Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес және Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылқы 16 қаңтардағы N 4-20 бiрлескен шешiмi негiзiнде, облыстық мәслихат және облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылғысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2 бөлiмше (Мирный ауылы) мен Алексеевка ауылы елдi мекен мәртебесiнен айрылуларына байланысты таратылсын және кейiн есептiк деректерден шығарылсын.
2 бөлiмше (Мирный ауылы) Красноармейка ауылдық округiнiң Красноармейка ауылының құрамына енгiзiлсiн.
Алексеевка ауылы Мичурин ауылдық округiнiң Мичурин ауылының құрамына енгiзiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн сақтау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Н. Шабрат
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров