 |
Өлкеміздің мәдени мұрасын зерттеу, жинақтау арқылы "Маңғыстау әндері" атты антология шығару |
Жинақ шығару |
ОFӘ және МҚКО, Облыстық филармония |
2004-2006 |
1,0 |
2,0 |
3,0 |
ОБ |
19 |
Маңғыстаудың өнер тарландарының тірі дауыстары мен өздері орындаған шығармаларын жинақтау |
Компакт-дискіге жазу |
ОFӘ және МҚКО, Облыстық филармония |
2004-2006 |
1,0 |
4,0 |
1,0 |
ОБ |
20 |
Маңғыстау күйлері бойынша аңыз-әңгімелер мен олардың ноталарын жинақтап, "Маңғыстау
|
Жинақ шығару |
ОFӘ және МҚКО, Облыстық филармония |
2004-2005 |
|
3,0 |
|
ОБ |
21 |
ҚР-ның радиосы мен телевизиясы қорында-
|
Компакт-дискіге жазу |
ОFӘ және МҚКО, Облыстық филармония |
2005-2006 |
|
3,0 |
5,0 |
ОБ |
БАРЛЫFЫ: |
2,0 |
12,0 |
9,0 |
|
||||
ІІІ. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияларын әзірлеу |
||||||||
22 |
"Қырымның қырық батыры" дастанын Мұрын жырау вариан-
|
Жинақ шығару |
Облыстық мәдениет басқармасы |
2004-2006 |
|
3,0 |
3,0 |
ОБ |
23 |
"Таспен жазылған тарих" атты Сисем- Ата кешенді ескерткіші туралы танымдық
|
15баспа табақтық тарихи - баян шығару |
Облыстық мәдениет басқармасы |
2005-2006 |
|
0,5 |
0,5 |
ОБ |
24 |
"Маңғыстаудың суға қатысты жәдігерлері" кітабын әзірлеу |
12баспа табақты ғылыми- монография шығару |
Облыстық мәдениет басқармасы |
2005-2006 |
|
0,5 |
0,5 |
ОБ |
25 |
"Маңғыстау шежіресі" кітабын шығару |
15 баспа табақтық кітап шығару |
Облыстық мәдениет басқармасы |
2005-2006 |
|
1,0 |
1,0 |
ОБ |
3.1. Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері |
||||||||
26 |
Түбежік-І, Түбежік-ІІ, "Меретсай", "Дікілтас" археологиялық ескерткіштерінің музейін жасау, оларға туристік маршруттар ашу |
Музей жасау, туристік маршруттар ашу |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2005 |
|
2,0 |
|
ОБ |
27 |
Қарақия ауданындағы
|
Зерттеулер |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2005 |
|
1,0 |
|
ОБ |
28 |
Маңғыстау ауданындағы "Қызыл қала" орта ғасырлық қорғанына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу |
Археологиялық қазба жұмыстары |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2005-2006 |
|
1,5 |
1,0 |
ОБ |
29 |
"Қосқұдық" қойылымына тарихи- археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу |
Зерттеулер |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2005-2006 |
|
1,0 |
2,0 |
ОБ |
30 |
"Маңғыстау облысының
|
Жинақ шығару |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2005-2006 |
|
15,0 |
10,0 |
ОБ |
31 |
Ақтау қаласында тарихи-мәдени парк салу |
Құрылыс жұмыстары |
Облыстық мәдениет басқармасы |
2005-2006 |
|
10,0 |
55,0 |
ОБ |
32 |
"Маңғыстау ескерткіштері" атты тұрақты экспозиция - көрме жасақтау |
Экспозиция - көрме |
Маңғыстау тарихи-мәдени қорық |
2004 -2005 |
|
2,0 |
|
ОБ |
3.2. Этнография және антропология |
||||||||
33 |
Маңғыстау жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер туралы аңыз, деректер жинақтап, оларды бір жүйеге келтіру,
|
Басылымдар шығару |
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
2005-2006 |
|
0,5 |
0,5 |
ОБ |
34 |
"Маңғыстау зергерлік
|
Каталогтар (тізімдеу) жасақтау |
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
2005-2006 |
|
0,5 |
0,5 |
ОБ |
35 |
Аса құнды, өте сирек кездесетін ерекше үлгідегі ұлттық жәдігерлердің
|
Көшірмелер жасату |
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
2005-2006 |
|
2,0 |
2,0 |
ОБ |
36 |
Қазақтың асыл мұрасының бірі - киіз үй мұражайын жасақтап, ашу |
Мұражай ашу |
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
2005-2006 |
|
2,0 |
3,0 |
ОБ |
3.3. Мұрағат және кітапхана ісі |
||||||||
37 |
Республика мен ТМД көлеміндегі өлкенің тарихы, әдебиеті, мәдениеті туралы басылымдарды жинақ-
|
Экспедициялар ұйымдастыру, құжаттарды қорға алу |
Облыстық әмбебап кітапхана |
2005-2006 |
|
1,5 |
1,5 |
ОБ |
38 |
Аймақтағы бұрынғы аса көрнекті ғұлама ғалымдарының, ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ тарихи және мәдени құндылығы бар мұрағат құжаттарын (көшірмелерді) іздеу және иелікке алу үшін алыс және таяу шетел мұрағаттарына экс-
|
Экспедициялар ұйымдастыру, құжаттарды қорға алу |
Облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі |
2005-2006 |
|
3,0 |
2,0 |
ОБ |
39 |
Облыстық мұражай жанынан (Ақтау қаласы 9 ш/а) "Мәдени мұра" орталығын салу |
Құрылыс |
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы |
2006 |
|
|
22,0 |
ОБ |
БАРЛЫFЫ: млн.тн. 47,0 104,5 |
||||||||
ЖИЫНЫ: млн.тн. 3,0 101,5 175,0 |