Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 -II, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 -I, "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204 -I Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Оралмандардың отбасыларына беру үшін тұрғын үйлер сатып алуға, салуға, оларды қайта жаңартуға және күрделі жөндеуден өткізуге 2003 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу туралы" 2003 жылғы 19 тамыздағы N 831 қаулысына , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы балансында тұрған, 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына берілген, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданындағы тұрғын үйлер мен пәтерлер Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданы әкімдерінің тұрғын үй қорларына өтеусіз берілсін.
<*>
Ескерту: 1-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы
N 231-қ
қаулысымен.