Автомотокөлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мемлекеттiк техникалық тексеру өткiзудi ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 13 ақпандағы N 50/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2004 жылғы 25 ақпанда N 2314 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 178/13 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 20 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы көлiк құралдарына мемлекеттiк техникалық тексеру өткiзудi жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар туралы" N 1206 қаулысын орындау үшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыстың iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша):
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1999 жылғы 22 қарашадағы "Автомотокөлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мемлекеттiк техникалық тексеру өткiзу Ережесiн бекiту туралы" N 587бұйрығына сәйкес автомотокөлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық тексерудi өткiзу қамтамасыз етсiн;
      жыл сайын, 20 қарашаға дейiн, мемлекеттiк техникалық тексеру қорытындылары бойынша облыс қаржы ұйымдарына белгiленген нысандағы жиынтық есептi ұсынатын болсын.
      2. Коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi, қалалар мен аудандар әкiмдерi iшкi iстер органдарына автомотокөлiк құралдары мен олардың тiркемелерiне мемлекеттiк техникалық тексеру өткiзуде көмек көрсететiн болсын.
      3. Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы "2003 жылы автомотокөлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мемлекеттiк техникалық тексеру өткiзудi ұйымдастыру туралы" N 18/2 қаулысының (2003 жылғы 27 ақпандағы 1660 МТН) күшi жойылған деп есептелсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф.Вербнякқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ.Нұрпейiсов

      Келiсiлдi:

      Облыс iшкi iстер
      басқармасының бастығы М.Тұмарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады