Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес құру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 28 қаңтардағы N 36/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда N 2265 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 6 маусымдағы N 172/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 6 маусымдағы N 172/7 қаулысымен.

      Облыстық Мәслихаттың (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 166/2 шешiмiмен (2004 жылғы 20 қаңтардағы МТН 2214) бекiтiлген облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi Кеңестiң Ережесi бекiтiлсiн.
      3. Кеңестiң дербес құрамы заңнамамен бекiтiлген тәртiпте облыстық Мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ.Нұрпейiсов

Облыс әкiмдiгiнiң          
2004 жылғы 28 қаңтардағы        
"Облыста индустриялық-инновациялық  
қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес туралы"
N 36/2 қаулысымен бекiтiлген       

Облыста индустриялық-инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңестiң ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Облыста индустриялық - инновациялық қызметтi үйлестiру жөнiндегi кеңес (бұдан әрi-Кеңес) облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады және облыстық Мәслихаттың (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 166/2 шешiмiмен бекiтiлген облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру үшiн құрылды.
      2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Кеңестiң жеке құрамын облыстық Мәслихат бекiтедi.
      4. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары

      5. Мыналар:
      1) облыстың индустриялық-инновациялық дамуының негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
      2) индустриялық-инновациялық дамудың басымдықты бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, кадрларды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      3) инновациялық инфрақұрылымды және инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде ұсынымдар дайындау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
      6. Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) облыстың индустриялық-инновациялық дамуы бойынша, атап айтқанда:
      жаңа жоғары технологиялық өндiрiстер мен қосылған құны жоғары өндiрiстердi әзiрлеу және енгiзу басымдықты бағыттар жөнiнде;
      жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жөнiнде;
      облыстағы индустриялық-инновациялық қызметтi ақпараттық, әдiснамалық және нормативтiк қамтамасыз ету жүйелерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiнде басқа да ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) облыстық инновациялық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады.
      7. Қойылған мiндеттердi және өзiнiң функцияларын орындау мақсатында Кеңестiң мыналарға:
      1) өз құзыретi шегiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте облыстың мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан тиiстi ақпарат сұратуға;
      2) қажетiне қарай инвестициялық жобаларды сараптау жөнiндегi жұмыс топтарын құруға құқығы бар.

3. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      8. Кеңестi төраға (облыс әкiмi) басқарады.
      9. Төраға Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшы-лық жасайды, Кеңеске жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өзiнiң функциялары жүзеге асырылуы үшiн дербес жауап бередi, өз құзыретi шегiнде Кеңестiң барлық мүшелерi бiрдей орындауға мiндеттi тапсырмалар мен нұсқаулар бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
      10. Облыс экономика департаментi өзiнiң құзыретiне және функцияларына сәйкес Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
      11. Кеңестiң мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      12. Кеңестiң шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады, егер мәжiлiсте Кеңес мүшелерi немесе олардың өкiлдерiнiң көпшiлiгi дауыс берген болса, шешiм қабылданған болады.
      Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда, төраға дауысы шешушi болып табылады.
      Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Кеңестiң мәжiлiсi заңды деп саналады.
      13. Кеңес шешiмдерiнiң қорытындылары бойынша төраға немесе оның орнындағы тұлға қол қоятын хаттамалар ресiмделедi.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол жазбаша түрде баядалуы тиiс.

4. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      14. Кеңестiң қызметi заңнамамен белгiленген тәртiпте тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады