Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес,халықтың мақсатты топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шараларды белгiлеу мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қала әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 20 ақпандағы "Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары туралы" N 51/5 қаулысына (облыстың әдiлет басқармасымен 2003 жылғы 21 наурызда N 1693 тiркелген, 2003 жылғы 3 сәуiрде қалалық "Ақжол - Новый путь" газетiнде жарияланған) келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Қала әкiмдiгiнiң көрсетiлген қаулысының 1-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған:
1) Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
2) Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi бекiтiлсiн.";
2) Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
3) Қала әкiмдiгiнiң көрсетiлген қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларында:
1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) мақсатты топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңмен және жұмысқа орналасуда қиындықтармен зардап шегушi және әлеуметтiк қорғауды талап етушi ретiнде жергiлiктi атқарушы органмен белгiленген тұлғалардың тобы.".
2. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә. Әбеновке жүктелсiн.
Қала әкiмi | Е. Оразалинов |
Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
1. 24 жасқа дейiнгi жастағы жастар.2. 50-ден асқан тұлғалар.
3. ДКК (дәрiгерлiк консультативтiк комиссия) анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулерi бар тұлғалар.
4. Бiрде бiр жұмыс iстейтiнi жоқ аз қамтылған отбасылардың жұмыссыздары.
5. Бiр жылдан аса жұмыс iстемеген тұлғалар.