Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 39/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" және 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған орта ны қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, жануарлар әлемiн тиiмдi пайдалану мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 22 сәуiрдегi "Облыстың бекiтiлген аңшылық жерлерiн "Павлодар аңшылар мен балықшылар қоғамы" қоғамдық бiрлестiгiне бекiту туралы" N 101/5
қаулысына
(2002 жылғы 14 мамырдағы МТН 1208) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
3-бағанда:
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "21000" деген сан "321000" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 11-жолдағы "230000" деген сан "430000" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 11-жолдағы 4-баған "Көктөбе" деген сөзбен толықтырылсын.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов