Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Ертiс ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы (III сайланған VIII сессиясы) N 39-8-3/18 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 29 қарашадағы "Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 289/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Павлодар облысы Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Панфилов ауылдық округiнiң Аққұдық ауылы, Луговской ауылдық округiнiң N 1 фермасы, Майқоңыр ауылдық округiнiң N 1 бөлiмшесi, Тоқта ауылдық округiнiң Қызыл-Сарай ауылы, Амангелдi ауылдық округiнiң Ақсу және Шолақсай ауылдары, Қарақұдық ауылдық округiнiң N1 фермасы, Қоскөл ауылдық округiнiң Жарсор ауылы елдi мекен мәртебесiнiң айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерiнен шығарылсын.
Панфилов ауылдық округi Аққұдық ауылының аумағы Панфилов ауылдық округi Панфилов ауылының құрамына, Луговской ауылдық округi N 1 фермасының аумағы Луговской ауылдық округi Луговое ауылының құрамына, Майқоңыр ауылдық округi N 1 бөлiмшесiнiң аумағы Майқоңыр ауылдық округi Майқоңыр ауылының құрамына, Тоқта ауылдық округi Қызыл-Сарай ауылының аумағы Тоқта ауылдық округi Тоқта ауылының құрамына, Амангелдi ауылдық округi Ақсу және Шолақсай ауылдарының аумағы Амангелдi ауылдық округi Амангелдi ауылының құрамына, Қарақұдық ауылдық округi N 1 фермасының аумағы Қарақұдық ауылдық округi Қарақұдық ауылының құрамына, Қоскөл ауылдық округi Жарсор ауылының аумағы Қоскөл ауылдық округi Қоскөл ауылының құрамына енгiзiлсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров