Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 167/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына, қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңына, Ақсу қалалық мәслихатының (XIV сессиясы, II шақырылған) 2002 жылғы 1 ақпандағы N 18/14 шешiмiмен бекiтiлген 2002-2004 жылдарға арналған Ақсу қаласының тұрғындарды жұмыспен қамту қалалық бағдарламасына сәйкес, тұрғындардың мақсатты топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шараларды белгiлеу мақсатында қала әкiмдiгi қАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
2) Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақсу қалалық әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы N 47/3 қаулысымен.
2. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап екi апта мерзiм iшiнде қалалық "Ақжол - Новый путь" газетiнде жариялануға жатады. қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының жариялануын бақылау қала әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң бастығы И.В.Кудашкинаға жүктелсiн.
3. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә.Әбеновке жүктелсiн.
Қала әкiмi
"Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары туралы"
қала әкiмдiгiнiң 2003 жылғы
20 ақпан N 51/5 қаулысымен
БЕКIТIЛДI
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидалары
Осы қағидалар тұрғындардың мақсатты топтарының iшiндегi табысы аз жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн анықтайды, негiзгi шарттары мен әлеуметтiк жұмыс орындарын беретiн ұйымдармен (меншiк нысанына қарамастан) есеп-айырысу жүйесiн реттейдi және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" (әрi қарай - "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңы), 1999 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңдарының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде әзiрленген.
1. Осы қағидаларда қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) әлеуметтiк жұмыс орны жұмыспен қамту басқармасында тiркелген тұрғындардың мақсатты топтарының iшiнен табысы аз жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi жұмыс берушiнiң қабылданған жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеуге жiберген шығынын iшiнара (50 %) немесе толық өтемақымен бюджеттiң қаражаты есебiнен жұмыс берушiлердiң беретiн жұмыс орны;
2) мақсатты топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңмен және жұмысқа орналасуда қиындықтармен зардап шегушi және әлеуметтiк қорғауды талап етушi ретiнде жергiлiктi атқарушы органмен белгiленген тұлғалардың тобы.
Ескерту. 2-тармақша жаңа редакцияда - Ақсу қалалық әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы N 47/3 қаулысымен.
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актiлерi таратылды.
3. Тұрғындардың мақсатты топтары iшiндегi жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберудi жұмыспен қамту басқармасы олардың келiсiмiмен жүзеге асырады.
2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртiбi
4. Тұрғындардың мақсатты топтары iшiндегi жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн, осы жұмыс орнына алынған жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы шығындары қалалық бюджет қаражатынан iшiнара немесе толығымен өтелген жағдайда, өз қаражатынан қаржыландырылатын жұмыс берушiлер әлеуметтiк жұмыс орындарын бередi.
5. Жұмыспен қамту басқармасы жұмыс берушiлермен тұрғындардың мақсатты топтары iшiндегi әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы шығындарының iшiнара өтемдерiн өтеуге қызмет көрсету жөнiнде шарт жасайды.
6. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастыруды қамтамсыз ету және олардың еңбегiне ақы төлеуге көзделген бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында, қала әкiмдiгi тұрғындардың мақсатты топтары iшiндегi жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары беретiн жұмыс берушiлердiң жазбаша келiсiмiмен ұйымдардың тiзбесiн анықтайды.
7. Кәсiпорындармен және ұйымдармен әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмыссыз азаматтар заңнамада бекiтiлген тәртiпте жұмыспен қамту басқармасының есебiнен алынады.
3. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi және шарттары
8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру көздерi жұмыс берушiлердiң қаражаттары мен қалалық бюджет болып табылады.
9. Әлеуметтiк жұмыс орындарына алынған жұмысшылардың еңбекақыларының мөлшерi кәсiпорындардағы осы мамандық бойынша қолданыстағы мөлшерлемелер мен айлықақыларға және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес. қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ақы төлеудiң мөлшерi ең төмен жұмысақыдан 50 пайыз жоғары болса, жұмыс берушi өз қаражатынан қосымша төлемдi жүргiзедi.
10. Жұмыс берушiлер әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыз азаматтардың еңбекақысына шығындарының орнын, белгiленген жұмысақыдан 50 пайыз мөлшерiнде қалалық бюджет қаражатынан толтырады, бiрақ республика бойынша 6 ай мерзiмiне белгiленген ең төмен жұмысақыдан көп емес. Бюджеттiк қаражаттарды аудару жөнiндегi есеп айырысу жұмыс берушiлердiң есеп айырысу шоттарына жүргiзiледi.
4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртiбiне және қаржыландыруға бақылау
11. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртiбiн сақтауға және қаржыландыруға бақылауды қолданыстағы заңнамадағы тәртiпте мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары туралы
қала әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
20 ақпандағы N 51/5 қаулысына
ҚОСЫМША
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - Ақсу қалалық әкімиятының 2004 жылғы 26 ақпандағы N 47/3 қаулысымен.
Мақсатты топтарға жататын
тұлғалардың қосымша тiзбесi
1. 24 жасқа дейiнгi жастағы жастар.
2. 50-ден асқан тұлғалар.
3. ДКК (дәрiгерлiк консультативтiк комиссия) анықтамалары бойынша еңбек етуде шектеулерi бар тұлғалар.
4. Бiрде бiр жұмыс iстейтiнi жоқ аз қамтылған отбасылардың жұмыссыздары.
5. Бiр жылдан аса жұмыс iстемеген тұлғалар.