Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабының негiзiнде, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайлар кезiндегi әрекет және алдын алудың аудандық жүйесiн одан әрi жетiлдiру, авариялар, апаттар мен дүлей зiлзалалардан халықты және аудан аумағын қорғау мәселелерi бойынша ұйымдар мен мекемелердiң әрекеттерiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағының 8,17 тармақшаларына сәйкес Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын, комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге ұсынылсын.
2. Қоса берiлiп отырған төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
3. Науырзым ауданы әкiмiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N№14 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1691, шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсiн.
Аудан әкiмi
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2004 жылғы 26 қаңтардағы
қаулысымен бекiтiлген
Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кеңесшi-мәжiлiстiк орган болып табылады және ол авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалардың салдарынан болуы мүмкiн төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою төңiренгiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiнен ұсыныстар дайындау мақсатында құрылады.
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын , осы Ереженi және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
3. Комиссия өзiнiң құзырын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырады.
4. Комиссияға аудан әкiмiнiң орынбасары жетекшiлiк етедi.
2.Комиссияныњ негiзгi мiндеттерi
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi келесi мәселелер жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады:
1) авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалардан болуы мүмкiн төтенше жағдайлардығ алдын алу мен жою төңiрегiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың күштерi мен құралдарын құру және дамыту төңiрегiнде бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу;
3) аудан аумағы мен тұрғындарын авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалардан болуы мүмкiн төтенше жағдайлардан қорғауға және қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шараларды қалыптастыру;
4) төтенше оқиғалар кезiндегi әрекет пен алдын алу жүйесiн алдағы уақытта да дамытудың және жетiлдiрудың басты бағыттарын анықтау;
5) авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалардың салдарынан жапа шеккен, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан азаматтарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мәселелерi бойынша кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдардыњ әрекеттерiн үйлестiру.
6. Комиссия құқылы:
1) төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою төңiрегiнде кәсiпорындардың, мекемелерiң және ұйымдардың әрекеттерiн үйлестiру жөнiнен ұсыныстар енгiзуге;
2) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобасын дайындауға қатысуға;
3) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларын тыңдауға;
4) кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдардың төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерi жөнiндегi мақсатты бағдарламаларының орындалуына талдау жүргiзуге, оның iшiнде бағдарламалың шаралардың орындалуына бюджеттен бөлiнген қаржылардың жұмсалуына талдау жасауға;
5) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою сұрақтары жөнiнен аналитикалық, эксперттiк және басқа да жұмыстарды орындау үшiн ауданның кәсiпорындары, мекемелерiң мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келiсе отырып) тартуға.
4. Комиссияның әрекетiн ұйымдастыру
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның хатшысына жүктеледi.
8. Комиссия өз әрекетiн төраға бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
9. Комиссия отырыстары тоқсан сайын бiр реттен және қажеттiлiкке қарай өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
10. Комиссия аудан әкiмиятының қаулысын қабылдауды талап ететiн сұрақтар бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның төрағасы арқылы белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныс жасайды.
11. Комиссия өзi қарайтын және шешетiн ең маңызды деген сұрақтар жөнiнен аудан әкiмияттың өнемi хабардар етiп тұрады.