Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14 бабы 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2004-2006 жылдары Маңғыстау облысы бойынша орманды жанама пайдаланғаны үшін төлем мөлшері Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жасаған, облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасымен келісілген есептеулер негізінде бекітілсін (қоса беріліп отыр).
"Орманды жанама пайдаланғаны үшін
төленетін төлем мөлшері туралы"
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2004 жылғы 27 қазандағы N 7/113
шешіміне қосымша
Маңғыстау облысы бойынша 2004-2006 жылдары орманды жанама
пайдаланғаны үшін төленетін төлем
р/с |
Орман қоры |
Өлшем бірлігі |
Әр бірліктің бағасы теңгемен |
1. |
Шабындық : |
|
|
|
а) түсімділігі 1 га-дан 2,5 цн. дейін |
га |
60 |
|
б) түсімділігі 1 га-дан 2,6-5,0 цн. дейін |
га |
100 |
|
в) түсімділігі 1 га-дан 5,0-8цн. дейін |
га |
140 |
2. |
Жайылым: |
|
|
|
а) құнары 4 цн. жоғары |
га |
14 |
|
б) орташа құнарлы 1 га-дан 2-4 цн. дейін |
га |
10 |
|
в) құнарсыз 1 га-дан 1-2,0 цн. дейін |
га |
6 |
3. |
Орман-тоғай өспеген жерлер: |
га |
4 |
1. Шабындық жер мен шөп тасымалданатын орынның қашықтығына байланысты белгіленген төлемге мынадай үстеме алынады:
10 км дейін 1,3
10 км-ден 25 км - ге дейін 1,2
25 км-ден 40 км-ге дейін 1,0
40 км-ден 60 км-ге дейін 0,8
60 км - ден жоғары 0,6
2. Ұзақ мерзімге пайдалануға берілген шабындық және жайылымдық жерлер мен ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылмайтын уақытша қолданысқа берілген жерлер үшін тиісті жер категориясына байланысты белгіленген бағаның екі еселенген төлемі алынады.
3. Бір гектар орманды жерді пайдаланғаны үшін төленетін төлем мөлшерін анықтауда "Казгипролесхоз" институтының Орман, балық және аң шаруашылығы комитетімен келіскен, сондай-ақ, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі 03.05.1995 жылы бекіткен әдістемелік нұсқаулықтар мен Маңғыстау облысының мал азығын дайындаудағы ерекшеліктері ескерілді.
Мысалы: Өнімділігі гектарына 2,5 цн.-ден болғанда 100 га шабындық жерден 250 цн. шөп дайындалады. Шөп шабушы 100 га шабындық жерге 60 теңгеден барлығы 6000 теңге төлейді. Бір центнер шөп үшін 24 теңге (6000:250 цн.) төлейді. Облыс көлеміндегі шаруашылық құрылымдарында 1 цн. шөптің өзіндік құны 450-500 теңге аралығында болатынын және сатылатын 22-25 кг-дық бір орам шөптің бағасы 150 теңге екенін ескеріп, салыстырма жасағанда бұл баға қымбат емес.
Мал азығы дайындалатын жер мен тасымалданатын орынның ара қашықтығына байланысты жеңілдіктер қарастырылған.